СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Моя спортивная семья

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

Проводила мероприятие, где дети принимали участие вместе с родителями в

 ДО "Еркемай" в г. Актобе

Просмотр содержимого документа
«Моя спортивная семья»

«Әке, ана және мен» атты спорттық ойын сауық.

Мақсаты: балабақша қызметкерлерімен ата – аналардың арасындағы қарым – қатынасты жақсарту, ата – аналарды балабақша өміріне белсенді қатысуға баулу.
Міндеттер:
1) Балалардынң арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру;
2) Куш-қуат пен секіргіштікті дамыту;
3) Балаларды достық пен ұйымшылдыққа және инабаттылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: эстафета таяқша, үлкен доптар, секіргіштер, кегли, қаптар.

Өткізу жері: теннис корті.
Қатысушылар: 1 топтан 4 жанұя.
Сараптаушы: қазылар алқасы.

Спорттық ойын сауық сценарий:

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қазылар алқасы, сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар. Бүгінгі, біздің балабақшамыздағы ата - аналардың қатысуымен алғашқы рет өткізіліп жатқан «Әке, ана және мен – атты спорттық ойын сауық » жарысына қош келдіңіздер!
Қатысушылар: «Күлімшар тобы балалар Әке, ана және мен»
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар, балалар! Бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймын! Бүгінгі жарысымыз өте қызықты болады деп ойлаймын. Өйткені, балалар - сүйкімді, аналар - әдемі, әкелер - мықты. Жүргізуші: Ендеше, бүгінгі жарыстың қатысушылармен танысу уақыты келді.

Қазылар алқасының мүшелері:
Әр тапсырманы тез, дұрыс және бірінші орындаған топ қаұпай қойылады. Соңында, ең көп ұпай жинаған отбасы жеңімпаз боп аталады.
Жүргізуші:Енді, біздің отбасыларымызбен танысамыз.
Бірінші тапсырма: «Таныстыру». ( топтан бастап әр отбасы өзін таныстырады).
Жүргізуші:
Екінші тапсырма
: «Жұмбақты шешу». Мен жұмбақты оқимын, сіздер оны шешу керексіздер. Бірінші дұрыс жауап беруге тырысыңыздар. Дайынсыздарма?
Ендеше бастайық.
1) Табанға қанжар байладым,
Бетінде айна ойнадым. (Коньки) 2) Үрлесең жеп - жеңiл,
Елпiлдеп кетедi.
Ұшырсаң,
Көк - теңбіл,
Бұлтқа да жетеді. (Шар)

3) Аспанда жүзеді,
Қанатын қақпайды.
Жерде де жүреді,
Бауырлап жатпайды. (ұшақ)

Жүргізуші: Үшінші тапсырма: «Эстафета таяқшасы». Осы сайысқа бәріміз қатысамыз. Аналардың қолдарына жіңішке таяқша беріледі. Сол таяқшаны жерге түсірмей, алдында қойылған кеглиді айналып өтіп, орындарыңызға қайту керексіздер. Дайынсыңдарма? Ендеше, санаймыз. Бір, екі, үш - алға!

Сергіту сәті:


Жүргізуші: Төртінші тапсырма: «Картоп жинау». Себетке 5 картоп салынады. Анасы жүгіріп картопды кеглидін қасында шашыпстайды, әкесі себетке 5 картоп жинайды, бала себетпен бірге картопты алып келеді.


Жүргізуші: Бесінші тапсырма
: «Доппен секіру». Әр анаға доп беріледі. Доптын үстіне отырып секіру, құралдарды айналып орнына келу керек. Дайынсыңдарма? Ендеше, санаймыз. Бір, екі, үш - алға!


Жүргізуші: Алтыншы тапсырма: «Кедергілерден өту». Әкәсінің арқасына 1- анасы, 2-бала отырады. Бірінші – анасын кедергілерден алып өтеді, содан кейін баласын алып өтеді. Дайынсындарма? Бір, екі , үш - алға!


Жүргізуші: Жетінші тапсырма: «Поезд». 1-Әкесі жүгіріп, құралдарды айналып келіп, содан кейін анасын қолынды ұстап –бірге жүгіріп құралдарды айналып келіп, содан кейін баланың қолынды ұстап құралдарды айналып орындарына келу керек. Дайынсыңдар ма? Ендеше, санаймыз. Бір, екі, үш - алға!


Жүргізуші: Сегізінші тапсырма: «Қенгуру».Балалардың ата-анасына қап беріледі. Ата-анасы қаптың ішіне аяқтарын салып, қойылған кеглиді айналып өтіп, қайта орындарына келу керек. Ал бала (қапшықсыз) екі аяқпен секіреді.Дайынсыңдар ма? Ендеше, санаймыз. Бір, екі, үш - алға!


Жүргізуші: Тоғызыншы тапсырма. «Принц (принцесса)». Ата –анасы баланы қолдарынызға отырғызып, баланы жерге түсірмей, құралдарды айналып орнына келу керек. Дайынсындарма? Ендеше санаймыз. Бір,екі, үш – алға!

Жүргізуші: Сіздер бүгін барлық тапсырмаларды орындап, өздеріңіздің жақсы спорттық дайындықтарыңызды көрсеттіңіздер.

Ал өз отбасыларыңызда қандай спорт түрлерімен шұғылданасыздар?

Сол туралы айтып беріңізші (әр отбасы кезекпен сөз сөйлейді).
Жүргізуші: Біздің отбасыларымыз барлық тапсырмаларды орындады.

Енді қазылар алқасына сөз кезегін береміз.