СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Наурыз тойы" драма

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.Тәрбиелік – воспитательная: Салт-дәстүрімізді қолдана отырып, адалдыққа, ұлтжандылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Наурыз мерекесі туралы балалардың түсінігін кеңейту.

3.Оқыту – обучающая: Наурыз - жыл басы, ұлыстың ұлы күні, қазақ халқының жаңа жыл мерекесі екенін балалардың бойына сіңіру.

Просмотр содержимого документа
«"Наурыз тойы" драма»

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в средней группе

Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/Воспитатель:

Білім беру саласы/Образовательная область: Коммуникация

Пән/Предмет: Драма

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Салт - дәстүр және фольклор»

Тақырыбы/Тема: «Наурыз тойы»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: Салт-дәстүрімізді қолдана отырып, адалдыққа, ұлтжандылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Наурыз мерекесі туралы балалардың түсінігін кеңейту.

3.Оқыту – обучающая: Наурыз - жыл басы, ұлыстың ұлы күні, қазақ халқының жаңа жыл мерекесі екенін балалардың бойына сіңіру.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулықты сақтау бойынша педагогикалық технологиялар, ойын технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: наурыз тойы суреттері, ұлттық киімдер, ұлттық ойындар жинағы, күлтелі гүл.

Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: көктем – весна, мейрам – праздник.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Қызықты сәт: «Амандасу»

Шарты: сабақ сәлемдесуден басталады. Ер балалар қос қолдасып амандасса, қыздар құшақтасып амандасады.

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктем мезгілі неше айдан тұрады?

-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

- Наурыз айында қандай ұлттық мерекені тойлаймыз?

Билингвалдық компонент: көктем – весна, мейрам – праздник.

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

«Наруыз тойы» туралы әңгімелеу.

Қазақ халқының тұрмыс- тіршілігінде, әдет-ғұрпында ерекше орын алатын, ертеден мерекеленіп келе жатқан мейрамның бірі-Наурыз. Бұл күн жыл сайын Наурыз айының 22-жұлдызында мерекеленетін болған. Яғни күн мен түннің теңесіп, қар еріп, көк шыға бастайтын көктем айы.Сондықтан Наурыз күнін ертедегі адамдар Жаңа жылдың басы-ұлыстың Ұлы күні деп есептеп, жақсы тілек, зор қуанышпен қарсы алған, жұрт ел аралап үйлерге кірген наурыз көже ішіп, жастар ән шырқап, палуандар күресіп, ойын- сауықпен өткізген.

Суретпен жұмыс:

- Суретте не бейнеленген? Кімдерді көріп тұрсыңдар?

- Әже қазанға не пісіріп жатыр?

- Балалар не істеп жатыр?

- Алтыбақан айналасында кімдер бар?

- Алыстан қандай үйлер көрінеді?

- Айналаның көрінісі қандай?

Ұлттық тағамдар: Наурыз мерекесінде дастарханымыз ұлттық тағамдарға толады. Әжелеріміз жеті түрлі дәм салып наурыз көже пісіреді.

-Наурыз көже туралы не білесіңдер? Сендер наурыз көженің дәмін татып көрдіңдер ме?

Наурыз көжеге салатын дақылдарды сызық арқылы қос.

Жеке жұмыс: Амирхан наурыз көжеге қосатын дақылдарды атайды.

Сергіту сәті: «Бауырсақ»ойыны

(Әр сөйлемге сай қимыл орындап айту)

Әжем менің бауырсақ (қолымен «домалақ бауырсақ» домалақтайды)

Пісіреді күн сайын.....

Ал мен болсам қалыспаймын

Әжемменен қайталаймын....

Қамырды бірге илеймін....(илейді)

Жалпақ етіп Есемін.... (еседі)

Бірге отырып кесемін.....(Кеседі)

Томпиған сары бауырсақ

Иісі аңқып керемет....(Иіскейді)

Ауызға салсаң, жоқ болады(«ауызына салуды»имитациялайды)

Осылай бала тоқ болады...(Қарынын сипалайды)

Ұлттық киімдер: Наурыз тойында адамдар ұлттық киімдерін киеді.

Балалар, сендер қазақтың қандай ұлттық киімдерін білесіңдер?

Дидактикалық ойын: «Бұл қай ұлттық ойын?»

Ойын шарты: Қазақ халқының бірнеше ұлттық ойын түрлерінің суреттері көрсетіледі. Балалар бұл қай ойын түрі екенін табуы керек.

3.Қорытынды/итоговая часть:

Дидактикалық ойын: «Күлтелі гүл»

Мынау гүл – ғажайып сиқырлы гүл. Әр күлтесінде сұрақтар бар екен. Ол сұрақтарға дұрыс жауап берген балалар Наурыз мерекесіне барады.

-Наурыз көжені кім пісіреді?

-Наурыз көжеге қандай тағамдар салынады?

-Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

-Наурыз мерекесінде адамдар қалай киінеді?

-Наурыз мерекесінде қандай тілектер айтылады?

Балаларды мадақтау.