СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Наурыз мейрамыыыы

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Наурыз мейрамыыыы»

Тақырыбы: «Ана-аса қымбатты жан»

Мақсаты: Мерекелік көңіл-күйін құру;

  • Ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру;

  • Балалардыі назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру;

  • Өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.



Кейіпкерлер: Жүргізуші, «Кәмпит-Ханшайым»



Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: Безендірілген әсем зал, гүлдер, құмыра, сыйлықтар, әсем әндер жазылған үнтаспа, т.б.



Ертеңгіліктің барысы:

Балалар залға қол ұстасып, жұптасып әдемі әуенде вальс ырғағында айналып, билеп өтеді. («Тәттім-ау» әуенімен)

Тәрбиеші:- Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі -8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемде ең асыл жан ол -Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан-ақ бірінші сөзін «Ана» деп айтады. Өмірлің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «Ана» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасите бар десеңші! Ару-ана, асыл-жар, ару-көңілдің гүлі, ару-өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерімізге арналған «Балдәурен ересек тобының бүлдіршіндерінің «Ана-аса қымбат жан!» ертеңгілігіне қош келдіңіздер!



Барлық балалар қормен: Құттықтаймыз анашым, 8-ші Наурызбен!

Тәрбиеші:

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық.



Хор: «Ақ мамам»

Тәрбиеші: -«Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді»-демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!

Айару

Анам болса қасымда

Басқа бақыт не керек.

Анашымның жүрегі,

Мейірімді ғой керемет.



Раяна

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыен мерекеңмен,

Құрметті Аналар!



Адель

Аналарды сүйеміз

Ақылын ойға түземіз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз



Нариман

Бәрімізге анамыз

Біз үшін күн боп жанасың

Құтты болсын мерекең

Құттықтаймын анашым!



Тәрбиеші:

Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,

Жылытар жүрегіңді көз көп дейін

Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге

Қол соғып қарсы алайық « Мамочка биін»



Би: « Ананың көмекшісі»

Тәрбиеші: -Балалар туған күнде, мерекелерде аналарымыз дастарханға қандай тәтті тағамдар салады.

-Дұрыс айтасыңдар, кәмпитті балалар да , үлкендерде де жақсы көреді.

Кәмпитсіз дастарханның сәні кірмейді. (әсем әуенмен залға «Кәмпит-Ханшайым» кіреді)



-Кәмпит-Ханшайым: (кіріп билейді)



Мен тәттімін,

Балалардың сүйікті дәмімін,

Мерекенің сәнімін,

Дастарханның әрімін.



  • Сәлеметсіңдер ме, балалар, мені таныдыңдар ма? Мен, «Кәмпит-Ханшайыммын»

Балалар сендер өнерлеріңмен, білімдеріңді, үлгілі тәптіптеріңді көрсетіңдер. Ол үшін менің ыдыстағы үлкен кәмпиттер бар, онда әртүрлі тапсырмалар берілген. Сол тапсырмаларды ашып орындасақ қайтеді.

Тапсырмаларды түгелдей орындамасаңдар мереке соңында әкелген сыйлығымды үлестіремін. (бір балаға ыдыстағы кәмпитті аштырады, тапсырманы барлық бала орындайды)

Тәрбиеші:-Расында да, бізге тәтті «Кәмпит-Ханшайым» қонаққа келіпті.

Қараңдаршы, кәмпиттері көп екен, тәтті десе тәтті екен. Қане өнерімізді көрсетейік, тапсырмаларлы орындайық.

1-кәмпиттегі тапсырма:

Ойын: «Анамның аялы алақаны»

2-Кәмпиттегі тапсырма:

Мақал-мәтелдер айт

Тәрбиеші:-Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар»-деп бекер айтылмаған. Келесі әніміз сіздерге арналады құрметті әжелер.

3-кәмпиттегі тапсырма:

Ән: «Анашым»

Тәрбиеші:-«Кәмпит-Ханшайым», енді сіз біздің балаларымыздың аналарына дайындап келген тақпақтарын тыңдаңызшы.



Еркенұр

Көктем келді жадырап

Күн нұрымен таласып,

Жайнай берші жарқырап

Жаны жайсаң аналар!



Ерназ

Апатайым анашым

Ақылы мол данасың

Қамқоршысы баланың

Гүлі сенсің әр үйдің





Айханым

Құтты болсын анашым

Құтты болсын мерекең

Әр кез саған тілеймін

Ұзақ өмір жолдарын

4-кәмпиттегі тапсырма:

Би: «Испан биі»

Әдемі биден кейін балапандарымздың тақпақтарын тыңдайық:



Ерболат

Бізді өсірген анашым

Еңбегіміз зор екен

Құтты болсын Анашым

Құтты болсын Мерекең!

Дамели

Аялы алақан,

Әлпештен өсірген

Аяулы жан анам

Қатемді кешірген

Әмина

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар

Н.Нұрали

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірден,

Аналарға сыйлаймыз



Рамазан

Әжем ұйықтар алдында,

Ертегі айтып береді

Еркелеп ойнап жатқанда,

Ылғи ұйықтап қаламын.

Линда

Аналарды теңейміз ғой құндызға,

Күнге де, айға да, жұлдызға

Өмір бақи анаменен,

Бақытты ғой ұл-қыздар!!!

Т.Алихан

Ана пана,

Ана дана

Өмірді әкелетін,

Ана ғана!!!

Диана

Жарқын жүзді жан анам

Сендей болсын бар адам,

Сендей болса бар адам,

Шаттық кетпес баладан





Абай

Қуанамыз сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Аналарды құттықтап

Жырдан шашу арнаймыз



Асылназ

Жүзімізге қараңыз

Бал күлкілі баламыз

Бізге қымбат күн шуақ

Бізге қымбат аналар!



Нұртөре

Баланың да тірегі

Дананыңда тілегі

Ауырмасын ешқашан

Анамыздың жүрегі



Амира



Ана біздің күніміз

Анамыз біз гүліміз

Балаларды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз



Кәмпит-Ханшайым:-Балалар, сендер менің тапсырмаларымды өте жақсы орындап шықтыңдар. Сендерге көп-көп рахмет айтамын. Өздерің өнерлі, әдемі, тәртіпті екенсіңдер, мен сендерге ризамын. Енді мына қолымдағы ыдысты тәрбиеші апайларыңа беремін. Сендерге әкелген көптеген әртүрлі кәмпиттерім бар. Соны сыйлыққа бергім келіп тұр. Мен енді сендермен қоштасайын , басқа да балабақшада мерекелер болып жатыр соған барайын. (Кәмпит-Ханшайым балалармен қоштасып шығып кетеді)

Тәрбиеші:

Мерекені қарсы алып,

Мәз болғанда барша жұрт,

Гүл ұсынып қыздарға,

Сыйлық бердім мен өзім-дей отырып қыздарға арналған сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер. (Ұлдар қыздарға сыйлықтарын табыс етеді)

Тәрбиеші:

Бөбегіңнің сыйлығын,

Қабыл алшы анашым

Ұзақ өмір жүз жасап

Ауырмашы анашым!

Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақта та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған-анамыз емес пе? Олай болса, әр баланың өзі дайындаған аналарына сыйлыстары бар екен, соны табыс етсін!

Аналар, қалқап бақыт аралында,

Лайым мұң қонбасын жанарыңа

Осымен кешімізді аяқтайық

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа-дей отырып бүгінгі «Ана-аса қымбат жан!» атты ертеңгіліміздің аяқталды. Ардақты анадар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар !



Мектепке дейінгі мектеме «Азамат балабақша бөбек жайы»





Бекітемін

Мектепке дейінгі мекеме «Азамат балабақша бөбек жайы»

Директоры

_________Жандаулетова А.Б.

20.02.2020



















Тақырыбы: «Ана-аса қымбатты жан»

Балдәурен ересектер тобы

2019-2020 оқу жылы





























Тәрбиешілер: Раисова Е.М.

Каимоллаева А.К.







Өскемен қаласы, 2020 жыл