СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мутациялық өзгергіштік

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мутациялық өзгергіштік

Мутация дегеніміз - организм генотипінің, яғни хромосомалар мен олардың құрамды бөліктері - гендердің өзгеруіне байланысты кездейсоқ пайда болатын, тұқым қуалайтын өзгергіштік. Бұл ұғымды ең алғаш рет голландиялық ботаник Х. Де Фриз қалыптастырды. 2. Мутагендер дегеніміз не, олардың қандай түрлері бар? Мутация сыртқы орта факторларының әсерінен пайда болады, оларды Мутагендер деп атаймыз. Мутагендердің 3 түрі бар: физикалық, химиялық, биологиялық. 3. Генотиптің өзгеру сипатына қарай мутацияның қандай түрлері бар? Генотиптің өзгеру сипатына қарай мутациялар: гендік, хромосомалық, геномдық, цитоплазмалық 4. Гендік мутация дегеніміз не? ДНҚ құрамындағы генде өзгеріс болады. ДНҚ-дағы нуклеотидтердің орны өзгереді, ДНҚ молекуласындағы бір нуклеотидтің түсіп қалуы мүмкін, немесе бір нуклеотидтің орнына басқа нуклеотид орналасады. 5. Хромосомалық мутация Хромосомалық мутация түрлі хромосомалық өзгерістерге байланысты болады. Бұл жағдайда хромосомаларды құрылымы өзгереді. Ондай өзгерістер хромосомаішілік және хромосомааралық болып келеді. 6. Хромосомаішілік мутацияның қандай топтары бар?  

Просмотр содержимого документа
«Мутациялық өзгергіштік»

Мутациялық өзгергіштік

Мутация дегеніміз - организм генотипінің, яғни хромосомалар мен олардың құрамды бөліктері - гендердің өзгеруіне байланысты кездейсоқ пайда болатын, тұқым қуалайтын өзгергіштік. Бұл ұғымды ең алғаш рет голландиялық ботаник Х. Де Фриз қалыптастырды.
2. Мутагендер дегеніміз не, олардың қандай түрлері бар?
Мутация сыртқы орта факторларының әсерінен пайда болады, оларды
Мутагендер деп атаймыз. Мутагендердің 3 түрі бар: физикалық, химиялық, биологиялық.
3. Генотиптің өзгеру сипатына қарай мутацияның қандай түрлері бар?
Генотиптің өзгеру сипатына қарай мутациялар: гендік, хромосомалық, геномдық, цитоплазмалық
4. Гендік мутация дегеніміз не?
ДНҚ құрамындағы генде өзгеріс болады. ДНҚ-дағы нуклеотидтердің орны өзгереді, ДНҚ молекуласындағы бір нуклеотидтің түсіп қалуы мүмкін, немесе бір нуклеотидтің орнына басқа нуклеотид орналасады.
5. Хромосомалық мутация
Хромосомалық мутация түрлі хромосомалық өзгерістерге байланысты болады. Бұл жағдайда хромосомаларды құрылымы өзгереді. Ондай өзгерістер хромосомаішілік және хромосомааралық болып келеді.
6. Хромосомаішілік мутацияның қандай топтары бар?

Хромосомаішілік өзгерістерге мыналар жатады: дефешенсия - хромосома ұштарының жетіспеушілігі; делеция - хромосоманың бір бөлігінің үзіліп түсіп қалуы; инверсия - хромосомабөлігінің 180 - қа бұрылуына байланысты гендердің орналасу ретінің өзгеруі; дупликация - хромосоманың белгілі бір бөлігінің екі еселенуі.
7. Хромосома аралық мутацияның қандай топтары бар?
Хромосомааралық өзгерістерге хромосоманың бір бөлігінің ғана ұқсас емес басқа бір хромосомамен ауысып кетуі жатады, оны транслокация дейді.
8. Геномдық мутация дегеніміз не?
Геномдық мутация дегеніміз - жасушадағы хромосомалар санының өзгеруіне байланысты болатын өзгергіштік.
9. Геномдық мутацияның қандай түрлері бар?
Митоз бен мейоз кезінде хромосома саны теңдей бөлінбей, не көбейеді, не азаяды. Көбейсе полиплоидия, азайса анеуплоидия немесе гетероплоидия деп атайды.
10. Полиплоидия
Гаплоидты хромосома санының еселеніп көбеюін полиплоидия деп атайды. Полиплоидия құбылысы табиғатта кеңінен тараған, олар табиғи жағдайлардың әсерінен пайда болатындығы дәлелденді. Мәдени өсімдіктердің көпшілігі табиғи полиплоидты формалар. Хромосома санының еселену дәрежесіне қарай 3n - триплоидты, 4n - тетраплоидті, 5n - пентаплоидті болыпкеледі.
11. Анеуплоидия
Анеуплоидия немесе гетероплоидия хромосома санының гаплоидті жиынтыққа еселенбей өзгеруінің нәтижесінде пайда болады. Бұлқұбылысты ең алғашК. Брид жес дрозофила шыбынындағы жыныспен тіркесіп тұқымқуалау заңдылығын зерттеу барысында байқаған болатын.
12. Цитоплазмалық мутация.
Цитоплазмалық тұқымқуалауды зерттеудің негізін 1908 - 1909 жылдары неміс ғалымдары К. Корренс пен Э. Баур салған. Цитоплазмалық тұқымқуалау негізінен аналық жол мен жүреді, өйткені аналық жасушада цитоплазманың мөлшері көп, алаталық жасушада цитоплазма мөлшері аз. Сонымен цитоплазмалық мутация плазмогендердің өзгеруі нәтижесінде организм белгілерінің өзгеруі болып табылады. Плазмогендер тек пластидтер мен митохондрияларда ғана болады.