Просмотр содержимого документа
«Әнін көкке қалқытқан Ғарифолла Құрманғалиев»
Сабақ жоспары №5
Пәннің аты: Музыка
Сабақтың тақырыбы:Әнін көкке қалқытқан – Ғарифолла Құрманғалиев
Сабақтың мақсаты: Жезтаңдай әнші Ғарифолла Құрманғалиев туралы түсінік беру 1. Ғарифолла Құрманғалиевтың орындауындағы әндермен танысу; 2. Ән тыңдау қабілеттерін дамыту;
3. Домбыра аспабының құрылысымен танысу; Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқытылу әдісі:түсіндіру, ән үйрену
Сабақтың көрнекілігі: үнтаспалар, әншінің суреті, музыкалық аспаптар баян, домбыра
Пәнаралық байланыс: әдебиет пәні
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу - «Он алты қыз» әнін тыңдау - Сабаққа зейіндерін аудару
II. Жаңа тақырып: - Түсіндіру -Ғарифолла Құрманғалиев Республика мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, әнші (тенор), Қазақ КСР халық әртісі. Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында дүниеге келді. Әншілік өнерге бейімділігі бала кезінен байқалды. Ұлы Мұхиттың шәкірттері Шынтас пен Шайқыдан дәріс алды. Сағыз, Елек, Қобда, Ойыл өңірінің әнші ақын, күйші, жыршыларының өнеріне жастайынан сусындаған. Ғарифолла Құрманғалиев он жасынан бастап домбыра тартып, ән салды. 1929-30 жылдары Ғ.Құрманғалиев «Ақкөл», «Қалкөл», «Құмшық» ауылдарының кеңсе хатшысы, қжымшар төрағасы қызметтерін атқарды. 1934 ж. Жымпитыда, Оралда, Алматыда өткен халық өнерпаздары слеттерінің жүлдегері атанып, сарапшылар ұйғарымымен Алматыдағы музыкалық театрдың қызметіне қабылданды. 1936 және 1958 жылдарда Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндіктеріне қатысты. Соғыстың ауыр күндерінде жауынгерлердің алдарында үш рет өнер көрсетіп, рухани дем берді. Е.Г.Брусиловскийдің «Ер Тарғын», «Айман-Шолпан», «Қыз Жібек », М.Төлебаевтың «Біржан-Сара», А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операларында күрделі партиялар мен рөлдерді ойнады. Оның орындауында халық әндері асқақ та әсем әуезімен аспан астын толтыра сорғалай шырқады. Ғ.Құрманғалиев ән сапарымен төрткүл дүниенің талай елдерінде болып, сан-сан сахналардан ұлттық музыкалық салт-дәстүріміздің байлығын паш етті. 1967 жылдан бастап Республикалық өнер және цирк студиясында сабақ берді. Оның отандық мәдениетке сіңірген орасан зор еңбегі әлденеше мәрте мемлекеттік марапаттармен бағаланды. - Музыка тыңдау - Ғ. Құрманғалиевтың орындауында бірнеше әндерді тыңдау «Ақерке», «Қаламқас», «Ақкербез», «Он алты қыз», «Еңбек туралы жыр» -Музыкалық сауаттылық
Терме атауы қазақтың «тер», «теру» сөзінен шыққан. Терме 7,8 буынды жыр үлгісінде болады. Термені орындайтын адамды термеші деп атайды. Термеші адамгершілік пен зұлымдықты, әділеттілік пен әділетсіздікті, жаман мен жақсы мінезді салыстырып жырлайды. Жыршы, термешілер: Базар жырау, Бұқар жырау, Ақтамберді, Нұртуған, Нартай, Махамбет, Тұрмағамбет т.б. - Дауыс жаттығуы - «Нота үйренеміз»
- Ән орындау - Ғарифолла Құрманғалиев «Он алты қыз» - Бекіту сұрақтары - Ғ.Құрманғалиев кім? - Оның репертуарында қандай әндер бар? - Ғарифолла Құрманғалиев қай жерде дүниеге келген? - «Терме» деген қандай мағынаны білдіреді? - Термеде не айтылады?
- Бағалау
- Үйге тапсырма - Базар жыраудың термесі - Ғ.Құрманғалиев туралы қосымша мәліметтер жинау