СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 23.07.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

MS Excel 2007 электрондық кестесі

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кестелік процессор Excel деректермен әртүрлі амалдарды орындауға мүмкіндік береді:

 Кестелерді құру және оларға ат беріп, дискіде сақтау;

Сақталған кестелерді ашу және оларды жөндеу;

Кестеге қатар, бағана немесе ұяшық қосу;

Кестеден қатарды, бағананы  немесе ұяшықты өшіру;

Қатарлардың, бағаналардың немесе ұяшықтардың мазмұнын көшіру немесе жылжыту;

Өсу немесе кему реті бойынша ұяшықтардың мазмұнын сұрыптауға болады;

Қолданушының өзі құрастырған немесе кестелік процессорда дайын формулаларды қолданып, есептеулер жүргізуге болады; Кестенің деректері бойынша диаграмма құру және оларды кестеге кірістіру;

Кестеге графикалық объектілерді, стандарты  суреттер кітапханасынан суретті кірістіру;

Кестелерді баспаға жіберу.

Показать полностью

Просмотр содержимого документа
«MS Excel 2007 электрондық кестесі»

САБАҚ ЖОСПАРЫ №______


Пән аты: Информатика Мерзімі _______________Оқу тобы ____________________ Курс 1

Сабақтың тақырыбы: MS Excel 2007 электрондық кестесі. MS Excel – электрондық кесте туралы жалпы түсінік

 Сабақтың типі: аралас сабақ

 Мақсаты: оқушыларды кестелік процессормен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

 Міндеттері: а) білімдік:   кестелік құжаттарда формулалармен  жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

 ә) тәрбиелік: еңбек әрекетіне, өзбетінділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

 б) дамытушылық: алған білімдерін практикада қолдана білу іскерліктерін дамыту;

Құралдар:Дербес компьютер, сенсорлық тақта, жұмыс парағы , тапсырмалар парағы

 Сабаққа қолданылатын әдебиеттер:

Е.Қ. Балапанов, Б.Б.Бөрібаев «Жаңа информациялық технологиялар информатикадан 30 сабақ» (282-301 бет)

 Сабақ барысы:

 І. Ұйымдастыру кезеңі : Амандасу. Оқушыларды түгендеу.

 ІІ. Қайталау:

  1. MS WORD  мөтіндік процессорының қызметтері қандай?

  2. Жаңа құжат қалай даярланады?

  3. Мәтіндік құжатты пішімдеу?

  4. Формат командасы арқылы қандай өзгертулер жасалынады?

 ІІІ.  Жаңа материалды түсіндіру:

 MS Excel дің шығу тарихы.

EXCEL – кестелік процессор. КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОР- бұл электронды кестелерді құру үшін және кестелік мәліметтерді автоматты өңдеуге арналған қолданбалы программа.

 

Кестелік процессор Excel деректермен әртүрлі амалдарды орындауға мүмкіндік береді:

  • Кестелерді құру және оларға ат беріп, дискіде сақтау;

  • Сақталған кестелерді ашу және оларды жөндеу;

  • Кестеге қатар, бағана немесе ұяшық қосу;

  • Кестеден қатарды, бағананы немесе ұяшықты өшіру;

  • Қатарлардың, бағаналардың немесе ұяшықтардың мазмұнын көшіру немесе жылжыту;

  • Өсу немесе кему реті бойынша ұяшықтардың мазмұнын сұрыптауға болады;

  • Қолданушының өзі құрастырған немесе кестелік процессорда дайын формулаларды қолданып, есептеулер жүргізуге болады;

  • Кестенің деректері бойынша диаграмма құру және оларды кестеге кірістіру;

  • Кестеге графикалық объектілерді, стандарты суреттер кітапханасынан суретті кірістіру;

  • Кестелерді баспаға жіберу.

 EXCEL-ДІ ІСКЕ ҚОСУ ҮШІН КЕЛЕСІ КОМАНДАЛАР ТІЗБЕГІН ОРЫНДАУ КЕРЕК:

ПУСКВСЕ ПРОГРАММЫ- MICROSOFTOFFICE -MICROSOFT EXCEL


Microsoft Excel іске қосылған соң мәліметтерді енгізуге болатын жұмыс кестесі ашылады.

Терезесінің негізгі элементтеріне тоқталып кетейік.

 

ЭЛЕКТРОНДЫҚ КЕСТЕЛЕРДІҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ. 

 

MS Excel құжаты  Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы әрқайсысы бір электрондық кестеден тұратын Жұмыс беттерінен тұрады (255-ке дейін жұмыс беттері болуы мүмкін).  Әрбір жұмыс бетінің атауы бар, ол бет жарлығында орналасады. Бет жарлықтарына тышқан мен түрту арқылы олардың бірінен-біріне көшуге болады. Беттің атауын өзгерту үшін жарлығына екі реет қатарынан түртіп, жаңа атау теру керек. Жұмыс беті жолдар мен бағандардан тұрады (256 бағанға, 1048576 жолға дейін болуы мүмкін), жолдар реттік сандармен, бағандар латынның бас әріптерімен нөмірленеді.

 

Ұяшық және оның адресі. Баған мен жолдың қиылысуынд аорналасқан элементті ұяшық деп атайды,  ұяшық – мәліметтердікестедесақтаудыңеңкішіэлементі. Әрбір ұяшық өзі қиылысуында орналасқан баған мен жол атауларынан тұратын  адресімен анықтал ады, мысалы– А1, DЕ234, F9. Әрбір мезетте белгілі бір ұ яшық акт ивті  болып табылады, ол қою қоршаумен ерекшеленеді.

 

ҰЯШЫҚТАР ДИАПАЗОНДАРЫ. 

 Диапазон – іргелес ұяшықтарда орналасқан, формулаларда оларға біртұтас элемент сияқты қатынасатын мәліметтер тобы. Жолдағы немесе бағандағы диапазондарға олардың алғашқы және соңғы адрестерін көрсету арқылы қатынасады, мысалы: А1:А15, А1:G1.

 

Кестеге мәліметтер енгізу. Кестеге мәліметтердің әртүрлі түрлерін (мәтін, сан, дата, формула, функция, т.б)  енгізуге болады. Ол үшін қажетті ұяшықты активтендіріп не тікелей пернетақтадан ұяшыққа теру арқылы, не формула жолын активтендіріп теруге болады. Мәліметтерді енгізуді жеңілдету және жылдамдату үшін

-  бар мәліметтерді көшірмелеу арқылы;

-  автотолтыру (автотолтыру маркері арқылы);

-  прогрессиялы толтыруды

қолданады.

Толтыру маркері- бұл белгіленген диапазонның бұрышындағы кішкентай қара квадрат. Тышқанның курсоры толтыру маркеріне түскен кезде қара крест түріне ие болады:Автотолтыру маркері – белгіл

енген ұяшықтың оң жақ төменгі бұрышында орналасқан қара квадрат.

АВТОТОЛТЫРУ– бұл мәліметтерді тезірек енгізуге көмектесетін функция. Маркерді жылжытқанда ұяшықтарда тек көшіру ғана жүргізілмейді. Мысалы: кез келген ұяшыққа 1, ал көрші ұяшыққа(оң жағына) 2 санын енгізіп, екі ұяшықты қатар белгілеп жол бойымен тартатын болсақ 1,2,3,4......қатары пайда болады.

Тапсырма 1

1) Excel праграмасын іске қосу:

2)Меню қатарымен жұмыс жасаңыз. Правка менюінің ішкі командаларымен танысыңыз.

3)Стандартты және форматтау катарларын зерттеңіз. Атқаратын жұмыстарымен танысыңыз.

4)Вид менюінің Панель инструментов командасының құрамымен танысыңыз.

5)Электрондық кестені бірнеше жолмен жауып қараңыз.

Тапсырма 2

1)Excel праграмасын іске қосу.

2)3-парақты екпінді жасаңыз.

3)Қайтадан 1-парақа көшіңіз.

4)[Ctrl]+→комбинатциясын басып, соңғы бағана атауына назар аударыныз.

5)[Ctrl]+Home пернелерін басып А1 ұяшығына оралыңыз.

6)[Ctrl]+ ↓ комбинациясын басып, соңғы ұяшық адресін анықтаңыз.

7)Кестелік курсорды Home пернесі арқылы А1 ұяшығына, адан соң Ғ9 ұяшығына орналастырыңыз.

8)Бағыттаушы стрелкалар арқылы қайтадан А1 ұяшығына әкеліңіз.

Тапсырма 3

1)А1:Ғ9 блогын белгілеңіз.

2)Қатар орналаспаған С7:D9,E5:F11, D13:E15 аралықтарын белгілеңіз.

3)5-ші қатарды белгілеңіз.

4)Белгілеуді алып тастаңыз.

5)Ғ бағанасын белгілеңіз.

6)А2:Е17 блогтын тышқанның көмегімен белгілеңіз.

7)А,В,С бағаналарын белгілеңіз.

8)С4:Ғ10 блогын пернелердің көмегімен белгілеңіз.

9)Жұмыс парағын белгілеңіз.

10)Әр жерде орналасқан бірнеше блоктарды бір мезгілде белгілеңіз.

Тапсырма 4

1)Жаңа жұмыс кітабын ашыңыз.

2)Документ пен Мои документы бумасына сақтаңыз.

3)Жаңа парақ қосыңыз.

4)Парақтың атын Диаграмма деп өзгертіңіз.

5)Диаграмма парағын жойыңыз.

6)1 парақ пен 4 парақтың орнын алмастырыңыз.

7)Жұмыс кітабына барлығы 16 парақ болатындай етіп бірнеше парақ қосыңыз.

ІV. Жаңа тақырыпты бекіту

1)Кестелерді өндеуге жататын қандай іс –әрекеттерді білесіз?

2)Microsoft Excel ді ашу қандай командыларды орындаймыз?

3)Microsoft Excel де қандай менюмен жұмыс атқарамыз?

V. Сабақты қорытындылау

Бүгінгі өткен сабағымызды қортындылай келе, оқушылардың тапсырма орындау барысында жіберілген қателіктерін талдап, әр оқушының тапсырмасына орындау бағытын айту. Сабақтын нәтижесін айтып, техника қауіпсіздігі ережелерін дұрыс орындағандарын, компьютермен жұмыс істеу ұқыптылықтарын айту және оқушылардың еңбегін бағалау.

VI. Үй тапсырмасы

5. Үйге тапсырма беру. Лекцияға шолу, практикалық сабаққа дайындалып келу.





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!