СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мерекелік іс-шара "Анамны? тілі-аяулы ?ні"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Аналар мерекесіне орай ?ткізілген іс-шара жоспары

Просмотр содержимого документа
«Мерекелік іс-шара "Анамны? тілі-аяулы ?ні"»


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Анамның тілі- аяулы үні»

Мақсаты:Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында білімге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың мәнерлеп оқу, сөйлеу мәнері, ән-би арқылы ой-өрісін дамыту, үлкенді құрметтеуге, ата-ананы сыйлауға, өнерді дәріптеуге тәрбиелеу


Өтілу барысы


1-жүргізуші:

Ана деген тіршіліктің кәусары,

Ана деген адамзаттың жауһары

2-жүргізуші:

Ана деген мынау жарық өмірдің,

Таңы алдында туатұғын шолпаны.

Аяулы ұстаз - аналар «Анамның тілі- аяулы үні» атты аналар мерекесіне арналған ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!


1-жүргізуші:

Ұрпақ үшін қиындықтан жасқанбай,

Ғұмыр кешкен ана деген ат қандай.


2-жүргізуші:

Ана десе қақ жарылып қараңғы,

Шүйіншіге таң жарқырап атқандай.

1-жүргізуші:

Құрбым, ендеше аналарымызға арналған ән – жырымызды бастайық.


2-жүргізуші:

Әрине,ендеше неге бөгеліп тұрмыз, өлең жырларымызды арнап ортаға салайық.

«Сенің анаң алтын» әнін қабыл алыңыздыр.

1-жүргізуші:

Кірбің тартса әжімденген ақ маңдай,

Мына әлемді қараңғылық жапқандай.

2-жүргізуші:

Күлімдесе аналардың көздері,

Нұр үстіне нұр құйылып жатқандай!

1-жүргізуші:

Құрбым, қалай ойлайсың,аналар бұл әнді естіп бір сәт жастық шаққа оралар.

2-жүргізуші:

Неге олай дейсің,біздің аналар көктемнің гүліндей құлпырып тұр,олар әрі сұлу, әлі жас...


1-жүргізуші:

Бізге арналған зердесі мен ақылы,

Ардақтасаң ана деген ат – ұлы.

2-жүргізуші:Балаларыңыздың биін тамашалап,бізбен бірге билеңіздер.

Қыздар биі

1-жүргізуші:

Мейлі көсем, батыр, балуан, шешен бол,

Ана алдында бас июге қақылы.

2-жүргізуші: Халық арасында қызды ажарына қарай жетіге бөлген- олар қандай қыздар?

Ендеше, экранға қараңыздар

1.Әдемі қыз- баппен сөйлеп, биязы күліп,жақсы – жаманның жөнін біліп тұрады.

2.Көрікті қыз – істі үйіріп,сөйлесе бұйырып,баурап алатын,бірден көзге түсе қоймайтын қыз.

3. Шырайлы қыз – көз анары өткір,бет-әлпеті бал-бұл жанған,тәні шымыр.

4.Әсем қыз – жүзі жылы,өзі ұяң,жаны нәзік.

5.Сұлу қыз – сөзі өткір, өзі пысық, өрескелдікті сүймейтін, келбетті.

6.Ажарлы қыз – дене бітімі жинақы,тығыршық,сөзі салмақты, өзі тиянақты.

7.Ару қыз – бет пішіні, дене мүсіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең ойлы қыз.

1-жүргізуші:

Ана,ана үш- ақ әріп тіршілік,

Үш әріптен үлбірейді гүл шығып.

Үш –ақ әріп дүниені сілкінткен,

Үш –ақ әріп қойған мені жыршы ғып- деп ақын жырлағандай Ана махаббаты шексіз.

2-жүргізуші:

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың – аясындай гүл – бақтың.


Мен өзіңмен қайда барсам біргемін,

Махаббатың жүрегімде жүр менің.

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,

Қандай жақсы ортамызда жүргенің.

1-жүргізуші:

Енді сөз кезегін сынып жетекшімізге берейік.


Слайдпен таныстыру

Хормен Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әні орындалады.


Осымен бүгінгі «Анамның тілі- аяулы үні» атты ертеңгілігіміздің І-бөлімі аяқталды.

Сау саламатта болыңыздар!











































(тәрбие сағаты 2-сынып)







2014 -2015 оқу жылы