СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Натрий және калий (10 - сынып сабақ жоспары)

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сыныбы: 10 «а» сыныбы                                                            Күні: 04.02.15ж.

Сабақтың тақырыбы: Натрий және калий

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:  периодтық жүйенің заңдылықтарынан, атом құрылысы мен металдардың жалпы қасиеттері және s – элементтер туралы білімдеріне сүйене отырып, оқушыларды натрий және калийдің өзіне тән қасиеттерімен таныстыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың ой белсенділігін арттыру, география, физика және биология курыстарындағы білімдерін химия пәнімен ұштастыра білуге машықтандыру. 9 сыныпта сілтілік металдар туралы алған білімдерін кеңейтіп, ой – өрісін, зейінін дамыту.

Тәрбиелілігі: шығрмашылық ізденістерін, іскерлік дағдыларын, пәнге, білімге қызығушылықтарын арттыра отырып, өз бетімен білім ала білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: химиялық элементтердің Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйесі, натрийдің кесегі, су, сынауық.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Пән аралық байланыс: география, физика, биология

Просмотр содержимого документа
«Натрий және калий (10 - сынып сабақ жоспары)»

Сыныбы: 10 «а» сыныбы Күні: 04.02.15ж.

Сабақтың тақырыбы: Натрий және калий

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: периодтық жүйенің заңдылықтарынан, атом құрылысы мен металдардың жалпы қасиеттері және s – элементтер туралы білімдеріне сүйене отырып, оқушыларды натрий және калийдің өзіне тән қасиеттерімен таныстыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың ой белсенділігін арттыру, география, физика және биология курыстарындағы білімдерін химия пәнімен ұштастыра білуге машықтандыру. 9 сыныпта сілтілік металдар туралы алған білімдерін кеңейтіп, ой – өрісін, зейінін дамыту.

Тәрбиелілігі: шығрмашылық ізденістерін, іскерлік дағдыларын, пәнге, білімге қызығушылықтарын арттыра отырып, өз бетімен білім ала білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: химиялық элементтердің Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйесі, натрийдің кесегі, су, сынауық.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Пән аралық байланыс: география, физика, биология

Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту

ІҮ. Бекіту

Ү. Бағалау

ҮІ. Үй тапсырмасы

Ұйымдастыру бөлімі. Сәлеметсіздерме оқушылар! Сабақта кім жоқ? Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.

Үй тапсырмасын сұрау. §5.1. s – элементтердің жалпы сипаттамасы. Сілтілік металдар

  1. №5 есеп 136-бет

Ca3(PO4)2 → P → P2O5 → H3PO4 → Na3PO4

↓ ↓ ↓

Mg3(PO4)2 Zn3(PO4)2 Ag3PO4

  1. 2Ca3(PO4)2 + 10С + 6SiO2 → 6CaSiO3 + P4 + 10CO

  2. 4P + 5O2 → 2P2O5

  3. P2O5 + 3H2O → 2H3PO4

  4. P2O5 + 3Mg(OH)2 → Mg3(PO4)2 + 3H2O

  5. H3PO4 + 3NaNO3 → Na3PO4 + 3HNO3

  6. 2H3PO4 + 3Zn(NO3)2 → Zn3(PO4)2 + 6HNO3

  7. Na3PO4 + 3AgNO3 → Ag3PO4↓ + 3NaNO3

2) 9,2 г натрий сумен әрекеттескенде қанша грамм натрий гидроксиді түзіледі?

Берілгені: Шешуі:

m(Na)=9,2г 9,2г Хг

Т/к: m(NaOH)=? 2Na + H2O → 2NaOH + H2

23г/моль 40г/моль

ν =; ν(Na) = = 0,ф4 моль

2 моль Na – 2 моль NaOH

0,4 моль Na – Х моль NaOH

Х= = 0,4моль

m = М * ν; m(NaOH) = 40г/моль* 0,4моль=16г

Жауабы: m(NaOH)= 16г.

Оқушыларға қойылатын өткен тақырыптарға байланысты сұрақтар:

  1. Элементтер қасиеттеріне қарай қалай жіктеледі?

S, p, d, f элементтер

  1. S – элементтерге жалпы сипаттама

S – элементтер периодтық жүйеде І, ІІ топтың негізгі топшасында орналасқан.

  1. Металдарға тән қасиеттерді ата

Электр тогын өткізеді, тотықсыздандырғыштар, валенттілік электрондарын оңай береді.

  1. Ең жұмсақ металдар

Сілтілік металдар

  1. ІА тобының металдарын неліктен сілтілік металдар деп атайды?

Олар сумен белсенді әрекеттескенде сілті түзетіндіктен.

  1. Сілтілік металдардың қасиеттері топ бойынша қалай өзгереді?

Жоғарыдан төмен қарай атом радиусы артады, электртерістілік кемиді, балқу, қайнау температуралары төмендейді.

  1. Сілтілік металдардың тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиеттері?

Ең күшті тотықсыздандырғыштар, басқа металдарға қарағанда белсенліліктері жоғары аяқталған қабат болу үшін өздерінің бір электронын оңай беріп жіберіп тотығады.

  1. Сілтілік металдардың реакциялық қабілеті?

Белсенді металл болғандықтан қабілеттері өте жоғары, сондықтан сілтілік металдарды керосин немесе парафин майы астында сақтайды

  1. Сілтілік металдарды ата:

Li, Na, K, Rb, Cs, Fr

Жаңа тақырыпты меңгерту.

Екі оқушыны тақтаға шығарып, натрий мен калийдің атомдарының электрондық және график түріндегі формуласын жаздырамын.

Na+11 )2 )8 )1 K+19 )2 )8 )8 )1

Бұлар ең күшті тотықсыздандырғыштар, басқа металдарға қарағанда белсенліліктері жоғары аяқталған қабат болу үшін өздерінің бір электронын оңай беріп жіберіп тотығады.

Физикалық қасиеттері: Натрий және калий – күмістей ақ түсті металдар, жаңадан кескенде жылтырайды, осы кезде калийдің күлгіндеу реңі болады. Олар ауада оңай тотығады және күңгірттенеді.

Натрий мен калий кристалданғанда, басқа типті торларға қарағанда тығыздығы аздау кубтық көлемді орталықтанған тор түзеді. Сондықтан бұл металдар пышақпен оңай кесіледі, иілгіш, жұмсақ, созылғыш келеді. Натрий мен калий судан жеңіл, олар оңай балқиды. Сұйық күйінде жылу мен электр тогын жақсы өткізеді.

Химиялық қасиеттері: металдардың қасиеттері қандай еді? Металдарға тән негізгі қасиет – олардың валнеттік электрондарын жеңіл беруі. Химиялық реакцияларда өздерін тотықсыздандырғыш ретінде көрсетеді. Жай заттармен әрекеттесіп қосылу реакциясына түссе, күрделі заттармен әрекеттесіп орынбасу реакцияларына түседі. Осы қасиеттер сілтілік металдарға да тән болып келеді.

Натрий мен калийдің жай заттармен әрекеттесуі:

1) Натрий мен калий азот және салғырт газдардан басқа барлық бейметалдармен әрекеттеседі. Оттекте, фторда, хлорда бұл металдар жанады:

Натрий пероксидінің құрамында пероксотоп (-О-О-)-2 бар, мұндағы оттектің тотығу дәрежесі О-1 (пероксидтер – сутек оксидінің тұздары)

2) Натрий мен калий күкіртпен үйкелгенде тұтанады:

3) Сутекпен қосылып гидридтер түзеді:

Натрий мен калийдің күрделі заттармен әрекеттесуі:

  1. сумен әрекеттесіп гидроксидтер түзеді:

Тәжірибе көрсетемін (натрийдің сумен әрекеттесуі)

Өнеркәсіпте алынуы: Натрий ең белсенді тотықсыздандырғыштардың бірі болғандықтан және өзінің сыртқы электронын оңай беріп жіберетіндіктен, оның иондарына бұл электронды кері қосу қиын.

Сондықтан ғалымдар электр тогын қолдана бастады. ХІХ ғасырдың басында ғана натрийді бос күйінде алу мүмкін болды. 1807ж. Ағылшын ғалымы Г.Дэви металл натрийді гидроксидінің балқымасын электролиздеу арқылы алды. Қазір тұздардың балқымаларын электролиздеп натрий және басқа сілтілік металдарды алады:

2NaCl 2Na + Cl2

Калийді де осылай алуға болады, бірақ техникалық қиындықтар салдарынан бұл әдіс кең таралмады. Калийді қазіргі өнеркәсіпте алу мына реакцияларға негізделген:

KCl + Na = NaCl + K (8000C)

KOH + Na = NaOH + K (4400C)

Қолданылуы. Қара металлургияда, бояулар әзірлуде, тері илеуде, өндірісте, тұрмыста, тамақ өнеркәсібінде, техникада, медицинада, өнеркәсіпте, құймалар ретінде.

Бекіту. Оқушылардан бүгінгі сабақтан не түсінгенін, нені меңгергенін қорытып сұрап шығу.

Натрий мен калий – типтік белсенді металдар. Олардың химиялық белсенділігі ядромен жалғыз валенттік электронның әлсіз байланысуымен түсіндіріледі. Натрий мен калийдің қосылыстары табиғатта кеңінен таралған, Қазақстанның көптеген жерлерінде кездеседі. Ас тұзы – натрийдің ең маңызды қосылысы, ол күнделікті тұрмыста қолданылады.

Бағалау.

Үй тапсырмасы. §5.2.Натрий және калий (оқу), №5, 6-тапсырмалар 150- бет

№5. K → KOH → KCl → K

  1. 2K + 2H2O →2KOH + H2

  2. KOH + HCl → KCl + H2O

  3. KCl + Na → NaCl + K

№6. Егер суға массасы 4,6г натрий мен 3,9г калийден тұратын құйманы салса қанша көлем сутек (қ.ж.) бөлінеді?

Берілгені: Шешуі:

m(Na)=4.6г 4,6г Хл

m(K)=3.9г 2Na + 2H2O → 2NaOH + H2

Т/к:Vқ.ж.(H2)=? 2моль 1 моль

V = VM * ν; ν =; ν(Na) = = 0.2 моль

2моль Na - 1 моль Н2

0,2 моль Na – Х моль Н2

Х= = 0,1моль

V= 22,4л/моль * 0,1 моль = 2,24л

3,9г Хл

2К + 2H2O → 2КOH + H2

2моль 1 моль

ν(К) = = 0.1 моль

2моль К - 1 моль Н2

0,1 мольК – Х моль Н2

Х= = 0,05моль

V= 22,4л/моль * 0,05 моль = 1,12л

V = 2,24л + 1,12л = 3,36л

Жауабы: V(H2)=3,36л

Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!