1 тапсырма: (Оқулықпен жұмыс) Оқыту формасы: Топтық Оқулықтың мәтіні мен дерек сөздерге сүйене отырып ойын сценарийін құрумен, кейіпкерлер және сюжетімен танысады. «Тұжырымдамалық карта» жалпы сипаттамасы: Оқушылар үлкен парақтың ортасына басты тақырыпты немесе сұрақты жазады. Оқушылар тақырыпты қамти отырып ең маңыздыларын қағазға түсіріп, өз идеяларын кесте , сурет қиындыларымен көрсетеді. Дескриптор 1.Ойын сценарийін құруды үйренеді 2.Ойын сценарийін құрудың әдістерін біледі 3.Ойын кейіпкерлерін, нысанын, сюжетін ажырата алады. ҚБ: Білім алушылардың меңгеру деңгейін «Бағдаршам көзі» арқылы бағалау Жасыл көз-жаңа тақырып бәріне түсінікті болды Сары көз-жаңа тақырыпты түсінуде қиындықтар болды Қызыл көз- тақырып мүлдем түсініксіз болды 2 тапсырма: «Кім жылдам» әдісі (Дәптермен жұмыс) Оқыту формасы : жеке жұмыс Білім алушылар компьютерлік ойындардың сценарийілерін келтіріп томендегі графиканы дәптерлеріне тез толтырулары қажет. Алғаш бітірген топ мүшелері балмұздақпен марапатталады. Бұл бағалау білім алушыны мадақтауда,өзіне-өзі деген сенімді қалыптастыруға көмектеседі

3 тапсырма : «Жаз,көрсет,әңгімеле» Шығармашылық жұмыс (компьютерде орындайық) Scratch программасымен компьютерлік ойын сценарийін скрипттерді пайдаланып блок-схема жасайды.Блок-схема төмендегі сурет тәрізді жасалуы қажет. Оқыту формасы: топтық Әр топтың білім алушылар компьютерде дайындаған ойын сценарийін бірі-біріне түсіндіріп өтеді.  Дескриптор: 1.Ойын сценарийі құру туралы толық ақпарат алады 2.Жобаға сәйкес ойын сценарийін блок-схемаға түсіруді біледі ҚБ: Білім алушылардың меңгеру деңгейін «Тиын, монета» арқылы бағалау 100 тиын –бәрі түсінікті 50 тиын-түсіндім, кейбірі қиындық туғызды. 20-мүлдем түсініксіз Сергіту сәті! Көзге арналған жаттығулар 4 тапсырма Сараланған тапсырма: Оқыту формасы: топтық жұмыс 1 топ : «Фишбоун» әдісі «Компьютерлік ойындар» Постерге балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырыпты жазады. Денесінің жоғарғы жағындағы қанаттарға идеяның себептері, төменгі қанаттарға идеяның салдары жазылады. Түйінді ой құйрығына жазылады. Кейін ауызша, жазбаша кері байланыс беруге болады.  Дескриптор 1.Компьютер ойындары туралы жалпы түсінік береді; 2.Компьютер ойындардың зиянын, пайдасын біледі; 3.Компьютер ойындары турасында қорытынды жасай біледі; 2 топ: «Өрмекші » әдісі «Компьютерлік ойындардың құру кезеңдері» Білім алушылар постерге өрмекшінің сұлбасын сала отырып, басына тақырыпты, денесіне өзекті ойларды, аяқтарына тірек сөздер арқылы шешу жолдарын жазып, өз ойларын тиянақтап пысықтайды. 
Дескриптор: Ойынды құрудың әр кезеңіне тоқталып өтеді; Ойынды құрудағы өздерінің түйінді ойын айтады: Екі топта тақырыптар бойынша ойларын тыңдап болған соң,бір-бірін смайликтер арқылы бағалайды. -маған бұл тапсырма ұнады -тапсырма түсінікті, алайда қиындық туғызған жерлері болды -тапсырма мен үшін мүлдем түсініксіз 5 тапсырма Қалыптастырушы бағалау: (білім алушылар берілген тапсырманы жылдам сәйкестендіріп шығулары қажет, болғаннан соң мұғалім жинап алып бағалайды) «Сәйкестендіру кестесі»  Дескриптор 1.Сценарий ұғымын көрсетеді; 2.Ойын нысанын табады; 3.Ойын түрін анықтайды; 4. Басты кейіпкерді анықтайды. |