СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Наша?орлы?-?асыр дерті

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ош?арова З?уреш

№ 211 А. Байт?рсынов атында?ы орта мектепті? кітапханашысы

?ызылорда ?аласы

 

 

Та?ырыбы: «Наша?орлы? - ?асыр дерті » Ма?саты:Наша?орлы? - ?асыр дерті екендігін, нашалы? заттарды? адам ?міріне аса ?ауіптілігін ??ындыра отырып, алдын алу, саналы да салауатты ?мір с?руге т?рбиелеу. К?рнекілігі:ХХІ ?асыр - есірткісіз ?асыр, «Есірткіге жол жо?!» ж?не суреттер. І. Кіріспе с?з ІІ. Наша?орлы? ?асыр дерті атты баяндама ІІІ. Сахналы? ?ойылым «Жан азабы» ІV. Салауат ?гіт-насихат тобыны? ?ойылымы V. Нарколог ке?есі VІ. Рефлексия М??алім с?зі: І. Кіріспе с?з. Армысыздар ??рметті ?она?тар ж?не о?ушылар! Б?гін сіздерге мектебіміздегі 1-ші желто?сан к?ні ?ткен «Есірткіге жол жо?!» атты акция аясында ж?не б?гін, я?ни 19 ?араша б?кіл д?ние ж?зілік шылым шегушілерге ?арсы к?рес к?ніне байланысты  «Наша?орлы? ?асыр дерті» атты кіріктірілген ?лгідегі кітапхана са?атын ?сынып отырмыз. Б?гінгі кездесуімізге мектебімізді? психолог маманы, о?у ісі ме?герушісі ж?не д?рігер маманы ?атысып отыр. Елбасыны? «?аза?стан -2030» жолдауында к?рсетілген ?зекті м?селелерді? бірі салауатты ?мір с?ру, оны насихаттау м?селесі. Салауатты ?мір салты дегеніміз не? Ол ?леуметтік т?рмыстарды жа?сарту, бос уа?ытты тиімді пайдалану, зиянды ?рекеттерден аула? болу деген с?з. ?азіргі кезде етек ал?ан заманымызды? келесі дерттері шылым шегу, наша?орлы?. ?мір - ?мір с?ру ?шін беріледі. Т?рбие са?атымызды? ма?саты - жат ?ылы?тардан аула? болу?а т?рбиелеу ж?не салауатты ?мір салтын насихаттау. «Денсаулы?-зор байлы?» «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді данышпан хал?ымыз. «?мірімізді ?зарту да ?ыс?арту да ?з ?олымызда» ?мірге адам бір а? рет келеді, Жасты? ша?ы? ?мірі?ні? кемелі. К?те білсе? саулы?ы?ды ?релі, Таби?атты? бергеннен к?п берері. 1- ж?ргізуші «Наша?орлы? - ?асыр дерті» атты баяндама Есірткі грек тілінде ?й?ы ма?ынасын білдіретін «nerke» с?зі а?ылшын тілінде «narkotik» деген с?зге айналып, ?йы?тау, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген ма?ынаны береді. Жалпы айт?анда, есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Біра? д?ние ж?зінде к?нделікті ?олданыста стимулятор да есірткі ретінде ?абылдануда. ?йткені б?ларды? ??рамында, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін заттар да бар. Наша?орлы? - б?кіл ?о?амны? ?асіреті, болаша?ымыз?а ?ауіп т?ндіріп т?р?ан індет. Д?л ?азіргі та?да ?рбір жан?яны? есігі мен терезесіне ??іліп, айналасын торып, ?асыр індеті ж?р. Есірткі - химиялы? т?р?ыдан ал?анда улы заттар мен оларды? ?осындылары болып табылады. Олар т?рлі топтар?а б?лінеді: - таза т?рде пайдаланатын ?сімдіктерден алынатын улы заттар ( марихуана, гашиш, са?ырау??ла?тар) - химиялы? ?ндіруден ?тетін ?сімдіктерден алынатын улы заттар( гашиш майы, апиын, морфин, героин, кодеин, кокаин, крэк); - синтетикалы? жасанды жолмен алынатын улы ?осындылар (экстази, фенциклидин, амфетаминдер, барбитураттар, ВФ ж?не момент желімдері); 2-ж?ргізуші: Бізді? ата-бабаларымыз ке? далада еркін ?сті. Олар ойын да, бойын да таза ?стады. А?ыл-ойды улап, адамды есінен тандырып, мас ?ылатын ара?-шарап дегеннен аула? болды. Ата-бабамызды? е? с?йікті сусыны - дертке дауа, жан?а шипа ?ымыз еді. 1- ж?ргізуші: Есірткі, анаша – ?асыр тажалы. Онымен ?азір б?кіл ?лем болып к?ресуде. Біра? ол - о?ай алдырар жау емес екен. Есірткі - бір басын кессе?, екінші басы шы?а келетін жеті басты жалмауыз сия?ты. 2-ж?ргізуші: Есірткі бар жерде есірткіні таратушылар да бар. Олар – кісіні? к?з жасынан , ?ай?ы – ?асіретінен алтын а?ша тауып отыр?ан ?аныпезерлер. 1- ж?ргізуші: Сол ?аныпезерлерді? е? алдымен айналдыратыны - ?сіп келе жат?ан к?к?рім жастар. 2- ж?ргізуші: К?кн?р деген ш?п болады. Есірткіні? біразын осыдан жасайды. «К?кн?рді? к?з жасын ішкен адамдар ?мір бойы жылап ?теді» деген с?з бар халы?та. 1-ж?ргізуші: И?, есірткіге бір берілген адам ?мір бойы жылап ?теді. Тек ?зі ?ана емес, ата-анасын, бауырларын, жанашыр жа?ындарыны? б?рін де ?оса жылатады. ІІІ. Сахналы? ?ойылым. «Жан азабы» ?ойылымды тамашалау. ІV. Салауат ?гіт насихат тобыны? ?ойылымы. 2-ж?ргізуші: Анаша шегушілер бара-бара ?здеріні? адамды? ?асиетінен айырылады. Олар тек ?ана ?зін ойлайды. О?у, ж?мыс жайына ?алады. 1-ж?ргізуші: Олар ?тірік айтады. ?рлы? істейді. Адам тонайды. Ал кейде анаша алу ?шін кісі ?лтіруден де шімірікпейді. 2-ж?ргізуші: Есірткіні шприц ар?ылы тамырына жіберушілер бауыр ауруына ж?не СПИД дертіне шалды?ады. 1- ж?ргізуші: Анаша шегушілер - ?зін-?зі ?лтірушілер. 2-ж?ргізуші: Біріккен ?лттар ?йымыны? м?ліметі бойынша, Ау?анстан мен Т?жікстанда бірнеше мы?да?ан тонна апиын са?талып отыр. 1-ж?ргізуші: Сол апиын легі бізге келмесіне кім кепілдік береді. 2 - ж?ргізуші: Олай болса, са? болайы?, а?айын! 1-ж?ргізуші: Ажал тарататын анашадан абай болайы?! 2-ж?ргізуші: Егер ел боламыз десек, ?лт боламыз десек, 1-ж?ргізуші: Ата-анамыз?а ?уаныш ?келгіміз келсе, 2-ж?ргізуші: Болаша?ымыз н?рлы, елімізді? ерте?і к?ркем болсын десек, Екеуі ?осылып: Ел болып, халы? болып, анашаны ауызды?тайы?! ?асыр індетіне ?арсы тізе ?осып к?ресейік, бауырлар! V. Нарколог ке?есі. 1 - ж?ргізуші: С?з кезегін ауылымызды? наркологына береміз. Маман?а с?ра?тар ?оямыз: 1. Наша?ор?а за? несімен ?ауіпті? 2. Адамны? наша?ор екеніне сырт?ы белгісіне ?арап ?алай ажырату?а болады? 3. Наша?орлы?ты бас?аша ?алай атау?а болады? VІ. Рефлексия ( балауыз шамды жа?ып к?рсету) 2-ж?ргізуші: ??рметті о?ушылар, мына жанып т?р?ан шыра? бізді? болаша? ?міріміз. Осы жанып т?р?ан ?мірімізді неге ?шіреміз, ?зімізді? болаша? ?мірімізге неге балта шабамыз? Хормен: ?з ?міріміз ?шін к?ресе білейік! Салауатты ?мір салтын ?олдаймыз! Кері байланыс. 1. Наша?орлы? м?селесі бойынша айтыл?ан ойлар сіздерде ?андай сезімдер тудырды? М??алім с?зі: Наша?орлы? -?о?ам дерті. Наша?орлы?пен к?ресуге жал?ыз адамны? шамасы келмейді. Б?л жерде за? са?шылары нарколог мамандар, ата-аналар ж?не сіздер мен біздер ?рбір ?аза?стан азаматы шетте ?алмау керек. ?асыр дертімен к?ресу керек. Д?ниедегі е? ?ымбат н?рсе ол сені? ?мірі?. Сені? ?мірі? ол ?з ?олы?да. Салауатты ?мір с?рейік, спортпен айналысайы?, «Наша?орлы? - ?асыр дерті»- деп б?гінгі ашы? т?рбие са?атымызды ?орытындылаймыз.

Просмотр содержимого документа
«Наша?орлы?-?асыр дерті»

Қошқарова Зәуреш

211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің кітапханашысы

Қызылорда қаласы



Тақырыбы: «Нашақорлық - ғасыр дерті »

Мақсаты:Нашақорлық - ғасыр дерті екендігін, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:ХХІ ғасыр - есірткісіз ғасыр, «Есірткіге жол жоқ!» және суреттер.
І. Кіріспе сөз
ІІ. Нашақорлық ғасыр дерті атты баяндама
ІІІ. Сахналық қойылым «Жан азабы»
ІV. Салауат үгіт-насихат тобының қойылымы
V. Нарколог кеңесі
VІ. Рефлексия

Мұғалім сөзі:
І. Кіріспе сөз.
Армысыздар құрметті қонақтар және оқушылар! Бүгін сіздерге мектебіміздегі 1-ші желтоқсан күні өткен «Есірткіге жол жоқ!» атты акция аясында және бүгін, яғни 19 қараша бүкіл дүние жүзілік шылым шегушілерге қарсы күрес күніне байланысты «Нашақорлық ғасыр дерті» атты кіріктірілген үлгідегі кітапхана сағатын ұсынып отырмыз. Бүгінгі кездесуімізге мектебіміздің психолог маманы, оқу ісі меңгерушісі және дәрігер маманы қатысып отыр.

Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салты дегеніміз не? Ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз. Қазіргі кезде етек алған
заманымыздың келесі дерттері шылым шегу, нашақорлық. Өмір - өмір сүру үшін беріледі. Тәрбие сағатымыздың мақсаты - жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау. «Денсаулық-зор байлық»

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді данышпан халқымыз. «Өмірімізді ұзарту да қысқарту да өз қолымызда»
Өмірге адам бір ақ рет келеді,
Жастық шағың өміріңнің кемелі.
Күте білсең саулығыңды өрелі,
Табиғаттың бергеннен көп берері.
1- жүргізуші
«Нашақорлық - ғасыр дерті» атты баяндама
Есірткі грек тілінде ұйқы мағынасын білдіретін «nerke» сөзі ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтау, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді. Жалпы айтқанда, есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Бірақ дүние жүзінде күнделікті қолданыста стимулятор да есірткі ретінде қабылдануда. Өйткені бұлардың құрамында, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін заттар да бар.

Нашақорлық - бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Дәл қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, айналасын торып, ғасыр індеті жүр.
Есірткі - химиялық тұрғыдан алғанда улы заттар мен олардың қосындылары болып табылады. Олар түрлі топтарға бөлінеді:
- таза түрде пайдаланатын өсімдіктерден алынатын улы заттар ( марихуана, гашиш, саңырауқұлақтар)
- химиялық өндіруден өтетін өсімдіктерден алынатын улы заттар( гашиш
майы, апиын, морфин, героин, кодеин, кокаин, крэк);
- синтетикалық жасанды жолмен алынатын улы қосындылар (экстази, фенциклидин, амфетаминдер, барбитураттар, ВФ және момент желімдері);

2-жүргізуші:
Біздің ата-бабаларымыз кең далада еркін өсті. Олар ойын да, бойын да таза ұстады. Ақыл-ойды улап, адамды есінен тандырып, мас қылатын арақ-шарап дегеннен аулақ болды. Ата-бабамыздың ең сүйікті сусыны - дертке дауа, жанға шипа қымыз еді.
1- жүргізуші:
Есірткі, анаша – ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде. Бірақ ол - оңай алдырар жау емес екен. Есірткі - бір басын кессең, екінші басы шыға келетін жеті басты жалмауыз сияқты.

2-жүргізуші:
Есірткі бар жерде есірткіні таратушылар да бар. Олар – кісінің көз жасынан , қайғы – қасіретінен алтын ақша тауып отырған қаныпезерлер.
1- жүргізуші:
Сол қаныпезерлердің ең алдымен айналдыратыны - өсіп келе жатқан көкөрім жастар.
2- жүргізуші:
Көкнәр деген шөп болады. Есірткінің біразын осыдан жасайды. «Көкнәрдің көз жасын ішкен адамдар өмір бойы жылап өтеді» деген сөз бар халықта.

1-жүргізуші:
Иә, есірткіге бір берілген адам өмір бойы жылап өтеді. Тек өзі ғана емес, ата-анасын, бауырларын, жанашыр жақындарының бәрін де қоса жылатады.
ІІІ. Сахналық қойылым. «Жан азабы»
Қойылымды тамашалау.

ІV. Салауат үгіт насихат тобының қойылымы.
2-жүргізуші:
Анаша шегушілер бара-бара өздерінің адамдық қасиетінен айырылады. Олар тек қана өзін ойлайды. Оқу, жұмыс жайына қалады.
1-жүргізуші:
Олар өтірік айтады. Ұрлық істейді. Адам тонайды. Ал кейде анаша алу үшін кісі өлтіруден де шімірікпейді.
2-жүргізуші:
Есірткіні шприц арқылы тамырына жіберушілер бауыр ауруына және СПИД дертіне шалдығады.
1- жүргізуші:
Анаша шегушілер - өзін-өзі өлтірушілер.
2-жүргізуші:
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, Ауғанстан мен Тәжікстанда бірнеше мыңдаған тонна апиын сақталып отыр.
1-жүргізуші:
Сол апиын легі бізге келмесіне кім кепілдік береді.
2 - жүргізуші:
Олай болса, сақ болайық, ағайын!
1-жүргізуші:
Ажал тарататын анашадан абай болайық!
2-жүргізуші:
Егер ел боламыз десек, ұлт боламыз десек,
1-жүргізуші:
Ата-анамызға қуаныш әкелгіміз келсе,
2-жүргізуші:
Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі көркем болсын десек,
Екеуі қосылып:
Ел болып, халық болып, анашаны ауыздықтайық! Ғасыр індетіне қарсы тізе қосып күресейік, бауырлар!

V. Нарколог кеңесі.
1 - жүргізуші:
Сөз кезегін ауылымыздың наркологына береміз.
Маманға сұрақтар қоямыз:
1. Нашақорға заң несімен қауіпті?
2. Адамның нашақор екеніне сыртқы белгісіне қарап қалай ажыратуға болады?
3. Нашақорлықты басқаша қалай атауға болады?

VІ. Рефлексия ( балауыз шамды жағып көрсету)
2-жүргізуші:
Құрметті оқушылар, мына жанып тұрған шырақ біздің болашақ
өміріміз. Осы жанып тұрған өмірімізді неге өшіреміз, өзіміздің болашақ
өмірімізге неге балта шабамыз?
Хормен:
Өз өміріміз үшін күресе білейік!
Салауатты өмір салтын қолдаймыз!

Кері байланыс.
1. Нашақорлық мәселесі бойынша айтылған ойлар сіздерде қандай
сезімдер тудырды?
Мұғалім сөзі:
Нашақорлық -қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің ол өз қолыңда.

Салауатты өмір сүрейік, спортпен айналысайық, «Нашақорлық - ғасыр дерті»- деп бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды қорытындылаймыз.