Пәні:Көркем әдебиет Тақырыбы: Наурыз келді көңілді. Мақсаты: 1.Наурыз шығыс күнтізбесіндегі жыл басы екендігін түсіндіру.. 2.Балалардың шығармашылық ойлау қабілетін , сөздік қорын көбейту,ауызекі сөйлеулерін дамыту. 3. Туған жердің табиғатын сүюге,адамгершілікке,отанға деген сүйіспеншілігін арттырып ,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу Көрнекілігі: суреттер,интерактивті тақта. Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгімелеу,түсіндіру. Сабақтың түрі:Жаңа сабақ Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі Балаларды түгелдеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару. IV Мақсат қою -Балалар жылдың қай мезгілі келді? -Көктемнің бірінші айын ата. -Жыл мезгілін жақсы қарсы алып,бір-бірімізге деген жылы лебіздерімізді білдірейік. V Жаңа сабақ «Наурыз баталары» өлеңін оқып беру -Өлеңде не туралы айтылған? -Наурыз күні не пісіріледі? -Наурыз көжеге қандай дән салынады? Наурыз- жыл басы,Ұлыстың ұлы күні.Адамдар бір-біріне табыс,бақытты өмір тілейді.Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады.21-22-сі күн мен түн теңеледі.Наурыз деген сөздің өзі «нау»-жаңа, «руз»-күн деген ұғымды білдіреді. Наурыз айының сегізінші жұлдызында ең қымбат,асыл жан аналарымыздың мерекесі.Оны-халықаралық әйелдер мерекесі деп атайды. Сергіту сәті: Ұзын мұртты құмырсқа Келе жатты жұмысқа Алды допты қолына Қойды допты орнына Оңға қарады,солға қарады Үлкен тау деп ойлады «Наурыз» әнін орындату. VI Бекіту -Наурыз мерекесі туралы кім қандай тақпақ біледі? -Аналарымызға арналған ше? VII Қорыту -Балалар қандай тақырып өттік? -Өлеңде не туралы айтылған? -Батаны кім береді? -Бата білетіңдерің бар ма? VIII Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау. |