- Балалар, көңіл күйлерін қалай? Ендеше балалар бүгін біздер оқу қызметінде «Не қалай дауыстайды?» яғни, үй жануарларымен және олардың қалай дыбыстайтынымен танысамыз. Сіздер қандай ертегілерді білесіздер? Жарайсындар,балалар, қазақ халқы мал шаруашылығымен айналысқан. Малды мінсең көлік, жесең ет, ішсең сүт, ал терісінен киімдер тігуге болады. Сондықтан қазақ халқы төрт түлік малдың әрқайсысына ерекше қараған, қамқорлық жасап, күтіп-баптаған. Оларға шөп, жем, су беріп таза қорада ұстаған. Төрт түлікпен таныса отырайық Мына суреттегі қандай жануар? -Дұрыс. Оның төлін (баласын) қалай атаймыз? -Дұрыс балалар . түйенің баласын көс-көс деп шақырады. Түйе бізге шұбат береді. Түйе бірнеше күндік аштық пен шөлге шыдайды. Ал, балалар, бұл қай жануар? (суретін көрсету) -Дұрыс, жылқының төлін не деп атаймыз? -кісінейді -Дұрыс , ал қалай дауыстап шақырамыз? -қырау-қырау»-деп шақырамыз Бие бізге қымыз береді балалар! Енді кезек мынау қандай жануар? -Дұрыс, сиырдың төлін қалай атаймыз? -Дұрыс , сиырды қалай шақырамыз, ол бізге не береді? -«Аухау-аухау»-деп шақырамыз. Сиыр бізге сүт береді -Дұрыс айтасыңдар, сүттен неше түрлі тағамдар әзірлеуге болады, балалар. Ал, балалар, мына суретте не бейнеленген? -Дұрыс , ол қалай дыбыстайды, төлін қалай атаймыз ? -«мә-мә-мә» деп дыбыстайды. Төлін қозы деп атаймыз -ал қалай шақырамыз ? -«Пұшайт-пұшайт» деп шақырамыз -Дұрыс, балалар -Ал, балалар енді бізде қандай жануар айтылмай қалды, кім табар екен? -Дұрыс , ешкінің төлі қалай аталады? -Дұрыс, қалай шақырамыз? -«Шөре-шөре» деп шақырамыз. -Ал балалар мына суретте қандай жануарлар тұр. -Өте жақсы ит пен мысық екен. Міне біз төрт түлікпен мысық пен итпен таныстық. Олардың әрқайсысының өз атауы бар екен. Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі барлығы төрт түлікке жатады. Балалар шаршадықпа орнымыздан тұрып қане бір сергіп қалайық. Сергіту сәті Орнымызды табайық. Алақанды ұрайық Бір отырып, бір тұрып Біз бір дем алайы |