Просмотр содержимого документа
«Моңғолдардың Қазақстан жеріне енуі»
Мұғалімі : Болысбай Меруерт Жанатовна Күні : 03.12.2016 жыл
Сыныбы: 7 в
Пәні:Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § Моңғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Шыңғысханның қазақ жеріне шапқыншылығы мен оның ауыр зардаптарын көрсету,басқыншыларға қарсы халықтар күресі мен ұлыстардың құрылуы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Жалпыдан негізгі мәселені ажырата алу үшін танымдық қабілеттерін дамыту, отанымыздың тарихынан сабақ алып, дұрыс қорытынды шығаруға, үйрету;
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: СТО әдісі,топпен жұмыс,сұрақ-жауап
Көрнекілік: тақта,кітап,карта,тақырыпқа байланысты суреттер,видео, тақырып-қа қатысты слайд,үлестірмелі материалдар
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу
Оқушыларды түгендеу
Оқу құралын тексеріп түгендеу
Оқушыларды төрт түсті конфет арқылы төрт топқа бөлу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау: Сәйкестендір:
Аты-жөні | Жылы | Еңбегі |
Жүсіп Баласағұни | 1103-1167 | «Бақытқа жету» |
Қожа Ахмет Йасауи | белгісіз | «Асыл тастар» |
Ахмет Иүгнеки | 1021-1075 | «Диуани луғат ат-түрк» |
Махмуд Қашғари | 870-950 | «Құтадғу білік» |
Әбу Насыр әл-Фараби | 973-1050 | «Диуан-и хикмет» |
Әбу Райхан әл-Бируни | 1030-1090 | «Ақиқат сыйы» |
Жаңа сабақ жоспары:Слайд арқылы жаңа тақырыпты түсіндіремін
Жаңа тақырыпты түсіндірмес бұрын,
Монғол империясының құрылуы.
Монғол империясының қоғамдық құрылысы.
Монғолдардың қазақстанды жаулап алуы.
Жаулап алудың зардаптары.
Ұлыстардың құрылыстары.
Тэмуджин ер жете келе қол астына моңғолдардың барлық тайпаларын біріктіреді. 1206 ж. көктемде Онан өзені жағасында Тэмуджинді жақтаушы моңғол ақсүйектерінің құрылтайы болып оны Шыңғыс хан деген атпен моңғолдардың әміршісі етіп жариялайды. Шыңғыс хан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың негізі етіп алады. Елдің бүкіл жері мен халқы он қанат (барунғар), сол қанат (жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери әкімшілік округке бөліп, әрбір округте он мың адамнан тұратын бірнеше түмгелер (түмендер) болды. Олар өз кезегінде «мыңдық», «жүздік», «ондықтан» тұрды.
1207—1208 жж. қысында Шыңғыс ханның үлкен баласы Жошы Енесей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігіндегі басқа да «орман халықтарын» бағындырды. 1208-1209 жж. Шыңғыс хан әскерлері тұтқиылдан шабуыл жасап, танпұттық Си ся мемлекетін күйретті. Шыңғыс ханның қахарынан сескенген қазіргі Шығыс Түркістан аймағындағы ұйғырлар моңғолдарға өз еркімен берілді. 1211 ж. Шыңғыс хан қолы Солтүстік Қытайға бет алды. 1215 ж. олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды (Бейжіңді) бағындырды.
Қытайда моңғолдар соғыс ісінің сол замандағы жоғарғы техникасымен танысты. Қытайдан көптеген қару-жарақ, қамал бұзатын машиналарын, оны пайдалана білетін адамдарды алған Шыңғыс хан жауынгерлік дайындығын күшейте берді.
Сөйтіп, ол Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға жол ашатын Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алуға дайындалды. Бұл үшін ол мұсылман көпестерінен, босқындардан мәлімет жинады.
Сабақты бекіту: Жылдарға түсінік бер
1155 жыл - 1206 жыл - 95 түмен - 10 мың - 1207-1208 жыл - 1207-1209 жыл - 1211-1215 жыл - 1217 жыл - 1218 жыл - 1219 жыл - 15 күн - 1219-1224 жыл - 20-30 адам - 1259 жыл - | |
Қорытындылау:постермен жұмыс.Моңғол шапқыншылығыны Қазақстан жеріне тигізген зардаптары
Моңғол шапқыншылығының Қазақстан жеріне тигізген зардаптары
Қорытындылау:
Шыңғыс хан өмір сүрген жылдары?
Яса дегеніміз не?
Отырар опаты қашан болды?
Шыңғысханның балалары?
Моңғол империясының ұлыстарға бөлінуі?
Бағалау:бағалау парағы арқылы
Үйге тапсырма: § параграфты оқып келу,мазмұндау,тест құру
Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектеп
Моңғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
( ашық сабақ)
Пән мұғалімі:Болысбай Меруерт Жанатқызы
Талдықорған 2016 жыл