«Менің тұңғыш Президентім» атты 1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының мақсаты:
- Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мғлұмат беру;
- Еліміздің еңсесін тіктетіп, мемілекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүйюге, ержүректілікке, азаматтылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
- білім алушылардың жүрегеніде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
(Фанфар)
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен білім алушылар!
2-жүргізуші: Ассаламағалейкум халқым менің,
Жайнаған жүрегімде жарқыл ма едің,
Тірлігің өз халқыңа жаңа тиді.
Ендігі елдігіңнен тартынба елім.
1-жүргізуші: Как повезло тебе и мне,
Мы родились в такой стране,
Где люди все - одна страна, семья,
Куда не глянь - кругом друзья!
2-жүргізуші: Елге үлгі бола білген – Елбасы,
Кемеңгер қазақ хандарының – жалғасы.
Сіздің кемел саясатыңыздың жолымен,
Өрге қарай домалады ел тасы.
1-жүргізуші: Ол Ана ұл тумапты, нұр туыпты
Бүгінгі өзек болар дастаныма.
Ол ұлдың заты – Нұрдан, аты – Сұлтан!
Кеш туған зарықтырып уақытынан.
2-жүргізуші: сонымен 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш президент күніне арналған салтанатты ашық деп жариялаймыз!
(Гимн + видео)
1-жүргізуші: Күнді құшқан қас қыран,
Аясында қалқыған
Аспан түсті туым бар
Көк теңіздей шалқыған
2-жүргізуші: Азаттық, теңдік әлемі,
Шаттыққа елді бөледі.
Тағдыры тарих өрелі
Көк тудың желбірегені
1-жүргізуші: алдарыңызда «Көк тудың желбірегені» әнімен __ топ білім алушысы ___________.
(Көк тудың желбірегені - ән + видео, ту ұстаған білім алушылар залда жүріп өтіп тұрады)
1-жүргізуші: Қазақстан мемлекетінің Тұңғыш Президенті күні мерекесіне байланысты құттықтау сөз колледж директоры __________________ беріледі.
(Директор сөзі)
1-жүргізуші: да, Данель аға, повезло народу Казахстана, что в столь значимое историческое время и в его исторической судьбе на политическую арену вышел такой лидер, как Нурсултан Назарбаев. Он носит почетное звание «Лидер Нации».
2-жүргізуші: Елі құрмет тұтқан, Елағамыз,
Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық.
(Елбасының өмірбаяны +слайд + музыка)
1-жүргізуші: 6 июля 1940 года на жайляу Ушконыр в Заилийском Алатау в семье Абиша и Альжан Назарбаевых родился долгожданный мальчик, которого родители назвали Нурсултаном.
2-жүргізуші: Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұт-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.
1-жүргізуші: В школе Нурсултан учился очень прилежно и с интересом. Затем он с отличием закончил профессионально-техническое училище и стал металлургом.
2-жүргізуші: Жас Назарбаев өте жақсы білім алып, «от - жалынды» мамандықты игеріп, азамат қатарына қосылды. Елімен жұмыс жүргізетін басшылық қызметтерге сатылап жоғарылады. Алуа, енді елбасымыздың қызмет жолына тоқталайық: 1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1-жүргізуші: В 1969-1973 - на партийной, комсомольской работе в г. Темиртау Карагандинской области.
2-жүргізуші: 1973-77 жж. - Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1-жүргізуші: в 1977-1979 - второй секретарь Карагандинского обкома партии.
2-жүргізуші: 1979-84 жж. - Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
1-жүргізуші: в 1984-1989 - Председатель Совета Министров Казахской ССР.
2-жүргізуші: 1989-90 жж. - Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы,
1-жүргізуші: с февраля 1990 по апреля 1990 - одновременно Председатель Верховного Совета Казахской ССР.
2-жүргізуші: 1990 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасының Президенті қызметін атқарды.
1-жүргізуші: 1 декабря 1991 состоялись первые всенародные выборы Президента республики, в ходе которых Н. А. Назарбаев получил поддержку 98,7 процентов избирателей.
2-жүргізуші: 2015 ж. сәуірдің 26-ында сайлаушылардың 97,7 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
1-жүргізуші: Нұрсұлтан Назарбаев үнемі «ел тағдырының бүлкілін» тап басып, танып отырады. Қазақстанның бірде-бір өңірін, бірде-бір ірі кәсіпорнын назарынан тыс қалдырмайды, республиканың барлық түйткілді мәселелері туралы біледі.
2-жүргізуші:
Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз, - дей келе алдарыңызға ________ топтың мың бұралған биші қыздарын ортаға шақырамыз.
(қазақша би )
1-жүргізуші: Мемлекет басшысы биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын. Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
2-жүргізуші: Тәуелсіздік жылдарында еліміздің азаматтары Мемлекетіміздің басшысына терең құрметі мен берік сенімін көрсетті. Ортаға Еліне Президентіне деген патриоттық сезімдерін өлең шумақтарымен жеткізетін жас өрендерімізді шақырамыз.
(видео)
1-білім алушы:
Тоқсан бірде Президентті сайладық,
Еркіндікке белді бекем байладық.
Ақ киізге Нұр ағаны көтеріп,
Тілек айтып, шаттық тойын тойладық.
2-білім алушы:
Кең байтақ далалы жеріміз,
Ақкөңіл қонақжай еліміз.
Қазақ иісі аңқып тұрар әр жерден,
Алтын, көмір, мұнай байлық кеніміз.
Байтақ жерді басқаратын қамқоршы,
Қазақ үшін аянбайтын көшбасшы.
3-білім алушы:
Свою судьбу навек с твоей сплетя,
В любви сыновней я хочу признаться:
Я счастлив, Казахстан,
Что я твое дитя.
И в том тебе не нужно сомневаться!
4-білім алушы:
Елімнің атын айтсам – Қазақстан
Жерімнің атын айтсам – Қазақстан
Қойнауы қазынаға толы мекен
Байлығым атын айтсам – Қазақстан
5-білім алушы:
Ты выстрадал мой Казахстан, немало,
Но стал свободным, и сейчас
Здесь равноправны все народы,
Народ – единственная власть.
6-білім алушы:
Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман
7-білім алушы:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді
8-білім алушы:
Отаным Қазақстан,
Желбіреген туы бар.
Отаным Қазақстан,
Егеменді елі бар.
Отаным Қазақстан
Мөлдіреген өзені
Отаным Қазақстан
Жайнаған жасыл орманы
Суреттеуге сөз жетпейтін бір саған
Жасай бер отаным Қазақстан
9-білім алушы:
Елін сүйген, елі сүйген Президент,
Шуақ шашар елімізге күн болшы.
Тәуелсіздік алып берген біздерге,
Нұрағадай Президент бар біздерде.
Бейбітшілік ынтымақты сақтаған,
Мақтан тұтып, жар саламын сіздерге!
(ПРЕЗИДЕНТ сөзі шығады)
2-жүргізуші: Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер, желбіретіп, нық ұста!
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата – баба рухына.
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі.
1-жүргізуші: Алдарыңызда ______ топ білім алушысы ______________.
(Өз елім - ән + видео)
1-жүргізуші: Үстіміздегі жылдың сәуір айында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісу рәсіменде сөйлеген сөзінде алдағы уақытта «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» атты Ұлт Жоспарын ұсынатынын айтқан болатын. Жақында Елбасының бұл жоспары халықтың назарына Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам» деген тақырыппен ұсынылды.
(«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарына қатысты слайд көрсетіледі+музыка)
2-жүргізуші: «100 нақты қадам» - бұл жахандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығын кіруі жөніндегі жоспары.
1-жүргізуші: «100 нақты қадам» елімізге «2050 – Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын БЕРІКТІК ҚОРЫН жасап беретін болады. Бүгін еліміздің басты мерзімді басылымдары Елбасы ұсынған 5 институционалды реформаны жүйелі жүзеге асыруға бел буды:
2-жүргізуші:
І. Кәсіби мемлекеттік аппарат құру
Мемлекеттік қызметке қабылдау ресімдерін жаңғырту. Төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу іскерлік қасиеттер негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
1-жүргізуші:
ІІ. Заңның үстемдігін қамтамасыз ету
Азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру
2-жүргізуші:
ІІІ. Индустрияландыру және экономикалық өсім
Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мақсаттарымен оларды нарықтық айналымға енгізу. Жер кодексіне және басқа да заң актілеріне өзгерістер енгізу.
1-жүргізуші:
ІҮ. Біркелкілік пен бірлік
Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу.
2-жүргізуші:
Ү. Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру
Мониторингтің, бағалау мен бақылаудың стандарттарын және аайтылған ресімдері аясында мемлекеттік басқарудан нақты нәтижелер бойынша мемлекеттік басқаруға көшу.
1-жүргізуші: «100 нақты қадам» атты жоспар елімізді тағы бір белеске көтеруге қызмет етеді деп ойланамыз. Оған күмәніміз жоқ. Елбасы өркендеген отыз елдің қатарына қосылу туралы жаңа міндет қойды. Ал аталған жоспар дамыған отыз елдің қатарына ену жолында жасалып жатқан тағы бір қадам деп айтуға болады.
1-жүргізуші:
Мой Казахстан! Ты – Родина моя!
Твоих степей бескрайние просторы
Душой и сердцем я люблю.
Люблю твои серебряные горы.
Мой Казахстан, живи и процветай.
Ты – колыбель великого народа,
Всю красоту и мудрость передай,
И сохрани для будущего рода.
2-жүргізуші: Aлдарыңызда ____ топ білім алушысы ___________ «Жаса Қазақстан» әнімен.
(Жаса Қазақстан - ән + видео)
2-жүргізуші: Ән мен күйді төгілтіп,
Іжу – маржан шашайық.
Қонақтарды таңдантып,
Өнерден күмбез жасайық,
- дей келе алдарыңызда қазақтың биі қара жорға.
(Қара жорға биі + видео)
1-жүргізуші: Н.Ә.Назарбаевтың «Біз тәулсіздікке аңсап, зарығып, жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілеріне де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» - деген сөзін әрбір азамат жүрегінің терең түрлеріне сақтап, қашанда жадында ұстау керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзиденттік борышымыз.
2-жүргізуші: Тұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын!
1-жүргізуші: Тәуелсіздік туы әрдайым биікте желбіресін!
Осымен ҚР Тұңғыш президент күніне арналған салтанатты жиынымыз жабық деп жарияланады.
1-жүргізуші және 2-жүргізуші: Сау саламатта болыңыздар!
(Атамекен әні + видео)
Сахнаға барлық қатысушылар шығады.