СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

MS Word мәтіндік процессоры.

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: MS Word мәтіндік процессоры, құжатпен жұмыс. Сабақтың мақсаты. Білімділік: MS Word мәтіндік процессорының мүмкіндіктерімен таныстыру, мәтіндік редактормен жұмыс жасап үйрету. Тәрбиелілік: Оқушыларды ДК де ұқыпты, таза, қауіпсіздік ережесін сақтай отырып жұмыс жасауға баулу. Адамгершілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. Дамытушылық: MS Word мәтіндік редакторында құжат құруды, сақтау жолдарын білуді, пішімдеулерді үйренуді, барлық мүмкіндіктерімен жұмыс жасай білулерін дамыту. Сабақтың түрі: Аралас  сабақ.

Сабақтың көрнекіліктері: ДК, үлестірмелі тапсырмалар, слайдтар, стикер, А3 қағаздары, түрлі түсті қаламдар, т. б.  

Просмотр содержимого документа
«MS Word мәтіндік процессоры.»



Сабақтың тақырыбы: MS Word мәтіндік процессоры, құжатпен жұмыс.
Сабақтың мақсаты. Білімділік: MS Word мәтіндік процессорының мүмкіндіктерімен таныстыру, мәтіндік редактормен жұмыс жасап үйрету.
Тәрбиелілік: Оқушыларды ДК де ұқыпты, таза, қауіпсіздік ережесін сақтай отырып жұмыс жасауға баулу. Адамгершілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: MS Word мәтіндік редакторында құжат құруды, сақтау жолдарын білуді, пішімдеулерді үйренуді, барлық мүмкіндіктерімен жұмыс жасай білулерін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекіліктері: ДК, үлестірмелі тапсырмалар, слайдтар, стикер, А3 қағаздары, түрлі түсті қаламдар, т. б.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Топқа бөлу.

Топ аттары: І топ – Сканер, ІІ топ – Принтер.
Тапсырма: Топ аттарын қорғау.
ІІІ. БІЛУ. Үй тапсырмасын тексеру:
І топқа: Құжатты сканерлеу.
ІІ топқа: Құжаттарды мәтіндік процессорға редакциялау.
Бүгінгі тақырыбымыз «MS Word мәтіндік процессоры, құжатпен жұмыс». Топтарға жаңа тақырыпқа байланысты мәтіндер үлестіремін, оқып таныса отырып, өз ойларыңызды постерге түсіріп, араңыздан бір оқушы шығып қорғайды.
ТҮСІНУ.
Сканер тобына:
MS Word – бұл құжаттарды құру, қарап шығу, өзгерту және басып шығару үшін арналған MS Office құрамына кіретін бағдарлама. MS Word іс жүзінде қазіргі мәтіндік процессорлардың барлық қажетті сапаларына ие:
- құжаттарды құру және теру,
- қаріптер жиынын пайдалану арқылы оларды пішімдеу,
- кестелер, графиктер, математикалық формулаларды пайдалану,
- емле ережесін тексеру және сөздерді автоматты тасымалдау,
- іскер хаттарды, келісім - шарттарды, есеп беру формаларын дайындауға Шеберді (Мастерді) және Шаблонды қолдану.
Мәтіндік процессордың кемшіліктері:
- математикалық формулаларды енгізу күрделі,
- растрлық графикаларға арналмаған.
MS Word мәтіндік процессорын бірнеше әдіспен іске қосуға болады.
1. Іске қосу (Пуск) – Программалар – MS Office - MS Word командаларын орындау арқылы.
2. Жұмыс үстеліндегі таңбашасымен.
3. MS Office тақтасындағы батырмалармен.
Мәтіндік процессор жұмысын дұрыс аяқтау үшін келесі әдістерді қолдануға болады:
1. Файл – Шығу командаларын орындау.
2. Alt + F4 батырмалар комбинацияларын басу.
3. MS Word программасының тақырып жолындағы жабу батырмасымен.
MS Word терезесін жабу кезінде қүжатқа енгізілген өзгерістер сақталмаса, экранға сұхбат терезе шығады. Осы сұхбат терезе арқылы файлдағы өзгерістерді сақтай аламыз. Ия, Жоқ, Болдырмау батырмаларының қажеттісін басамыз.





Принтер тобына:
Жаңа құжат құру. MS Word терезесін ашқанда бос бет пайда болады. Сонымен қатар алдын ала сақталынған құжатпен жұмыс істеп отырып, жаңа құжат құру үшін Файл - Құру (Создать) командасын таңдаймыз.
Ашылған терезеден алдымен қосымша бетті, содан соң шаблонды таңдаймыз, соның негізінде құжат құрылып, ОК батырмасы шертіледі.
Құжатты сақтау. Құжатты сақтау үшін Файл – Қалай сақтау керек (Сохранить как) командасын таңдау немесе құрал саймандар қатарындағы Сақтау батырмасын шерту қажет. Құжатымызға ат беріп, Сақтау (Сохранить) батырмасын басамыз.
Сканер тобына:
Мәтіндік құжатты пішімдеу. Пішімдеуге мыналар жатады:
- әр түрлі қаріптерді пайдалану,
- құжат өрісінің шекараларын өзгерту: сол жақ, оң жақ, жоғары, төменгі өрістерін анықтау,
- мәтінді бағандарға бөлу, т. б.
- батырмаларын қолданып қаріп түрін және өлшемін, жартылай қалың, курсивпен жазу, асты сызылған етіп пішімдеуге болады. Сол сияқты мәтінді туралау батырмаларымен сол жақ, орта, оң жақ және еніне туралауға болады.
Принтер тобына:
Құжат беттерін нөмерлеу. Құжатты қағазға баспас бұрын, егер де ол бірнеше беттен тұратын болса, онда оны Кірістіру (Вставка) мәзіріндегі Беттің нөмерлері (Номера страниц) командасын қолданамыз.
Бағдарлау (Ориентация) өрісінде Кітаптық (Книжный) және Альбомдық (Альбомный) түрлерін таңдауға болады.
Колонтитулдарды орналастыру. Ол құжаттың әрбір бетінің жоғарғы немесе төменгі жағына басылатын мәтін немесе сурет. Ол үшін: Түр (Вид) мәзіріндегі Колонтитулдар командасын таңдау керек.
ҚОЛДАНУ. Компьютермен жұмыс. MS Word редакторын іске қосып мәтін теру, пішімдеулер жүргізу. Үлестірмелі карточкаларамен деңгейлік тапсырмалар беріледі.
ТАЛДАУ. Тақырыпқа байланысты сұрақ.
MS Word мәтіндік редакторы не үшін қажет, қандай қасиеттерімен маңызды?
ЖИНАҚТАУ. Екі топ орындарына орналасады. Сабақта не үйренді, нені білгендері туралы карточканы толтыру
БАҒАЛАУ. Оқушылар бүгінгі сабақ туралы (рефлексия) өз ойларын айтады. Бағалау парағындағы ұпай сандарын қосып, әр оқушының жинаған ұпайларының қорытындысын шығарады. Содан соң мұғалім бағалайды.
Үйге тапсырма: п.8