Мағынаны тану О. Бөкей Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Қатон-Қарағай ауданына қарасты Шыңғыстай ауылында туған. 1963 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне сырттай оқуға түседі де, оны 1969 жылы тамамдайды. 1970 жылы Алматы қаласындағы «Жазушы» баспасынан шыққан «Қамшыгер» атты алғашқы жинағы қаламгер ретінде танытты. Осы баспадан оның «Үркер» (1971), «Қайдасың, қасқа құлыным?» (1973), «Мұзтау» (1975) әңгімелері мен повестері шығарылды. Оралхан Бөкейдің «Ән салады шағылдар» (1978), «Үркер ауып барады» (1981), «Біздің жақта қыс ұзақ» (1984) әңгімелері мен повестері «Жалын» баспасынан жарық көрді. 1986 жылы оның «Құлыным менің» драмалық шығармасы «Өнер», ал 1987 жылы «Ұйқым келмейді» деп аталатын әңгімелері «Жазушы» баспасынан шықты. «Құлыным менің» (1974), «Текетірес» (1976), «Қар қызы» (1982), «Çымырайды поездар» (1984), «Жау тылындағы бала» (1985), «Мен сізден қорқамын» (1987) пьесалары қазақ және орыс тілдерінде республикалық, облыстық, сондай-ақ бұрынғы одақтас республикалар театрларында қойылған. Оралхан Бөкей – есімі дүниежүзіне танымал жазушы. Оның шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне (орыс, ағылшын, француз, неміс, жапон, араб, қытай) аударылған. Оралхан Бөкейдің туын дыларынан «Кісікиік» (1985, режиссері М. Смағұлов), «Сайтан көпір» (1986, режиссері Д. Манабаев) көркем фильмдері қойылды. Оқылым. Шығарманы оқушылармен бірлесе оқимыз. Әңгіменің желісі бойынша жоспар құрамыз. Жоспар: 1. Салықсалған ауылы 2. Соғыстан кейінгі бейбіт өмір 3. Тортай 4. Ертегіші Тортай 5. Тортай мінер ақ боз ат... 1тапсырма. ЖЖ. Әңгіме мазмұнын талдау(кестемен жазбаша жұмыс) Әңгіменің аталуы «Тортай мінер ақ боз ат» Авторы Оралхан Бөкей Тақырыбы Жетім өмірі Идеясы Жас бозбаланың биік арманының соғыс салдарынан орындалмай қалуы. Кейіпкерлер Тортай, фермер баласы Қай кезеңді суреттейді? Соғыстан кейінгі жылдарды Әңгіме немен аяқталды? Тортай арманына жете алмады Бағалау «Үш шапалақ» 2-тапсырма ЖЖ. Сәйкестендіріңіз Әңгіменің композициялық құрылысына талдай отырып,сәйкестендірініздер Сюжеттің басталуы | | Тортай мінер ақ боз ат... Менің тақымымда кеткендей еді... | Сюжеттің байланысы | Тортай мен Ораштың достығы | Сюжеттің шиеленісуі | Тортайдың түсі | Сюжеттің шегі | Салықсалған ауылының көрінісі | Сюжеттің шешімі | Тортайдың үйінен кетуі | Бағалау «Бас бармақ» Жаңа сабақты қорытындылау кезеңі: Проблемалық сұрақтарға жауап беру арқылы, тақырып бойынша талдау жүргізу. 1. Салықсалғанда соғыстан кейінгі жағдай қандай? 2. Әңгімеші бала мен Тортайдың достығы қалай сипатталған? 3. Тортайдың жеке басының арманы не? Сол үзіндіні әңгімеден тауып оқы. 4. Тортайдың автор үйіне келудегі мақсаты не? 5. Автор неге орнынан тұрып амандаса алмады? 6. Тортай кітап туралы қандай пікірде ? Кітапты неге пір тұтты? 7. Кітаптың адам өмірі, мінез құлқы үшін қандай маңызы бар? 8. Ол таскүркеде қандай кітап оқыды ? 9. Әңгіменің соңында лирикалық кейіпкер қандай шындық айтады? 10Тортай неге арманына жете алмады? Бағалау «Смайлик» |