Ортасы (25 минут) 10 мин. 5 мин. 3 мин. 7 мин. | Жаңа сабақ. «Одағайдың түрлері». Тақырыпты түсіндіремі, тапсырма орындатамын.  
Қосымша мәлімет Көне түркі жазба ескерткіштер тілінде жеке тұрып, өз алдына сөйлем мүшесі бола алмайтын, бірақ сөйлемде адамның әр алуан (қуану, өкіну, ренжу, және т.б.) көңіл күйін білдіретін «йыта» деген жалғыз ғана одағай сөз кездеседі.
ОЖБ (ойлан-жұптас-бөліс) әдісін пайдалана отырып тапсырмалар орындату. Жаңа сабақты түсіндіріп болғаннан кейін топтық жұмыс орындатамын. 3 топқа одағайдың түрлеріне байланысты тапсырма беріледі. Оқушылар тапсырманы орындайды. Тапсырмалар: І топ. Көңіл-күй одағайлары. Көңіл-күй одағайын тауып, қажетті тыныс белгісін қойыңдар. – Шеше – ау, үсіп қала жаздапсыз ғой түу пешке, пешке таман отырмасаңыз болмайды екен. – Шіркін не керек, әттең - әттең естімедім - ау! – Апыр – ай енді не істеуім керек, ренжітіп көңіліне қаяу салып алдым ба, қап? – Уа енді не қыл деп отырсың? – деді. – Ех мен кетем десем! – Аһа бұл күндіз осы маңда болады екен. – Қап мынаның баласын - ай! Жауабы: – Шеше - ау, үсіп қала жаздапсыз ғой, түу, пешке, пешке таман отырмасаңыз болмайды екен. – Шіркін, не керек, әттең - әттең, естімедім - ау! – Апыр - ай, енді не істеуім керек, ренжітіп көңіліне қаяу салып алдым ба, қап? – Уа, енді не қыл деп отырсың? – деді. – Ех, мен кетем десем! – Аһа, бұл күндіз осы маңда болады екен. – Қап, мынаның баласын - ай! ІІ топ. Жекіру одағайлары. Бос орынға жекіру одағайларын қойып, сөйлемді толықтыр. ..., ондай сөзді айтпа! ..., тоқтат, ақсақал! ..., не тантып отырсың?! ..., бауырын сағынып қалыпты ғой! ..., жетер енді, тентектігім! Қажетті сөздер: Түу, тәйт, жә, тәйт, жә. Жауабы: Тәйт, ондай сөзді айтпа! Жә, тоқтат, ақсақал! Тәйт, не тантып отырсың?! Түу, бауырын сағынып қалыпты ғой! Жә, жетер енді, тентектігім! ІІІ топ. Шақыру одағайлары. Кестені толтыр. Төрт түлік атауы | Төрт түлікті шақыру сөздерін жаз | Төрт түліктің пірлерін жаз | Төрт түліктің төлдерін жаз | Қой | | | | Жылқы | | | | Түйе | | | | Ешкі | | | | Сиыр | | | | Төрт түлік атауы | Төрт түлікті шақыру сөздерін жаз | Төрт түліктің пірлерін жаз | Төрт түліктің төлдерін жаз | Қой | шөре-шөре | Шопаната | қозы | Жылқы | құрау-құрау | Шекшеката | құлын | Түйе | көс-көс | Қамбарата | лақ | Ешкі | пұшайт-пұшайт | Ойсылқара | бота | Сиыр | әукім-әукім | Зеңгібаба | бұзау | Сергіту кезеңі: «Қалай шақырамыз?» ойыны Жылқы, қой, ешкі, түйе, сиыр, ит, тауық, мысық т.б.суреттен көрсете отырып, оларды қалай шақыратынын оқушыдан сұраймыз. Оқушы жауабы «дұрыс» болса үш шапалақпен мадақтаймыз Жылқы ─ «моһ-моһ» Ит – « кә-кә» Қой ─ «пұшайт-пұшайт» Ешкі ─ «шөре-шөре» Түйе ─ «көс-көс» Тілме қағаздардағы салынған суреттерді мұғалім көрсетеді. Оқушылар үй жануарларын қалай шақыру керектігін айтады және дұрыс болса үш шапалақпен мадақтап отырады. Оқулықпен жұмыс. 355-жаттығу. Мәтіннен одағай сөздерді теріп жазыңдар. Бекіту сұрақтары: 1. Қуанғанда, ренжігенде немесе өкінгенде қолданатын сөздерді мағынасына қарай одағайдың қай түрі деп атауға болады? - Көңіл-күй одағайы. 2. Тыйым салғанда немесе жекіргенде қолданатын одағайларды ше? - Жекіру одағайы; 3. Төрт түлік малды, үй хайуанаттары мен құстарды шақырғанда қолданатын сөздерді қандай одағай деуге болады? -Шақыру одағайы. 4. Сонымен, балалар, одағайлар мағынасына қарай қанша және қандай түрлерге бөлінеді екен? -Мағынасына қарай үш түрге бөлінеді: көңіл-күй одағайы, жекіру одағайы және шақыру одағайы (жан-жануарларға қаратылып айтылатын). 5. Көңіл-күй одағайы сан жағынан жекіру одағайынан көп болады. 6. Одағайлардың тыныс белгілері қалай қойылады? а) одағай сөйлемнің басында келсе, онда одан кейін үтір қойылады; ә) одағай сөйлемнің ортасында келсе, онда оның екі жағынан үтір қойылады; б) одағай сөйлемнің соңында келсе, онда оның алдынан үтір қойылады. в) құрамында көңіл-күй одағайы бар сөйлемдер соңына леп белгісі қойылады, мысалы: Япырм-ай, неткен сұлу еді! 7. Одағайлар сөйлемде қалай айтылады? - Одағайлар сөйлемде оқшау айтылады. 8. Жеке тұрғанда одағай сөздердің лексикалық мағынасы бар ма? -Жеке тұрғанда одағай сөздердің лексикалық мағынасы жоқ. | Интербелсенді тақта. Қима қағаздар, әр топқа тапсармалар. Жылқы, қой, ешкі, түйе, сиыр, ит, тауық, мысық т.б.суреттері. Оқулық, дәптер. |