Просмотр содержимого документа
«Негізгі және туынды зат есім»
Тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға негізгі және тунды зат есімдерді ажырата білуге, алған білімдерін кеңейте түсуге мүмкіндік туғызу;оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Іскерлік пен дағды қалыптастыру
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Білім беруді ізгілендіру
Пәнаралық байланыс: Дүниетану
. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ. Өткенді пысықтау
17-жаттығу Кім? Кімдер? не? нелер? сұрақтарына жауап беретін бірнеше сөз ойлау, оларды қатыстырып сөйлем құрау.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

Сызбаға сүйеніп білімдерін еске түсіру.
Ү. Жаңа материалмен жұмыс:
а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу
19-жаттығу сөздерді салыстырып оқу,сұрақтар қою, айырмашылықты байқау. Өнерпаз, күйші, сыйлық, балықшы, орындық,көлшік.









20-жаттығу өлеңді мәнерлеп оқу, туынды зат есімдерді теріп жазу:




кенші, достық, елші, аспаз, малшы.Бұл сөздерді түбірлерін айт.
21-жаттығу жаңылтпашты оқып жатқа жазу: Туынды зат есімдерді ата: еңбекшіл, өрмекші, өрнекші. Түбір сөзге қандай жұрнақ жалғанды?
22-жаттығу Төменде берілген зат есімдерге –шы,-ші жұрнақтардың тиістісін қойып, туынды зат есім құрау:
Не? | Кім? |
Мүсін, егін, би, күй, дойбы, сауын, мал, жылқы, сиқыр. | Мүсінші, егінші, биші, күйші, дойбышы, сауыншы, малшы, жылқышы, сиқыршы. |
ҮІ.Бекіту:Толықтыру тесті :Төменде берілген сөздерге тиісті жұрнақ жалғау арқылы туынды зат есім құрастыр: Тігін, кәсіп, өнер, оқу, дос, еңбек, ас.
ҮІІ. Қорытындылау.1. Балалар, біз бүгін сендермен зат есімнің қандай түрін өттік?
2. Негізгі зат есімдер дегеніміз не?3. Туынды зат есімдер дегеніміз не?4. Мысал келтірейікші енді.
ҮІІІ.Үйге тапсырма: 23-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.Суретте кімдер бейнеленген? Ол не істеп тұр? Әңгімені ары қарай құрастырыңдар.
ІХ. Оқушыларды бағалау