СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ән өнерін паш еткен Манарбек Ержанов

Категория: Музыка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Манарбек Ержановтың өмірбаяны. Ән өнеріне қосқан өшпес мұрасы.

Просмотр содержимого документа
«Ән өнерін паш еткен Манарбек Ержанов»

Сабақ жоспары №2

Пәннің аты: Музыка

Сабақтың тақырыбы: Ән өнерін паш еткен - Манарбек Ержанов

Сабақтың мақсаты: Әнші Манарбек Ержанов туралы түсінік беру 1. Манарбек Ержановтың орындауындағы әндермен танысу; 2. Ән тыңдау қабілеттерін дамыту;

3. Ән өнерінің түрлерінің шығу тарихын білу; Сабақтың түрі: аралас сабақ

Оқытылу әдісі: түсіндіру, ән үйрену

Сабақтың көрнекілігі: үнтаспалар, күйші суреті, музыкалық аспап баян. Пәнаралық байланыс: ана тілі

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі

- Оқушылармен амандасу - «Қуанамын» әнін тыңдау - Сабаққа зейіндерін аудару

II. Жаңа тақырып: - Түсіндіру

-Манарбек Ержанов (1901-1966ж.),әнші (тенор), актер, композитор, қазақ ұлттық театр өнерінің негізін қааушылардың бірі,ақын Шашубай Қошқарбаевтың әншілік мектебінің дәстүрлерін жалғастырушы, ҚазКСР халық артисі (1938 ж.). 1929-1931 жылдары Қазақ драма театрында (қазіргі М.О.Әуезов атынд. Қазақ мемлекеттік драма театры) жұмыс істеді.1931-32 жылдары Риддерде жұмысшы жастар театрын ұйымдастырды. 1933-1953 жылдары Абай атынд. Қазақ мемлекеттік опера және балет театрының,1953-1966 жылдары Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі.

Жасаған сахналық образдары: Жарастың («Айман-Шолпанында»), Шегенің («Қыз Жібекте»), Саханның («Ер Тарғында»), Әзімнің («Абайда»), Елеместің («Жалбыр») сахналық образдарын жасады.

М.Ержановтың шығармалары: «Жарыс», «Қойшы әні» «Ленин туралы», «Аманкелді туралы», «Жасасын», «Паровоз», «Қуанамын», «Аққу», «Жетісу» «Шалқар».

Оның домбыраға арналған күйлері «Би күйі», «Аққу», «Жетісу». Е. Г.Брусиловский осыны еске алып – «Мен көптен бері осы жерге бір халықтық әуенді таба алмай жүретін едім, оны Манарбектің өзіне де айтқам. Манарбек бір түннің ішінде ертеңгі ойынға халықтың ақындық өнеріндегі осы бір жарқылдаған термені тауып келді» – деп есіне алған еді. Ахмет Жұбанов: - «спектакльден соң атақты академик-музыкатанушы әрі композитор Б.В.Асафьев «О, мынау әнші ғажап қой! Мәскеуге қазақтың кең даласының бар кереметін көшіріп әкелді-ғой» – деп шаттана сөйлеп Манарбектің қандай музыкалық мектеп бітіргендігін сұрады. Манарбекке берілген бұдан артық биік баға болмас, өйткені мұндай мақтауды кеңестік дәуірдің атақты музыка корифейінің өзі бергені ғажап еді» - деп жазды. Табиғаттың шынайы тұнбасындай әндер мен күйлердің иесі опера театрының маңдай алды ән саңлағының туғанына жүз жылдық торқалы тойы 2002 жылы аталып өтті. Манарбек Ержанов Қарағанды облысы Қарабұлақ деген жерде Қарқаралы маңында дүниеге келді.

1942 жылы Қазақ КСР-ы композиторлар Одағының алғашқы мүшелерінің бірі болып қабылданды. Арқаның ән дәстүрінің ай мүйізді ақ серке әншісі өз туындыларында халқымыздың ән дәстүрін ерекше шабыттана дамытып жаңаша түрлендіріп өрістетуге мол үлесін қосты. Манарбек таланты тудырған әндер мен күйлер жаңарған дәуірдің жаңаша кескін-келбетін, жарқын кезең лебін жаңа күйімен өзіндік сипатымен жырлап, ұлттық музыка өнеріміздің дәстүрлі мінез-құлқын жоғалтпай дамытып жалғастырды. Оған «Паровозы», «Қуанамын», «Жасасын», «Шопан әні» және басқа да әндері жатады. Бұлар күні бүгінге дейін ел арасында кең таралған сүйіп айтылатын гауһар әндер. Оның аспаптық шығармаларға арналған «Би күйі», «Шалқар көлі», «Өрнек», «Көңіл күйлері» ұлттық шертпе күй дәстүріндегі өзіндік жеке дара сыр-сипаттарымен кескін келбеті жарқын да жайдары қызықты, айрықша өз қолтаңбасы айқын, бірін-бірі қайталамайтын сазы, күйі, әуені мол сырлы шығармалар.

Кейінгі жылдары (1953-1960) Манарбек негізінен композиторлық және концерттік жұмыстармен көбірек шұғылданды. Гастрольдік сапармен республиканың барлық жерін аралап ән салды. Бұл жылдары әнші шығармашылығы жемісті, ырысты болды. Ол өндіріп жұмыс істеді. Әншінің халықтық дәстүрдегі елге кең таралған көп айтылатын шығармалары жаңа заман, жаңа дәуірді жырлаған әндері осы кездің еншісіне тиген болатын.

М.Ержановтың кеңестік қазақ музыка мәдениетіне қосқан үлесін үкімет жоғары бағалады. Оған Қазақ КСР-ң Халық әртісі құрметті атағы берілді, Қызыл жұлдыз және «Құрмет белгісмен ордендерімен, үкіметтің мақтау қағаздарымен марапатталды.

-Музыка тыңдау

- Манарбек Ержанов «Қуанамын», «Амангелді туралы», «Қойшы әні»

- Естай «Қорлан»

- Әндерді талдау жұмыстары

-Жаңа ән үйрену

- Ғарифолла Құрманғалиев «Он алты қыз» - тыңдау

- әннің өлеңімен танысу

- үнтаспадан тыңдау

- нота сауаттылығымен жұмыстар

-Дәптермен жұмыс

- Әнші Манарбек Ержанов творчествосынан әндері мен сомдаған рольдерінің атауларын дәптерге түсіру

- Бекіту сұрақтары

- Әнші Манарбек Ержанов қай жерде дүниеге келді?

- Сахнада қандай рольдерді сомдады?

- Әншінің 100 жылдық торқалы тойы қай жылы атап өтілді?

- М.Ержановтың қандай наградалары бар?

- Манарбек Ержановтың шығармаларын ата!

-Үйге тапсырма

- Ғарифолла Құрманғалиевтің «Он алты қыз» әнін үйрену