НАУРЫЗ - жыл басы, ұлыс-тың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарық-тың теңеліп, жер арқасы кеңіп, жан-жануарлар, өсімдік дүниесі, күллі тіршілік әлемі жан алып, қайта түлейтін Табиғат мерекесі
Просмотр содержимого документа
«Наурыз көже мейрамы»
Тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Уа, құдайым, оңдасын, Жаманшылық болмасын.
Әруақ біткен жар болып,
Қызыр бабам қолдасын.
Аман сактап, төл басын,
Еккен егін солмасын.
Орта толып ырысқа,
Бейбіт өмір орнасын.
Бақыт ашып қақпасын,
Мәңгі бақи жаппасын.
Пәле-жала қазақты,
Іздесе де таппасын. Әумин!
Оу, айналайын, балалар!
Тоя ішсін деп тамсанып
Жеті түрлі дәм салып
Наурыз көже пісірдім.
Оттан қазан түсірдім.
Бал көжеден татыңдар.
Бар қызыққа батыңдар.
Көктем Наурыз тойында
Құмар болып ойынға
Іске үлес қоспаған
Ішер бір – ақ тостаған
Еңбекқорға талапты
Қоямын қос табақты
Асқа кәрі - жасыңды
Шақырып , ием басымды.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз!
Ән салыңдар, би билеп шаттаныңдар!
Ұлы күнін ұлттың атқарыңдар.
Жадырасын бұл күні бүкіл өмір
Жығылмасын бәйгеге шапқан ұлдар!
НАУРЫЗ АЙЫ
22 Наурыз
халықаралық мейрам
Наурыздың мағынасы
Наурыз, ( парсыша «нау» (жаңа) және «руз» (күн ) – Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол – күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс (гуіл) естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шық-қан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл та-биғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан – жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды» деген.
Наурыз неге жыл басы?
«Жеріміз Күнді бір айналып шығатын мерзім – жылдың шартты түрде үш – үш айынан: наурыз, сәуір, мамыр – көктем, маусым, шілде, тамыз – жаз, қыркүйек, қазан, қараша – күз, желтоқсан, қаңтар, ақпан – қыс мезгілдері болып бөлінетіні баршамызға аян. Астрономия ғылымында бұл нақтылана түседі. Көктем наурыздың 22–інен, жаз маусымның 22–інен, күз қыркүйектің 23–інен, қыс желтоқсанның 23–інен басталады. Ендеше, Жаңа жылымыздың дәл 22 наурыздан басталуы жыл мезгілдерінің астрономия заңдылығымен де дәл келеді».
Наурыз мейрамына байланысты атаулар:
Наурыз күні, Наурыз айы, Наурызнама, Наурызкөже, Наурыз тойы, Наурыз жы-ры, Наурыз жұмбақ, Наурыз бата, Наурыз тілек, Наурыз төл, Наурызкөк, Наурыз есім, Наурыз шешек, Наурызша, Әз, Қыдыр, Саумалық, Мұхаррам (тыйым), Самарқанның көк тасы. Наурыз бата Өркенің өссін!
Әр күнің Наурыз күніндей берекелі болсын! Ұлыстың ұлы күнінде:
Ұлың – оңға, қызың қырға қонсын! Еліңе елеулі, халқыңа қа-лаулы бол! Айың тусын оңыңнан, Жұлдызың тусын солың-нан! Бақ берсін, Қыдыр дарысын! Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын!
НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ
- Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Көне парсы тiлiнде нава - жаңа және рәзаңһ - күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тiлiнде де сол мағынамен қалған (но - жаңа және роуз - күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. 2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарына сәйкес 21 наурыз - Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды.
- Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжiкстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.
www.ZHARAR.com
Наурыз – қазақ халқының мерекесi
- 22 наурызда күн мен түн теңеледi.Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Қар ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi.
- Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Ұлыс күнi татулық тойы, шаруа, ынтымақ, сенiм, көңiл мерекесi. Қыс қылышынан аман қалған жұрт, бар ренiш-өкпесiн ұмытып, кiнәсiн кешiп, тек жақсы тiлектер тiлейдi. Көңiлдiң жаңаруы деген осы. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық, мұқым ел ауызбiршiлiкте болады.
www.ZHARAR.com
Наурыз құтты болсын!
www.ZHARAR.com
Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Наурыз тойы салтанат,
Наурыз тойы мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.
www.ZHARAR.com
www.ZHARAR.com