Менің мамандығым – менің болашағым
Мамандық дегеніміз не?
Мамандық дегеніміз – адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы.
· Білім алу, үйрену.
· Адамды материалдық жағынан қамтамасыз ететін іс-әрекет түрі.
· Адамның сол мамандыққа қабілетінің сай келуі, білгілі бір іскерліктердің болуы.
Өз ісін жақсы көріп,үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді.
Менің мамандығым - мұғалім
Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес, адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін ұғым. Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер – тағылымы терең ұғым. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Дүниедегі сыйлы адам да ұстаз. Себебі, шәкірт өнер, білім, тәрбие үйреткен адамының алдында өзін өмір бойы қарыздармын деп санап ұстазын сыйлап, ардақтап өтеді.
«ЖШС Каспий өңірі „Болашақ” колледжі»
Колледж миссиясы
Еңбек нарығында Республика аумағында, оның ішінде Маңғыстау облысы бойынша экономиканың дамуына өз үлесін қосатын азаматтық және адамгершілігі мол, сапалы, инновациялық жаңаша ойлайтын, өз мамандығына тәжірибелік бағытталған қабілетті тұлғаны дайындау.
Бастауыш білім беру
СТУДЕНТТІК ӨМІРГЕ ҚАДАМ
Студенттік өмір деген ғажайып,
Өткізетін тәтті сәттер молайып,
Отырамыз әлі талай сағынып,
Студенттік күндер-ай деп ғажайып .
Колледжішілік шараларынан естеліктер
Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген, Бар тіршілік бақытты ұстазбенен. Ұстазды жеткізгенше мұратына, Білім іздеп лапылдап ЖАНА БЕРЕМ.
Тәжірибелік кезең
Тәжірибеден өту барысындағы көңілді
тәрбиелік кештер
Ұстаз бала алдында өзінің жүріс-тұрысымен, киім киісімен, сөйлеу шеберлігімен, дауыс ырғағымен яғни барлық жағынан үлгі болуы қажет. Мамандықтың шынайы иесі болу үшін көп қиындықтардан өтеді. Қиын дейтінім: әр сабағыңа жете дайындалып, балаларға білім беріп қана қоймай, тәлім-тәрбие беру, өмірге икемдеу, адалдыққа баулу, адамгершілік қасиеттерді бойына дарыту. Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің ?!
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе
Қызыққаннан келмей ме, жүре бергің?!
Сондықтан да келеді біле бергім...
Үйренгенім
Спорт – салауатты өмір салты
Ұлағатты ұстаз – жанға шуақ
Ұстаз – қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Олар ол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты тұлғаларды тәрбиелеуде. Біздің, болашақ ұстаздардың алдында өміріміздің аса бағалы иелері, болашағымыз, еліміздің ертеңі, жас өркендеріміз білім алуда. Жаңа заманға сай жігерлі де намыстыұл дарымызды, инабатты да ибалы қыздарымызды білім нәрімен сусындатып, қазақы болмысымызбен тәрбиелеу міндетіміз.
Назарларыңызға рахмет!