СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Наша - адамзатқа төнген тажал

Нажмите, чтобы узнать подробности

Нашақорлықты басқаша «мидың қатерлі рагы» деу керек. Егер ол асқынып кетсе деградацияға, яғни дағдарысқа ұшырайды. Онда «мен» деген нәрсе болмайды, «әке-шешем мен үшін жүгіріп жүр-ау, ертең ел-жұртқа қалай қараймын?», яғни болашағына есеп бермейді.

Просмотр содержимого документа
«Наша - адамзатқа төнген тажал»

Наша -тажал

Қазіргі нашаның көп тарағаны - героин, яғни ақ ұнтақ. Одан адам санасы тез уланады. Бірінші рет көргенде ләззат алады, сол ләззатты өмір бойы іздеумен өтеді. Нашақор деген тамырға енгізеді. Ол адам организмін тез улайды. Одан адам қалай тез өліп кеткенін де білмей қалады.

Сана-сезімі уланған адамның мінез-құлқы да өзгереді. Мысалы, кейбір ата-аналар менің балам бұрын момынтұғын, алдамайтын, қарсы шықпайтын, ал қазір күрт өзгеріп кетті, өтірік айтады, төбелесуге дайын тұрады деп жатады. Осыдан-ақ баланың есірткімен айналысып жүргендігі анықталады.

Адамның өзінен-өзі бұзылып кетпейтіні түсінікті ғой. Біреуге-біреу ықпал етеді. Жастардың арасында мода деген түсінік қалыптасқан. Еліктейді, бірінен-бірі артық болып көрінгісі келеді. Қазір оның үстіне не көп, түнгі клубтар көп. Нашаның басты таралатын орны - осы түнгі клубтардағы дискотекалардан басталады. Сондықтан, жас ұрпақ, буыныңды үсікке шалдыра көрме!

Нашақорлықты басқаша «мидың қатерлі рагы» деу керек. Егер ол асқынып кетсе деградацияға, яғни дағдарысқа ұшырайды. Онда «мен» деген нәрсе болмайды, «әке-шешем мен үшін жүгіріп жүр-ау, ертең ел-жұртқа қалай қараймын?», яғни болашағына есеп бермейді. Мақсаты тек біреу «қайда бар, кімде бар, қалай ақша тапсам, қалай алсам?» деп, есірткіні ғана ойлаумен болады. Тіршіліктің бар мәні осы ғана.

Наркотиктердің қазір кең таралып жатқаны – героин, оны қолданған адамның сана-сезімі бұзылып, жүрегі, бауыры зақымданады.

Наркологиялық орталықтардың статистикасы бойынша 1 нашақор жылына 13-15 адамды өзіне тартады.

Қазірге кезде нашақорлық адамзаттың қасіретті қайғысына айналып, кеңінен етек алып бара жатыр. Дауасыз дерт ұрпақты уландырып, ағзасын аздырып, тектілігін тоздырып, діңкелететін айықпас кесел. Сондықтан да осы бір айықпас кеселге жол бермеу, оның алдын-алу шараларын ұйымдастыру – бүгінгі таңдағы басты міндет.

Жыл сайын 17-ге толмаған мыңдаған жасөспірім нашақорлық салда-рынан өмірмен қоштасып, ата-ана мен туыстарын аңыратып кетеді.

Соңғы 10 жылдың ішінде нашақорлық пен адам ағзасына кері әсер ететін түрлі заттардың таралу кең етек жайды және ол тек экономикалық,саяси, тәртіп мәселесін ғана емес, жас ұрпақтың денсаулығын, ұлттық болмысын жоятын жойқын қасіретінке айналды десек артық айтқандық болмас. Тіпті соңғы уақытта нашақорлыққа жастардың бой ұруы үрей туғызады.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, 13-15 жас аралығындағы жасөспірімдер айықпас удың тұтқынына айналуда. Нашақорлардың орташа жасы 30-дан да төмендеп кеткен. Соның салдарынан қылмыс көбейе түскен.

Жас ұрпақты бұдан арашалау үшін қоғам болып күресу керек. Мұны дер кезінде тұзақтап қалмасақ, ертең орны толмас өкінішке ұрынамыз. Сондықтан да болар Елбасы Н.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына есірткі зардабы туралы айтқан болатын. Демек, әрбір азамат бұл іске үлес қосуы қажет.