Просмотр содержимого документа
«Нәтиже сабақ. "Ғалымдар" 10-сынып.»
Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ «Ғалымдар».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: XI модульде өткен лексикалық тақырып «Ғалымдар», грамматика бойынша меңгерген білімдерін тексеру.
Дамыту: ауызекі сөйлеуге жаттыға отырып, сөйлемді дұрыс құрай, етістіктің түрлерін ажырата білуді қайталай отырып, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: ұжымда жұмыс істей білуге, еңбектене білуге, өзін-өзі бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: экран, компьютер, видеопроектор
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
а) Сабақтың тақырыбын айту.
б) Сабақтың мақсатын айту.
в) Оқушыларды сұрақ беру арқылы сабаққа дайындау
II. Топпен жұмыс (диалог құру).
а) Қаныш Сәтбаев
б) Шоқан Уәлиханов
в) Әлкей Марғұлан
(Әр топтан құрған диалогтарын сұрау)
III. Тақтадағы (экран) берілген сөздердің синонимін табу
Жалпы жұмыс.
а) синоним деген не?
б) антоним деген не?
Оқушымен жеке жұмыс (дәптермен жұмыс)
Жауап кілт бойынша өздерін-өздері тексеріп, бағалайды.
IY. Экрандағы сөздерге тиісті әріпті қойып, фонетикалық талдау жасау.
Y. Берілген сөздерден сөйлемді дұрыс құрау.
(Жауап кілт беріліп, өздерін-өздері бағалайды).
YI. Сергіту
YII. Берілген сөз тіркестерін қазақ тіліне аудару.
(Жауап кілт беріліп, бірін- бірі бағалайды).
YIII. Етістікті түрлендіру.
(Жауап кілт беріліп, өздерін-өздері бағалайды).
IX. Қосымша материал. Ш. Уәлихановтың сөзі.( экранда көрсетіледі)
X. Сабақты қорытындылау
XI. Үйге тапсырма.
XII. Бағалау
XIII. Тест жұмысы.