Таурбаев Талғат Рустемович
Қазақ-Орыс Халықаралық Университеті
техникалық және ғылыми-жаратылыстану пәндер кафедрасының оқытушысы
БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ
Түйіндеме
Ақпараттық-коммуникациялық технология білім беру жүйесін ақпараттандыруға, білім сапасын арттыруға, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге, электрондық есептеуіш техникамен жұмыс істеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивтік құралдарды қолдануға, интернет желісін пайдалануға, телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, қашықтықтан білім беру – Елбасымыздың жолдауында айтылып кеткендей елімізде оқыту теледидарын құруға негізделген.
Қоғамның ақпарттандырылуы білім беруге қойылатын талаптарды да өзгертеді. Білім беру саласының қызметкерлерінің міндеті ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, баланың рухани мүмкіндігін дамыту, білім беру, тәрбиелеу, олардың өзіндік жұмыс жасау қабілетінің дамуына мүмкіншілік жасау. Сонымен бірге ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беру саласының қызметкерлерінің шығармашылық ізденіс қабілетін дамытуға, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгеруге, мамандық шеберлігін қалыптастыруға ықпалын тигізеді.
Резюме
В статье раскрывается понятие «информационного общества», его место в системе образования на основе современных компьютерных технологий.
Активное применение информационных и коммуникационных технологий (ИиКТ) в образовании позволяет не только по-новому взглянуть на педагогический процесс, но и дает необходимый научно-методологический аппарат для их анализа и обновления, а компьютеризация процесса обучения является одним из главных факторов содержания образования.
Summary
In article the concept of "an information society», his place in an education system, on the basis of modern computer technologies and communication means reveals.
Active application of information and communication technologies in formation allows not only to look in a new fashion at pedagogical process, but also gives the necessary scientifically-methodological device for their analysis and updating, and the computerization of process of training is one of primary factors of the maintenance of formation.
Ақпараттандыру дамыған елдердің әлеуметтік-экономикалық прогрестің бастаушы тенденциясы ретінде, адамзаттың барлық іс-әрекеттерінің объективті процесі болып табылады, соның ішінде білім жүйесінде де [1].
Оқу жүйесіндегі ақпараттық технологиялар (АТ) — компьютерлік техника мен программалық құралдардың көмегімен оқушыға ақпаратты дайындауды және беруді жүзеге асыратын процесс. Оқу жүйесіндегі ақпараттық технологияларда ақпаратты беріп үйренуде екі нәрсені бөліп айтуға болады: техникалық құралдар, оған компьютерлік техника, байланыс жолы, және әртүрлі жүктеме бойынша берілетін программалық құралдар (ПҚ). Оқытушы компьютердің көмегімен берілетін сабақты өңдеуде оның функционалдық мүмкіндіктерін және жоғарыда аталған компоненттердің әрқайсысын қолдану шартын білуі тиіс. Техникалық құралдардың да программалық құралдардың да өз ерекшеліктері бар және оқу барысына айтарлықтай әсерін тигізеді. [2,3,4,5].
Қазіргі қоғамның ақпараттандыру процесінің негізгі бағыттарының бірі керекті шарттар мен жалпы Қазақстандағы маңызды ақпараттандыру кезеңіндегі білімнің ақпараттануы болып табылады. Білімді ақпараттандыруды анықтайтын әртүрлі амалдар бар. Мысалы, Ресейлік педагогикалық энциклопедияда білімді ақпараттандыру кең мағынада – ақпараттық өнімнің технологияларымен қамтылған білім жүйесімен байланысты әлеуметтік-педагогикалық ағарту кешені [6].
ХХІ ғасыр – өткен «индустрияландыру дәуірімен» салыстырғанда, «ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Бұл дегеніміз – жаңа әлемдік көшбасшылар ретінде, көбірек көмір немесе автомобильдер өндіретін мемлекеттер емес, жаңа ғылыми технологияларды дамытатын елдер есептеледі деген сөз. [7].
Білімді ақпараттандыру – бұл білім жүйесінің интенсивті функциялану мақсатында қазіргі ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялардың қажеттіліктер арқылы ақпаратты беру және білім жүйесіндегі мүшелердің ақпаратты жедел алмастыру, жедел жинауды қамтамасыз етуге, өңдеуге, жүйелеуге, жинауға, сақтауға бағытталған бір-бірімен тығыз байланысты күрделі жүйелер кешені [8].
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі — оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру еніп, көкейкесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім
Ғалымдардың пікірінше қазіргі ақпараттандырудың негізін үш техникалық жетістіктер құрайды.
машина оқушы құралдарда ақпараттың жаңа ортасының пайда болуы. (магниттік ленталар, магниттік дискілер, оптикалық компакт-дискілер және т.б.)
уақыт пен ара-қашықтыққа қарамастан әлемнің кез-келген жеріне ақпаратты жеткізу, тұрғындардың ауқымды байланыс жүйелермен қамтамасыз етілуі (радио, теледидар, спутниктік байланыстар, факстар, модемдер, телефондық байланыстар, ғаламтөр және т.б.).
берілген алгоритмдер бойынша компьютерлік технологиялар көмегімен ақпаратты автоматизациялық өңдеу мүмкіндігі (талдау, классификациялау, керекті пішімге келтіру және т.б.)
Қоғамды ақпараттандырудың мақсаты мәдениетті, оқыту, ғылыми ақпаратқа еркін қол жеткізу үшін педагогикалық үрдістегі қатысушының интеллектуалдық қызметін интенсификациялау болып табылады. Ол келесі бағыттарда жүзеге асуы мүмкін [9]:
оқушы тұлғаның дамуы, ақпараттық қоғам шеңберінде өзіндік қызметті даярлау;
компьютермен қарым-қатынастың ерекшеліктерінің арқасында конструктивті, алгоритмдік ойды қалыптастыру;
репродуктивті қызметтің азаюына байланысты шығармашылық ойлаудың дамуы;
бірігіп жасасқан жобалардың негізінде коммуникативтік мүмкіндіктерін қалыптастыру;
қиын жағдайларда қолайлы шешімдер қабылдауды үйрету; (компьютерлік ойындар мен тренажер бағдарларымен жұмыс істеу барысында);
ақпараттық мәдениетті қалыптастыру (мәліметсіз, жүйелік және локальдік, мәтіндік, графикалық, кестелік редакторлардағы ақпараттарды қолданған кезде жаңарту, түзетуді жүзеге асыруды үйрету);
қазіргі қоғамды ақпараттандыру үшін әлеуметтік ұсыныстарды өткізуді қалыптастыру;
ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы мамандардың біліктілігін жоғарылату (дайындық, қайта дайындық);
дәстүрлік және қашықтық оқу бойынша педагогикалық және ақпараттық технологиялармен оқушының өзіндік жұмысын даярлау;
ақпараттық және коммуникациялық технологиялар мүмкіндіктері арқасында оқу процесінің сапасы мен тиімділіктерін жоғарылату;
оқушылардың оқу-таным қызметінің дамуын қолдану;
әртүрлі пән аумағындағы есептерді шешкенде қазіргі ақпаратты өңдеу құралдардың арқасында пән аралық тереңдету (компьютерлік модельдеу, локальдік және мәліметсіз желі).
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар білім жүйесінде педагогикалық процеске жаңаша қараудан бөлек, ғылыми-методологиялық ақпарат, оның талдауы және жаңаруы үшін қажет ғылыми-әдістемелік аппаратын береді, ал оқуды компьютерлендіру процесі – білім берудің басты факторларының бірі болып табылады. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар білімді тарату әдістеріне өзгеріс енгізіп қана қоймай, білімнің өзіне де өзгеріс енгізеді. Сондықтан да білім берудің маңызы мен педагогикалық процеске өзінің әсерін тигізеді (талдау, жоспарлау, болжам, бақылау, ұйым т.б.).
Ривер Фоле Кэрол Бэглидің пікірінше, ақпараттық құралдар көмегімен мына түсініктер жүйесі қалыптасқан кезде ғана, ақпараттық құралдар білім жүйесінде маңызды, құнарлы болады:
- білім беру процесінің болуы (оқу және оқыту);
- ақпараттық ортада оқытушы мен оқушының арасындағы интеллектуалдық – эмоционалдық қатынас;
- оқушы мен оқытушының жұмыс орындарының ақпараттық және коммуникациялық технологиялармен қамтамасыз етілуі [4].
Білімді ақпараттандыру ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың кейбір қосымша қасиеттерін толығырақ қолданылуын қамтамасыз етеді. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың қосымша мүмкіндіктері:
әрбір тұлғаға өзінің жеке білімдік траекториясын жасауға мүмкіндік беретін ашық оқу жүйесін жасау;
оқу-тану процесін жүйелік ойлау жолына аудару, ауыстыру арқылы түпкілікті өзгерту;
білімнің ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз етілу жүйесін құру;
оқушылардың оқу процесінде оқу-тану қызметін ұйымдастыру,
компьютердің өзіне тән қасиеттерін қолдану.
Оған жататындар: педагогикалық процеске жүйелік әрекет арқылы базаланушы тану процесін ұйымдастыру; оның жеке-даралылығы; принципиалды жаңа тану құралдарын қолдану және ұйымдастыру; әртүрлі дәрежедегі қашықтан оқу білім жүйесін құру, дамыту.
Ақпараттандыру құралдарының техникалық базасының дамуы ғылыми-педагогикалық бағыттар және оларды білім жүйесінде қолдану жұмыстары жасалды.
Қазіргі кезде педагогикалық процесті ақпараттандыру негізгі үш бағыт арқылы жүзеге асырылады: білім мекемесін басқару, ғылыми-зерттеу жұмысы, білім процесінің қатысушыларының құралдарын дамыту.
Білімді ақпараттандырудың негізгі бағыттары бір-бірімен тек қана бір объектімен және жалпы мақсаттармен ғана байланысты емес. Олар көп жағдайда бір-бірін толықтырып тұрады. Олардың әрқайсысы қолдану әсерін анықтайтын өзіндік есептері, критерийлері және ескертулері бар.
Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім алу өте қажет”, - деп Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім және тәрбие беру жолында ақпараттық-коммуникациялық технологияны оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор.
Білім берудің ақпараттандыру процесі пән мұғалімдеріне, әдіскерлерге, білім мекемелерін басқарушыларға жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды. Қазіргі ақпараттық қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.
ХХІ ғасыр - жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс. Ал теориялық білімді практикамен ұштастыру үшін компьютердің қажет екендігі даусыз.
Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту процесінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық-психологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешілмегені.
Ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне – оның іргелігі, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады. Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыттарының бірі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білім беру саласына енгізу жұмыстары болып саналады. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады.
Қашықтан оқытудың жүйесінде ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың келесі түрлері қолданылады: электрондық пошта бойынша телеконференциялар; мейл-серверлер; электрондық тақта жариялары; жедел режимдегі телеконференциялар; электрондық кітапханалар; электрондық пошта арқылы ақпарат базасына қол жету, дыбыстық пошта; бейнетаспалар; электронды оқулықтар; лазерлік дискілер, теледидарлардан дәрістердің берілуі; телефон байланысымен дәрістердің теледидарлардан трансляциялануы; телеконференциялар [10].
А.А. Андреев және В.И. Солдаткин қазіргі кезде үш негізгі топқа топтасқан: аудио, видео және мәтін ақпараттық технологиялар тізіміне 19 ат бойынша кіреді деп есептеді [7].
Ақпараттық құралдар өзінің дидактикалық қасиеттері бойынша оқыту жүйесінің барлық құрамдас бөлігіне белсене әсер етіп (мақсаттар, бiлiмнiң мазмұны, ұйымдастыру формалары және тағы басқалар), аса күрделі және дидактиканың өзекті міндеттерін құрып шешуге мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа, ақпараттық технологияларды дәрiс, семинарлар оқуда, лабораториялық жұмыстар, консультация, емтихандарда қолдануға болады. Бұл сұрақтардың шешiмiн бiлiм беретiн мекеме ғана емес, сонымен қатар, барлық қоғам да комплексті түрде шешуін талап етедi. Бұл: ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы оқушының әртүрлі ақпаратты сауатты қолдануын қалыптастыруға мүмкіндік береді; әрбiр оқушыны белсендi танымдық процеске тартады.
Қолданылған әдебиеттер:
Психолого-педагогический словарь для учителей и руководителей образовательных учреждений. - Ростов н/Д.: Изд-во «Феникс», 1998. - 544 с.
Веряев А.А. Семиотический подход к образованию в информационном обществе. Монография. - Барнаул: Изд-во БГПУ, 2000. - 298 с.
Лапчик М.П. Информатика и информационные технологии в системе общего педагогического образования. Монография. - Омск: Изд-во Омского гос. пед. ун-та, 1999. - 294 с.
Новые педагогические и информационные технологии в системе образования: Учеб. пособие для студ. пед. вузов и системы повыш. квалиф. пед. кад./Е.С. Полат, М.Ю. Бухаркина, М.В. Моисеева, А.В. Петров; Под ред. Е.С. Полат. - М.: Академия, 1999. - 224 с.
Роберт И.В. Современные информационные технологии в образовании: дидактические проблемы; перспективы использования. - М.: «Школа-Пресс», 1997. -205 с.
Российская педагогическая энциклопедия: В 2 тт./Гл. ред. В.В. Давыдов. -М.: Большая Российская энциклопедия, 1993. - Т. 1.- 608 с.
Андреев А.А., Солдаткин В.И. Дистанционное обучение: сущность, технология, организация. - М.: Изд-во МЭСИ, 1999. - 196 с.
Холина Л.И., Скибицкий Э.Г. Образовательное пространство составляющая информатизации образования//Качество образования: концепции, проблемы качества, управление: Тез. Всерос. научно-методич. конф./Под общ. ред. А.С. Вострикова. - Новосибирск: Изд-во НГТУ, 1998. -Ч.1.-С.184-186.
Загвязинский И.В. Теория обучения: Современная интерпретация: Учеб. пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений. - 2-е изд., испр. - М.: Издательский центр «Академия», 2004. - 192 с.
Тихонов А.Н., Иванников А.Д. Технологии дистанционного обучения // Высшее образование в России. - 1994. - № 3. - С. 3-10.
Анкета участника
Ф.И.О | Таурбаев Талгат Рустемович |
Адрес | г.Актобе п Заречный 1 ул Энтузиастов 17 |
Тел | 8 (7132) 99-01-27 |
Моб | 8 702 241 60 28 |
Эл адрес | taurbaev-talgat@mail.ru |
Дата рождения | 22-04-1992г |
Форма участия | заочная |