Ортасы | Жаңа тақырыпты түсіндіру. Нобай- машинаның конструкциясын жасау кезінде қажет болады. Техникалық сурет және нобай кез-келген машина құрастыру немесе өндірістік тетік бөлшектердің сызбаларын сызуда қолданылады. Кескіндердің бұлай орындалуы техникалық сурет деп аталады. Кез келген нәрсенің көрнекі кескінін,сызу аспаптарынсыз (қолмен) тор көзді қағазда орындау ыңғайлы.Бірақ өлшемдердің пропорционал қатынастарды сақтай отырып және аксонометриялық проекцияның ережелері бойынша орындалады. Техникалық суретте көлеңке түсіру арқылы айқындалады. Көлеңке түсіру шатировка, шраффировка және нүктелік көлеңкелеу тәсілдерімен жүзеге асады. Техникалық суреттерді салу-қол жаттықтыру жұмысына жатады. Аспапсыз қолмен кесінділер, түзу бұрыштар сызып дағдылану керек. Әдетте техникалық сурет тік бұрышты изометрия, фронталь және центрлік проекцияда орындалады. Түзулерді салу кәдімгі жұмсақ қарандашпен орындалады. Ол үшін түзулерді, горизонталь сызыққа 30 және 45 бұрыш жасайтын сызықтарды жылдам сызып үйрену қажет. Мұндай сызықтар изометриялық және фронталь проекцияларда кездеседі. Аспаптарсыз бұрыштық өлшемдерін, параллель түзулерді салу суреттерде көрсетілген. Осыларды жаттығып үйренсе, кез келген техникалық суреттерді сала алады. Тапсырма. Өздері таңдап алған геометриялық денелердің техникалық суреттерін орындау. Техникалық суретті тік бұрышты изометрия, фронталь және центрлік проекцияда орындау керек. Тапсырманы бағалау критерийлері: Нобай мен техникалық суреттің айырмашылықтарын ажыратады; Нобай мен техникалық суреттердің қай салада қолдануын біледі; Ұтымды шешімдерді қолдану арқылы тапсырмаларды орындайды. | Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі . Оқушылар А4 пішімінде сызбаны шектейтін сызықтарды (жиектемелерді) сызады | Дискриптор Нобай мен техникалық суреттің айырмашылықтарын ажыратады; Нобай мен техникалық суреттердің қай салада қолдануын біледі; Ұтымды шешімдерді қолдану арқылы тапсырмаларды орындайды. | Дәптер, сызба аспаптары: даярша, рейсшина, лекала, транспортир, үшбұрышты сызғыш, өшіргіш және т.б. https://www.youtube.com/watch?v=EcJxJl_lNRo Бөлшектің нобайы мен техникалық суреті. |