СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ойын - әрқашан білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды.

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауыш сыныпта ойынның алатын рөлі ерекше. Оны дұрыс пайдалана білген жөн.

Просмотр содержимого документа
«Ойын - әрқашан білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды.»

Ойын - әрқашан білім бола отырып,

баланы білім алуға, еңбекке дайындайды.



А. С. Мокаренко: «Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады,» - деп балалар ойынын жоғары бағалаған.


Әрбір ұстаздың мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушылардың қызығушылығын арттыру. Бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз. Сондай технологиялардың бірі - «Ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту» Ойын технологиясында мынадай талаптарды есерген жөн.
- Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет. Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ десек, білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі.Бастауыш сыныбында сабақты ойын арқылы өткізу қызықты да тиімді болып келеді. Сабақты ойын арқылы өткізген кезде, тақырып балалардың есінде ұзақ уақытқа дейін сақталады.Және де ойын ойнатқан кезде нашар оқитын балалардың өзі белсене сабаққа қатысады.Мұғалім әр сабақты ойын арқылы өткізіп отырса, балалардың қызығушылығы арта түседі. Сондықтан мұғалім жан – жақты ізденіп сабақты қызықты өткізуі керек.