4 – сынып
Сабақтың тақырыбы: Музыкалық дыбыстар
Сабақтың мақсаты:
1.музыкалық дыбыстар жайлы түсініктерін қалыптастыру.
2. музыкалық дыбысты орындай білуге, ән айту дағдыларын дамыту.
3. Музыкалық дыбыстарды ажырата алуға, дұрыс тыңдап ,сараптама жасай білуге дағдыландыру
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдер: дыбыс аппараттарыны арналған жаттығулар жасату.
Көрнекілік: ән, күй таспалары, слайттар , баян , домбыра музыкалық орталық
Ұйымдастыру
Сәлемдесу (аспаппен әуенді)
- Сәлеметпе балалар!
Оқушылар: Сәлеметсіз бе, мұғалім!
оқушылар бір-бірімен үш тілде әуенді сәлемдеседі
Үй тапсырмасын сұрау
- Балалар біз өткен сабағымызды еске түсіріп қайталап жіберейік. Ол үшін
сұрақтарға жауап берейік.
Балалар музыкадағы 7 ноталарды ретімен әндетіп орындап жіберейікші
2. Олар былай аталар Әлемде жеті нота бар. Олар былай аталар
? (до - ре - ми - фа - соль - ля - си - до)3. Қане балалар енді осы жеті нотаны қол қимылы арқылы барлығымыз бірге көрсетейік
4. Дыбыстар неше түрге бөлінеді? Екі түрге (шулы, музыкалық)
Жаңа сабақ
Музыкалық дыбыс – музыкалық жүйеде нақтылы орны бар, тұрақты биіктіктегі дыбыс. Музыкалық дыбыс музыка мәдениетінің көпғасырлық даму барысында (шу дыбыстардан бөлек) айқындалып, белгілі бір жүйелі қалыпқа түсіріліп, музыкалық ойды, образды бейнелеуде қолданылатын көркемдік құбылыс. Олардың дыбыс биіктігі, естілу күші, тембрі, ұзақтығы айқын. Музыкалық дыбыстағы негізгі тонның жоғарылығы
Шулы дыбыстар – көбінесе табиғатта кездеседі, мысалы: жел, найзағай, боран, жауын, ұшақтың ұшуы, машинаның сигналы. Сонымен қатар шулы дыбысты өзіміз шығара аламыз. Соның дәлелі ретінде шулы дыбыс шығарып көрейік. Қанекей, 4 рет аяғымызды еденге соғып, алақанымызбен 4 рет шапалақтайық. Біздің мектепте де күнделікті соғылатын қоңыраудың дыбысы да шулы аспабының мысалы болады (қоңырау).
- Дұрыс балалар, енді қазір «Дыбыстар» ойынын ойнайық, ол үшін үнтаспаға назар аударайық. Тыңдап, қай дыбыстың шулы, қай дыбыстың музыкалық екенін анықтаңдар. Сіздерге ноталар беріп қояйын, әр жауаптарыңызды, тақтаға ілесіздер. (үнтаспадан дыбыстар қойылады: жел, найзағай, боран, жауын, ұшақтың ұшуы, машинаның сигналы, күй, әуен)
Нота сауаттылығы:
Балалар, енді дәптерлеріңе нота станын сызып , до ,ми, соль ноталарын осы нота станына орналастырып көрейік
-балалар музыка туралы ,ән туралы қандай мақал- мәтелдер білеміз? Ортаға салайықшы. (оқушылар білерін мақал мәтелдерін айтады)
Біз бүгін нота жақтауына 3 нотаның орналасуын өтеміз, олар до - ре - ми.
Шығармашылық тапсырма:
Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйін орындап беремін, сендер тыңдаған күйді көзге елестетеп не елестеткендеріңізді суретке түсіріңдер
Алдыңғы сабақта үйренген М. Мақатаевтің «Саржайлау әнін» хормен орындап жіберейік. Дыбыс аппаратымызға жаттығу жасап алайық. Мажор
тональділігінде гамма жаттығуларын әртүрлі биіктілікте орындау. Саржайлау әнін хормен орындау
Сабақты бекіту: музыкалық дыбыстардың қандай түрлері бар?
-ми ,соль ноталары нота станына калай орналасады?
Үйге тапсырма: музыкалық және шулы аспап түрлерін ажыратып, аспаптардың суретін салып келу.