Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының «№44 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Методикалық тренинг түрлері
Дайындаған: Парасатова Т.С
Семей 2017 жыл
Тренинг – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын, тренинг әрекетінің ең негізгі түрінің бірі – дидактикалық тренингтер. Дидактикалық тренинг тәрбиеленушінің жас ерекшелігіне сай, бағдарламадағы материалдарға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашады. Дидактикалық тренингтерді жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарына да пайдаланады. Дидактикалық тренинг барысында ете сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу, процестері дамып, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге әртүрлі қимылдарды орындауға үйретеді.
Мамандар тренингті төрт топқа бөледі:
1.өздігінен жетілу қызметі,
2.топтық жұмысқа дайындық,
3.өзге жиынның дайындығы,
4.клиентке бағдар дайындығы.
Топтық жұмысқа арналған тренингтер:
Тренингтегі топтық жұмыстың мақсаты
1.Өзін — өзі өзгерту мен мінез-құлықты коррекциялау мақсатында өзіндік санасының дамуы.
2. Өзіндік санасын дамытуға арналған тренингтік топтары
3.Тұлғалық өсуі мен өзіндік дамуына ықпал ету
4.Тұлғалық өсу топтары.
Тренинг топтарының түрлері
1.Психологиялық проблемаларды шешуге бағытталған топтар
2. психологиялық денсаулық өмір сапасымен топтары
3. Өзіндік сана сезімін дамыту тренинг топтары
4.Жеке басының өсу (өрлеуіне) бағытталған топтары.
Тренинг түрлері
“Алақан” тренингі
Мақсаты: Топтағы балалардың бір-бірімен жақындай түсуі және жеке тұлға арасында жағымды қарым –қатынасты орнату.
Уақыты:10-15 минут
Көрнекілігі: ақ парақ, қарандаш
Жүргізілуі: әр топ мүшесі өзінің алақаның ақ парақты түсіреді. Алақан бейнесінің ортасына өз аттарын бас әріппен жазады. Кейін ол өз алақаны бейнеленген қағазды , көршісіне береді, ол көршісі парақтағы бейненің бір саусағына алақан иесіннің жақсы қасиеттерін жазып, суретті әрі қарай жалғастырады. Парақ қағаз өз иесіннің қолына тигенде тренинг аяқталады. Тренинг аяқталған соң әр топ мүшесіне өз алақаны таратылып беріледі.
“Төрт құбылыс” тренингі
Мақсаты: Топтағы балалардың бір-бірімен жақындай түсуі және жеке тұлға арасында жағымды қарым –қатынасты орнату, есте сақтау қабілетін дамыту.
Уақыты:10-15 минут
Жүргізілуі:Балалар шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші “су” деген дегенде балалар қолдарын алдарына созады, “ауа” дегенде қолдарын жоғары көтереді, “от” дегенде екі қолын айналдырады, “жер” дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатысса сол ойыннан шыға береді.
“ Көңілді шеңбер” тренингі
Мақсаты: Топтағы балалардың бір-бірімен жақындай түсуі және жеке тұлға арасында жағымды қарым –қатынасты орнату, есте сақтау қабілетін дамыту.
Уақыты:10-15 минут
Жүргізілуі:Балалар шеңбер жасап отырады да, бір-біріне мұқият қарап алады. Жүргізуші белгі берген кезде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балалардың біреуіне әр түрлі заттар қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілірік, бант) Балалар көздерін ашқанда не өзгерді деп сұрау керек. Ең зейінді балаға сыйлық беріледі.
“Ия, жоқ” тренингі
Мақсаты: Топ мүшелерін психологиялық жағынан белсендіру, жеке тұлғаны сенімсіздік жағдайынның және қысылу сезімнен арылту.
Уақыты: 5-7 минут. Осы уақыт жалпы жұмыстың тонусын көтеруге бағытталады.
Жүргізілуі: Топтағы балалар тең екіге бөлінеді. Жүргізуші 2 топты бір-біріне қарама-қарсы тұрғызып, саптың басы бойынша І – ші топқа “ия”, ІІ- ші топқа “жоқ” сөзін айтқызады. Қай топ жинақы және шапшаң айтса, сол топ тренингті бірінші бастайды.
«Сиқырлы қапшық» тренингі
Мақсаты: Топтағы балалардың бір-бірімен жақындай түсуі және жеке тұлға арасында жағымды қарым –қатынасты орнату, балалардың қабылдауын дамыту.
Уақыты:10-15 минут
Жүргізілуі: Жүргізуші балаларды шеңбер жасап отырғызып, өзі олардың жанындағы кішкентай үстелдің жанына отырады. Үстелдің үстінде сиқырлы қапшық тұр.Оның ішінде әр түрлі ұсақ ойыншықтар.бар.Жүргізуші балаларды кезектестіріп шақырып, қапшықтың сыртынан сипалап бірдей екі затты тауып алуды сұрайды.Қапшықтың сыртынан сипап тұрып екі доп, екі машина т.б. заттарды тауып алып, кейін бала олардың не екенін сипаттап айтып береді.Жүргізуші баланың айқанының дұрыс екендігін тексеру үшін тапқан затты қапшықтың сыртына шығарады.Ойын осылайша жалғаса береді.
«Кім қалай дыбыстайды» тренингі
Мақсаты: Топтағы балалардың бір-бірімен жақындай түсуі және жеке тұлға арасында жағымды қарым –қатынасты орнату.
Жүргізілуі: Қатысушыларды санына қарап ойынға қатысатын балаларды топтарға (ит, тауық, жылқы) бөледі. Жүргізуші белгі берген уақытта ит тобындағы балалар ит сияқты үріп дыбыстау керек. Дәл сол сияқты тауық, жылқы, мысық топтары да өз топ атауларын қорғап шығады. Соңында жүргізуші өз белгі берген уақытта барлық топ бірдей уақытта өз дыбыстарын салады.
“Еркін бала” тренингі
Мақсаты: Бұл жаттығу қатысушыларға басқалардың алдында қысылмауға мүмкіншілік береді. Сонымен қатар би терапиясын дамытуға көмектеседі.
Уақыты: 30 минут.
Жүргізілуі: Балалар үлкен шеңбер жасап отырады.Олардың арасынан бір бала ортаға шығып билейді.Оның қимылы қиын болмауы болуы керек. Жүргізуші бір минуттан соң ол баланы отырғызады да, оның орнына, яғни ортаға басқа қатысушыны шығады.Осылайша әр бала өз еркіммен ортаға шығып, 1-2 минут болсада, өзінің биін билеп ойын жалғаса береді.Ойын соңында бәрі бірге шығып, би билеп көңіл көтеруге болады.