Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу- кызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні/Дата проведения: 2 казан 2019 жылы
Тәрбиеші/Воспитатель: Аллаярова Калима Ахметкалиевна
Білім беру саласы/Образовательная область: «Коммуникация»
Пән/Предмет: Көркем әдебиет
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Табиғаттағы жанды,жансыз»
Тақырыбы/Тема: «Не дәмді? (ертегісі)»
Мақсаты/Цели: Ненің дәмді екенін ажыратуға, дәмінің айырмашылығын, пішінін айта білуге үйрету. Асты қадірлеуге, қастерлеуге тәрбиелеу
Окыту/обучающая: саяхат, әңгіме, түсіндіру, көрсету, сұрақ –жауаптар.
Дамытушылық/ Развивающая: Кейіпкерлердің өзара сөйлесуін көркем түрде қолдану арқылы ертегінің ішкі сырын, айтылу керек ой-түйсігін, мән-мағынасын бұзбай, байланыстыра баяндай білуге үйретуді дамыту.
Тәрбиелік/ Воспитательная: Асты қадірлеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: тары, сүйек, шыбық, сүт.
Билингвалдық компонент: сүт- молоко, тары – пшено, сүйек- кость, шыбық- шпиндель
Ресурстармен камтамасыз/ Ресурсное обеспечение: жануарлардың маскасы, қоржында көкөністер мен жемістердің муляждары,тақырып бойынша суреттер, видео – слайд.
Үйымдастырылған оку қызыметінің барысы
1. Ұйымластырушылық көзені/организационный момент.
Алманы барлық бала иіскеп көреді.
-Алма сендерге ұнай ма?
-Ал мұнда алманы жұлдызқұртта жақсы көреді екен.
«Жұлдызқұрттарға алманың дәніне жетуге көмектесейік!» тапсырмасын орындау.
— Жұлдызқұртымыз, ненің дәмді екенің білмейді екен.
— Қане, барлығымыз жұлдызқұртқа «Не дәмді» ертегісін айтып берейік.
— Барлығымыз топ болып, ертегіні айтып берейік.
Амандасу. Алма салынған себетті көрсету.
Әрине, ұнайды.
Себебі: алма тәтті, дәмді жеміс. Алма ағашта өседі. Ол қызыл, сары кейде жасыл болып келеді.
Алма дөңгелек болады.
Тапсырманы орындауға тырысады.
2.Негізі бөлімі/основная
1 Әңгіме
«Не дәмді» ертегісі:
Бір бас қосқанда құстар мен хайуанаттар нендей тамақтың дәмді екенін талқылапты.Сонда Тауық:
-Ең дәмді тамақ-тары, -депті қыт-қыттап.
-Тапқан екенсің, дәмді тамақты! Кеміріп жейтін сүйекке не жетсін! — дейді Ит абалап.
-Бәрің де білмейсің.Күтірлетіп жейтін сәбізден артық ештеңе жоқ, -дейді Қоян, екі құлағын тікірейтіп.
-Жас шыбықтың қабығынан дәмді не болушы еді!-деп, Ешкі маңырапты.
-Шіркін, қою сүтті айтсаңдаршы! — деп мысық тамсанды.
Сөйтіп, әркім өзі сүетін тағамды мақтап, қызыл кеңірдек болысып, бәтуаға келе алмай, таласыпты. Ешкі шыбықтың қабығын,мысық қою сүтті аңсапты. Сөйтіп құстардың хайуанттар бір не дәмді деген сөзге келе алмапты.
2.Сұрақ –жауаптар
-Ал, балалар, ертегіден нені түсіндіңдер?
-Балалар,өз үйлеріңде аналарың немесе әкелерің және өзің нені жақсы көресіңдер?
-Көрдіңдер ме? Әр адамдардың да өз сүйікті тағамдары бар. Қандай да тамақ болсын, жиіркеніп жеуге болмайды. Астың бәрі дәмді де, тәтті.
-Балалар, бір үзім нан жерге түсіп кетсе немесе қиқымы шашылса, не істейміз?
Қостілділік компонент: сүт- молоко, тары – пшено, сүйек- кость, шыбық- шпиндель.
Сергіту жаттығу:
Алма баққа барайық,
Алма жинап алайық,
Ең үленін дәмдісін,
Әжемізге сыйлайық.
3.Дидактикалық ойын: «Бұл не?»
Мақсаты: Жемістер мен көкөністерді ажыратып, дәмінің айырмашылығын және пішінін айта білуге үйрету.
Ойын шарты: баланың көзі жұмылады. Қоржынға салынған көкөністер мен жемістерді қолдарына алып, оның дәмі қандай болатынын және пішінін айтып, атын атау керек.
Әрине, ұнайды.
Себебі: алма тәтті, дәмді жеміс. Алма ағашта өседі. Ол қызыл, сары кейде жасыл болып келеді.
Алма дөңгелек болады. Балалар мұқият тыңдап мазмұнын айтуға тырысады.
Анам етті,әкем палауды тамақты, ал өзім бәліш жегенді ұнатамын.
Қайталайды.
Сергіту жаттығуын орындайды.
Ойынды балалар қызыға ойнайды. 3.Қорытынды
— Балалар бүгін қандай ертегімен таныстыңдар?
— Ертегіге қандай кейіпкерлер қатысқан?
— Ертегі сендерге ұнады ма?
Балалар сұрақтарға жауап береді.