Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен- тарихтағы ең ұлы істің бірі.
К.Д. Ушинский
ХХІ-ғасыр білімділер ғасыры, ал тәуелсіз еліміздің тірегі білімді ұрпақ. Еліміздің білім беру саласында жаңару мен жаңашыл бағыттың бет бұрысқа қарай ойысқаны баршамызға аян. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары, яғни Кембридж бағдарламасы бойынша мұғалімдер біліктілігін арттырудың жаңа жүйесі енгізілді. Бағдарламаның негізі оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, заманауи технологияның жетілдірілуі, оқушының қалай оқу керектігін үйренуге және мектеп жұмысы мен оқушының оқудағы жетістіктерін дамытудағы басты тұлға мұғалім екеніне, олардың пәнді терең түсініп өз білім қорларын өмірде кез-келген жағдайдан шығуға, бір проблеманың бірнеше шешімін табу дағдысын қалыптастыруға мақсатталған. Сондықтан білім жүйесін ізгілендіру үшін баланың білімге, оқуға қызығуы артып ол оған қуаныш әкелетіндей әсер беруі қажет. Қазіргі мектеп өзінің түлеп түрлендіру, жаңару кезеңін бастан өткізуде.
Қазіргі заман – жоғарғы технологиялардың заманы. Әлемде болып жатқан тың жаңалықтар мен өзгерістер көшінен қалып қоймау үшін әрбір көзі ашық, көкірегі ояу азамат жаңалыққа жаны құмар болуы басты шарт.
Оқушылардың өздігінен білім алып, өз бетінше шығармашылық түрде ойлануын дамытып, олардың оқуға деген ынта, жігері мен белсенділігін күшейту бүгінгі күннің талабы десек, сол талапқа сай өз басым біліктілігімді арттыру.
Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін басты орынға қойылып отыр. Жаһандану үрдісінде, шығармашылық ізденістегі, әр баланың ақыл-ой еңбегінің дамуына ықпал жасайтын негізгі тұлғаның бірі – оқушының ұстазы. Осы курс арқылы көптеген жаңа тәсілдер мен әдістерді үйрене отырып, көптеген тәжірибелер жинақтадым. Биология пәнінен сабақ беру барысында жаңа форматтағы жеті модульді сабақ барысында жүйелі қолданып келемін. Жеті модульді бір сабақ өткізген кездеде қолдануға болады, кейде екі сабаққа бөліп пайдалануға болады. Ол мұғалімнің шеберлігіне байланысты болып келеді. Орта мерзімді сабақ жоспары мен қысқа мерзімді сабақ жоспары жаңа форматтағы әдіс-тәсілдердің бірі болып табылады. Жаңа форматтағы жеті модульді жүйелі пайдаланудың өзі үлкен шеберлікті қажет етеді. Орта мерзімді сабақ жоспары мен қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасақтап, өз пәніме жүйелі түрде қолданып келемін. Өз пәнім бойынша сабақ топтамаларында жеті модульді пайдалана отырып өткізген сабақтарым оң нәтижесін беруде
Биология пәнінен жеті модульді пайдалана отырып ұзақ, орта және қысқа мерзімді жоспар жасап , биология пәнін оқытуда алға міндеттер қойдым.
1.Жеті модульді үнемі пайдалана отырып сабақ өткізу.
2. Биологиялық білім деңгейлерін тереңдету.
3.Оқушының пәнге деген қызығушылығын дамыту.
4. Қосымша материалдар мен өз бетінше ізденугу қалыптастыру.
5. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру.
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай білім беру.
Тізбектелген сабақтар топтамасындағы сыни тұрғыдан ойлау модулі.
Биология сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау модулін көбірек пайдаландым. Мұндағы мақсатым сыныптағы үлгермеуші оқушыларды ынталандыра отырып, оқу үдерісіне қосу еді. Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйретсем, олардың оқуға деген ынтасы ояна ма?. Деген сұрақ төңірегінде көп ойландым. Әрбір сабағымның оқушыны еліктіріп әкететіндей, олардың ой маржаны болу үшін мен нені істеуім керек деген мәселеде көп ізденіс жасадым.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін, достық қарым- қатынастарды артуы үшін сабақтарымды бірінші ынтымақтастық атмосферасын құрудан бастадым. Нәтижесінде оқушылар тың ойымен жаңа сабаққа кіріседі. Мектептегі сабақтарымда оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулінің қалай оқу керектігін үйрену әдісін басшылыққа ала отырып, оқушылардың бірлесіп, ынтымақтастықта жұмыс жасауы үшін оқушыларды топтарға бөліп отырдым.
Сабақ үстінде талантты мен дарынды оқушылармен жұмысқа да көңіл бөлетін болдым. Жалпы сыныптағы топтар белгілі бір тапсырма орындағанда, ол оқушыларға бөлек тапсырма беріп отырса, олардың сабаққа деген ынталары одан да жоғарылай түседі. Сабақ соңында бұрын барлығын қорытындылап оқушылардың білімін тек өзім бағалап жүрдім. Ал енді бағалаудың сабақ үстінде формативті мен суммативті бағалау түрлерін қолданатын болдым. Бағалауға оқушыларды да қатыстыратын болдым. Топтық жұмыс барысында оқушыларға бағалау парағы беріледі де, олар бірінші өзіне, содан кейін топтағы басқа мүшелерге баға берді. Баға қойған уақытта олардың топтағы жұмысқа қаншалықты белсенді қатысқанын, ортаға салған жаңа идеяларын ескерді. Сондықтан да оқушылар бағалағанда бір біріне кемшіліктерін айтып, әділ баға қойды. Ол бағаға мұғалімнің бағасы қосылды да ортақ бір шешімге келді. Сонымен қатар Тәжірибеме өзгеріс енгізу арқылы менің де оқушымен қарым-қатынас жасауым жеңілдеді. Бұрын оқушыларым маған өз ойын ашық айтуға ұялатын болса, енді мен оларға серіктес ретінде сеніммен қарауды үйрендім.
Жалпы менің түйгенім, бұлай оқытудың бастапқы идеясы оқушыларды дайын, жаттанды білімменен сусындату емес, керісінше механикалық деңгейдегі сұрақтардан туындайтын жоғары деңгейдегі яғни сыни тұрғыдан ойлануға түрткі болатын «... не болар еді?», «қалай өзгертуге болады?», «егер де ... сен не істер едің?» деген сияқты сұрақтарға оқушылар өздерінің ойын пікірталаста еркiн айта білетін, өз біліміне өзі жауап беретін жеке тұлғаны
Елімізде тәрбиелеп шығару. Бұрынғы сабақтарымда мен сөйлете алмаған белсенділігі төмен үнсіз оқушының өзі басқа балалардың ықпалымен жұрт алдына шығып, өз ойын айта білуге үйренді.
Бұрын сабақты өте жақсы оқитын бала ғана дарынды болып есептелсе, енді кез-келген баланың бойынан ерекше қабілетті көре білуге, соны әрі қарай дамытуды үйрендім. Оқушыларымның ішінен суретші, болашақ жазушы, АКТ-ны жетік білетін баланы анықтап, ол оқушыларға дарындылық қабілетін әрі қарай шыңдайтындай тапсырмалар беріп, әр сабақ сайын балалардың ерекшеліктерін ескере отырдым.
Класқа «Менің ішкі үнім» корзинасын жасап, жарға ілдім. Балалар ішкі толғаныстарын, сабақтан алған әсерлерін қымсынбай жеткізуді әдетке айналдырды. Әрбір сабақ сайын оқушы үнін біліп, олардың ұсыныстарына құлақ асуды мен де үйрендім.
Оқушылармен талқылау кезінде олардың мұғалімдер тапсырған жұмыс туралы пікірін жиі талқылауға тырысатынын байқадым. Олар жалпы «Бұндай бағалаумен келіспеймін» дейді, себебі өлшемдердің қандай екенін біледі. Олар теріс пікірге қарсы шыға алады және меніңше олар өздері тапсырған жұмыстың құндылығы туралы ашық диалог жүргізу қабілетіне ие болды.
Ғылыми зерттеу нәтижелері осы модульдің ішінде диологтің маңызды роль атқаратынын көрсетті. Диологтік оқыту оқушыларға және сабақтағы оқу үрдісіне қатысты сыныпта шешуші позиция алатын аса маңызды тәсіл. Оқушыларға әліде болса, өзі орындай алмайтын тапсырмаларды орындау үшін оларға мұғалімнің қабілетті оқушылардың, үлкендердің көмегі қажет. Қолдау түрі арқылы қарым-қатынаста болғандағы сөздер оқудың аса маңызды құралы болып табылады. Сыныптағы оқушылардың бірлескен әңгімелесуі көп пайда әкеледі. Оқушылар тақырыпты өзі түсінгені бойынша айтады. Әр оқушының өз пікірі сақталады. Сөйлеу, ойлау, еркіндігі оқушының ақыл-ой қабілетін дамытады.Диологтік оқытуды сыныпта жұптық, жеке,топтық тапсырмалар, сауалнамалар ретінде қарастырдым.
Тапсырманы жеке, жұппен, топпен орындаған кезде басқаның пікірін тыңдау,ауызекі сөз, сөйлеу, талқылау және дәйектер келтіру кезінде де оқушы білім алады.
Мен осы курста оқығаныма қуаныштымын. Өйткені қанша жаңа ақпарат алып, сабақ жүргізудің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгердік. Өзімнің бойымда өзгерістер пайда болды: сабақта көп сөйлейтінмін, ал қазір оқушылар жаңа білімді өздері меңгере алатын жағдай туғызуға тырысамын. Мұғалім тек қана бағдар беруші. Ұлы ғалым Д.И.Менделеев: «Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген мұғалім ғана оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады» деген.
Оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырғанымда, оқу үдерісіндегі қажеттіліктерінен басқа, оқушыларымды жаңа қырынан байқай бастадым. Табысты оқу мен оқытудың мәні оқыту үдерісінде жеке тұлғалар өздерін еркін және қауіпсіз сезінуіне жағдай жасағанымды байқай отырып, олардың пәніме (биологияға) деген қызығушылығын арттырамын.
Білім беруде ақпарааттық –коммуникациялық технологияларды қолдану. Сабақта АКТ-ны қолдану баланың ой- өрісін танымын, сабаққа деген қызығушылығын арттырады.
Қоғамда ақпараттық технологиялар күннен күнге дамып өрістеп келеді. АКТ қолдану арқылы біз сабағымыздың дәстүрлі сабақтардан көптеген айырмашылық бар екенін және техниканы меңгертеміз, әлемді танытамыз, пән аралық байланыс жасаймыз.
Зерттеуші ғалымдардың пікіріне сүйенер болсақ, Бұл американдық педагог ғалымдардың Джон Дьюи, Эдвард Глейзер, Бенжамин Блум, Донольд Шон алдыңғы қатарлы идеялары негізінде құрылған жоба. «Сын тұрғыдан ойлауға үйрету» маңызды мәселелерді талқылауды және тәжірибені ой елегінен өт-кізуді қамтиды. Ол бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәти-жесінде берілген ақпаратты ойлауға, талдауға, бағалауға бағытталған. Бала-ларды дәйектер, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зиятты жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түсуде. Осылайша балаларды ХХI ғасырда және кейінгі ғасырларда да өмір сүру үшін қажетті дағдылар мен қасиеттермен қару-ландыру мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады. Осылайша «сын тұрғыдан ойлауын дамытуға үйрету» дамытудағы әдіс-тәсілдерді қол-дану сабақта көп нәтиже береді. Оқушының жеке басын дамыту үшін мына-дай қағидаларды есте үнемі ұстап отырдым. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауды көздейді. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 2014 ж. 41-бет). Тақырып бойынша оқушылардың сыни ойлануын қалыптастыруда мынадай ұстанымдарды жоспарладым:
- баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін тапсыр-ма барысында баланың іс әркетіне талдау жүргізу;
- дамытушылыққа ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін әдістерді пайдалану;
- баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңге-йінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау;
- білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шы-ғармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр.
Оқушылар сабақ барысында қалай оқу керектігін меңгеріп, яғни метатанымы пайда болады. Оқушылардың ойлау қабілеті дамиды, бұрын алған білімдері, жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және сыныптастарынан алған білімдерімен байланыста жүзеге асады, үдеріс ба-рысында ой қорытады, нәтижеге жетуге ұмтылады.
Сaбaқтың бacындa oқушылaр-дың бeлceндiлiгiн aрттыру үшiн қoйылғaн кiрicпe cұрaқтaрын Блум тaкcoнo-мияcы бoйыншa oйлaудың жoғaры дeңгeйлeрi тұрғыcынaн қoйып, oлaрдың oйлaу дeңгeйлeрiн aнықтaп oтырдым.
Блум тaкcoнoмияcы oйлaу дaғдылaрының кeңiнeн қoлдaнылaтын әдici. Блум тaкcoнoмияcы eң төмeнгi үдeрicтeрдeн жoғaрығa қaрaй кeзeң-кeзeңмeн қoзғaлуды көздeйдi (Мұғaлiмдeргe aрнaлғaн нұcқaулық, 43-бeт).
Өз сабақтарымда СТО әдістерін топтастыру, Блум таксономиямсы бойын-ша, сәйкестендіру сәті, ребус шешу, ғажайып ондық, биологиялық есеп арқы-лы қызығушылығын ояту, Оқулықпен жеке танысып, инсерт әдісімен түртіп алу, топта талқылау, постер құру «мағынаны ашу», «ой қорытындылау» және «ой қозғау», «Сенесің бе, сенбейсің бе?» тренинг арқылы тақырыптарын ашу, «Ой толғау», бақылау, бағалау, ББҮ кестесі рефлексия «ой қорыту», Сыйқырлы сандарды сөйлетейік, Артық сөзді алып таста, Сәйкестіріп анықтаңдар, Анықтайық зерттейік, «Ыстық орындық» арқылы оқушылардың білімін жүйелеу әдістерін қолдандым. Жаңа сөздерді үйренуде ассоциация стратегиясын қолдандым. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету-сынау емес, шындал-ған ойлау. Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығу-шылығын ояту, жеке танысу, топта талқылау, постер құру, сыныпта қорғау мағынаны тану, ой толғаныс, инсерт кезеңдерінен түзілді.
Сaбaқ барысында мaзмұны бoйынша cұрaқтaрды көбiнe ic-әрeкeтiн зeрттeп oтырғaн oқушылaрымa қaрaй қoйдырып oтырдым: