СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Н?р себеле, ?лысты? ?лы к?ні!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «Н?р себеле, ?лысты? ?лы к?ні!» атты т?рбие са?аты

Ма?саты: О?ушылар?а ?лысты? ?лы Наурыз мерекесін тойлауы туралы толы? ма?л?мат беру, хал?ымызды? салт – д?ст?рін, ?дет – ??рпын ?йрете отырып, «Наурыз» ?аза?ты? ?лтты? мейрамы екенін ашып к?рсету.

К?рнекілігі: На?ыл с?здер жазыл?ан плакат, ?лтты? киімдер, шарлар, суреттер.

 

1-ж?ргізуші: ??рметті ?стаздар, о?ушылар! Сіздерді ?аза?ты? ?лтты? мерекесі ?лысты? ?лы – Наурыз Мерекесімен шын ж?ректен ??тты?таймыз. Б?гінгі бол?алы отыр?ан «Н?р себеле, ?лысты? ?лы к?ні» атты т?рбие са?атымыз?а ?ош келді?іздер! Сіздерді келіп жеткен к?ктем мерекесімен ??тты?тап, сіздерге шатты? тілей отырып, мерекелі т?рбие са?атымызды ашы? деп жариялаймыз!

Просмотр содержимого документа
«Н?р себеле, ?лысты? ?лы к?ні!»

Тақырыбы: «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты тәрбие сағаты


Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» Қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакат, ұлттық киімдер, шарлар, суреттер.


1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздерді қазақтың ұлттық мерекесі Ұлыстың ұлы – Наурыз Мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Бүгінгі болғалы отырған «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Сіздерді келіп жеткен көктем мерекесімен құттықтап, сіздерге шаттық тілей отырып, мерекелі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!


2-жүргізуші: Жаңа өмірдің қайта басталатын күн есебінің басы, көктемнің көшбасшысы, қанатына маржан тағып қараторғай жеткенде көктемнің алғашқы жаңбыры себелейді. Сіресіп жатқан қар еріп, көл – көсір су болып ағады. Өсімдік ұйқыдан оянады, бәйшешек қаулайды. Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлайтын Ұлыстың ұлы күні келді. Той құтты болсын, ұлыс оң болсын!

Наурыз тойың, наурыз тойың.
Құтты болсын халайық!
Ән төгілсін, күй төгілсін,
Шырқап әнге салайық,
-дей келе келесі кезекті әнге береміз.



Ән:Шақырады көктем

1-жүргізуші: Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханға елімнің,
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата – бабам тойлаған
Әз – Наурызым, армысың! 

2- жүргізуші: Көк майса көктем келбеті,

Өзгеріп өңір, жер беті.

Адамзат бейне көрінер

Кеткендей қыспен бар дерті.



Өлең шумақтары:8



1 -жүргізуші: Қазағымның салт – дәстүрі жаңғырған,
 Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
 Салт – дәстүрді ардақтайық, ағайын,
  Қазақ атты үлкен, кіші балдырған.
 Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде,
 Үлкен, кіші, жасымыз, кәрімізде.
  Төрлетіңіз қадірменді қонақтар,
  Гүл – гүл жайнап мына біздің төрімізге – деп ендігі кезекті Наурыздағы салт – дәстүрлерге берсек.


Наурызкөк ,Наурызнама, Наурызша


2-жүргізуші: Аспанымда ақша бұлттар аунайды,
Наурыз тойы көңілімді баурайды.
Тебіренген табиғат та мәз-мәйрам,
Аңқылдаған қазағымнан аумайды.

1-жүргізуші: Достар, бізге Қыдыр бабамыз бірнеше тапсырмалар беріп жіберіпті. Барлығымыз соны шешіп көрсек қайтеді?

Тапсырмалар:

1. Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не жетім?

Ж: Ананың сүті тәтті.

Ананың қолы жұмсақ.

Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшысы болмаса ел жетім.



2. Қандай ырым мен тыйым сөздер білесіңдер?

Ж:- Малды теппе,

Аяқты төкпе.

-Отты шашпа,

Күлді баспа.

-Бүйіріңді таянба,

Жағыңды таянба.

-Бос бесікті тербетпе,

Бесікті ашық қалдырма.

3. Жеті атаңды ата.

Ж: Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

4. Сүттен жасалатын тағамдарды ата.

Ж: Айран, сүт, ірімшік, құрт, қатық, шұбат, қымыз, қаймақ, май, т.б.

5. Наурыз көже қалай жасалады?

Ж: Наурыз көже жеті түрлі тағам қосу арқылы жасалады.
6. Ұлттық ойындарды ата.

Ж: Алтыбақан, аударыспақ, қыз қуу, көкпар тарту, ат жарыс, теңге алу, ақсүйек, тоғызқұмалақ, т.б.

7. Жеті қазынаны ата.

Ж: Ер жігіт, сұлу әйел, білім, жүйрік ат, алғыр тазы, қыран бүркіт, мылтық.

8. Үш алысты ата.

Ж: Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын.

1-жүргізуші: Кел, наурызым шық төріме думандат,

Жұрт қарасын бейнетіңе қайран қап.

Табиғаттың тұмса шағы тамсанып,

Халқым да бір жадырасын сайраңдап.



2 -жүргізуші: Ұлыс күні кәрі жас
                         Құшақтасып көріскен
                         Жаңа ағытқан қозыдай
                         Жамырасып өріскен.
                         Сіздердің әділ істеріңіз
                         Ғасырлар бойы тынбайды.
                        Аңыз, дастан жырлардан,
                        Жастар оқып тынбайды – деп ендігі кезекті Наурыздағы ойын-сауық кешіне берсек.

Көрініс: Наурыздағы ойын-сауық кешінен үзінді.

Рамазан:  Наурыз  тойы жылдың басы келген бізге

Наурыз  той құт береке  берген  бізге.

Наурызың құтты болсын уа, халайық,

Қуаныш алып келген  елімізге.



Мөлдір :Бүршік боп шешек атты  бақтан Наурыз

Құс ән сап , алаулаған  ақ таң Наурыз.

Қозы лақ көген басып шуылдатып,

Мал басы егіздетіп жатқан Наурыз.



Рамазан :Бабамыздан қалған бізге көп мұра,

Көнеру де тозу оған жоқ, сірә.

Наурыз бізге серік болған сан ғасыр,

Өнерімнің өскеніне сол куә.

 

Мөлдір:Сәлем достар, Күйкенімнің халқынан,

Жалында жас, құрметті де  қартынан.

Сіздер үшін бүгін бізде наурыз той,

Аясында ән мен биі халқыған.

Рамазан :  Болама мұндай да бір шалқымасаң,

Әсем  ән сыршыл  күйге балқымасаң.

Осы үлкен  мерекеге тарту етіп,

Біз бүгін құрып қойдық «Наурыз-думан»

 

Мөлдір:Қыз жігіт алға шығып басқармай ма,

Бар  қызық сонда ғана басталмай ма.

Келіңдер, құрбыларым орта толсын

Ал, қане, бастап кетер жастар қайда?

 (сахнаға қыздар келеді)



 Жеңгесі:Келіп қалды қыздар тобы,

Жігіттерің дайынба?

 (Сахнаға жігіттердің алдында сөйлеп келеді)

Жандарбек:Қыздарменен  өнер — сайыс

Жігіттерге уайым ба?

Айдана: Арындама асау жігіт , қыз жоқ сенен   шошынар.


Жандарбек: Жоқ жігіттер абыржымаң,

Қыздар салған салмаққа .

Дәу де болса түскелі тұр,

Алтын балық қармаққа.



Жеңгесі: Бәлесін  қарай гөр,

Дәмесінің зорын –ай.



 Досбол:  Мықты болсаң сынап бақты байқаңдар,

Біз емеспіз қыздан қорқып жалтаңдар,

Шық біреуің ән айтуға  менімен,

Қыз дегенде қозып кетер  арқам бар.



Жеңгесі: Барша жігіт қаймыққанда ішінде,

Сен болдың ғой еркесі мен серкесі.

Сендей аңқау жігіттерді көргенде,

Қыздардың да құрысады желкесі.

(Қыздар күледі)

ЖайнаЖігіттер, әншімін деп таспаңдар,

Қыз өнері жетпейді деп саспаңдар,

Белді бекем буған болсаңдар,

Қане, жігіттер  мына тойды бастаңдар.

(Жігіттер ән айтып тойды бастап кетеді.)

Ән « Мереке»

Рамазан  Біздің  жігіт той бастауға келгенде,

көрдіңдер ғой ешкімнен де тайынбас.

Қыз өнері  үстем бе екен байқайық,

ән кезегі сізге келді қарындас



 Мөлдір : Біздерде қалыспайық  жігіттерден, бізде бір ән салып берейік

(қыздардың біреуі ән айтады.)

Ән «Қазағымның дәстүрлері»



Нұрболат:  Жігіттер, қыздар  деген сыншы  халық,

Жүргені  ғой әзілмен шымшып алып

Қанеки алға шықта  ақын жігіт,

Жіберші қыздарға бір өлең шығарып



Жандарбек   Қыз емес  қыздың аты, қызыл  күріш

Келгенде  қыз 15- ке  ноғай жүріс

Қиырдан  қыз  көзіме  шалынғанда,

Жазылар бойымдағы  құрыс – тырыс

Асуын  асып келдім  қособаның,

деген  соң қызы  сұлу  6 «А»ның

Өзіңді  бір көргеннен  құлай түсіп,

Көрдің бе  қу көңілдің  босағанын.



Жеңге  Салады  сиыр  соқпақ  шұбырғанда

Ет қалмас  қабырғада  сыдырғанда

Сұлу деп Еркежанға көп сұқтанба

Табылар  одан да сұлу  қыдырғанда.



Жайна  Наурыз-думан бола  ма күнде –күнде

Оза  шауып  біз қыздар  алған жүлде

Өнерпаз жігіттер де  жасқанады

Ән салып, би билеуге бізбен  бірге.

Ендеше жігіттер «Мақал – сөз атасы» екенін білесіздер біз сіздерді мақал – мәтел сайысына шақырамыз.сіздерге сұрақ қоямыз,ал сіздер мақал-мател түрінде жауабын айтуларың керек.

1. Қар жана ма?
(Қалауын тапса қар жанар)


2. Инемен құдық қазуға бола ма?
(Білім инемен құдық қазғандай)

3. Аппақ қарға бола ма?
(Қарға баласын аппағым дер)

4. Қой мен қасқыр ойлана ма?
(Қойдың ойлағаны амандық, қасқырдың ойлағаны арамдық)

5. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр.
(Көз қорқақ, қол батыр)

6. Етікті қонышынан басып киюге бола ма?
(Қолыңнан келсе, қонышыңнан бас)

7. Тауық түс көре ме?
(Тауықтың түсіне тары кіреді)


Мөлдір : Әй, жігіттер-ай  жеңіліп қалдыңдар ғой,айыптарыңды өтеңдер.

 

Жігіт: Қыздардың жөні келді мақтанатын,

Шетінен пері екен ғой сақтанатын.

Ән жырмен қыздар көңілін ауламасақ,

Күнәдан басқа амал жоқ ақталатын.

Айыбымызға   Досбол күй тартып берсін



Күй :Бозшолақ

Айдана: Жігіттер бәрекелді, тауып кетті,

Айыбын бір әнімен жауып кетті.

Ендеше қыз жігіттер ортаға кел

Қара жорға бейіне кезек кепті



Би:Қара жорға

1-жүргізуші: Кел наурызым берекелі жыл басым,

                        Мәңгілікке заманыңның құрдасы.

                        Жылда мені қуанышқа бөлейсің,

                        Ғасырлардың және менің сырласым.



 2-жүргізуші: Ұлыстың қадам басып ұлы күні,

                        Үйдің де көктей жаздап тұр уығы.

                        Көңіл де наурызбенен шешек атсын,

                        Жүректің сарқылмасын жылылығы-деп ендігі кезекті өлең шумақтарына береміз.



Өлең шумақтары:8





1-жүргізуші: Сені тойлап бабасы бабамыздың,

                        Сен ең көне жырысың данамыздың,

                        Әжемнің әжесіне ғашық болған,

                        Сен бүгін арнасысың дара күйдің.



2-жүргізуші: Әз Наурызым келген болсаң төкші нұрды,

                        Естіртпе сен әзірше әнді мұңды.

                        Бағзыдан әдетіміз бойға сіңген,

                        Күтетін зор үмітпен Жаңа жылды.



1 -жүргізуші: Осымен «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік кешіміз аяқталды. Өмір жастарыңыз ұзақ, ұлыс бақты, төрт – түлік ақты болсын. Ұлыс береке берсін. Наурыз құтты болсын! Наурыз батасына кезек берейік.



Бата:Рамазан

Армысыңдар, жамағат!
                       Ұлыс оң болсын,
                       Ақ мол болсын.
                      Қайда барсақ жол болсын!
                       Ұлыс бақты болсын,
                     Төрт – түлік ақты болсын!
                    Ұлыс береке берсін,
                    Бәле – жала жерге енсін»
                       Ұлы халқым тоқ болсын»
                        Көйлектерің көк болсын!
                        Қайғы – уайым жоқ болсын!
                        Қуаныштарың көп болсын!
(Әумин)

 

2-жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Бүгінгі «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты тәрбие сағатымызды «Мереке» әнімен аяқтайымыз!



Ән: «Мереке»