Коучинг сабағының мақсаты | Уақыт шеңбер-лері | Сабаққа қатысушылар | Сабақ нәтижелері | Табыс критерийлері |
Бірлескен оқудың тиімділігі мен топтық және ұжымдық жұмыстың нәтижелілігін көрсету | | ІІ,ІІІ деңгейдің сертификатталған мұғалімдері; Қызығушылық танытқан мұғалімдер | Бірлескен оқудың тиімділігі мен ынтымақтастық-тағы топтық және ұжымдық жұмыстың маңыздылығын түсінді | 80% |
Топтардағы бірлескен және ұжымдық жұмыс арқылы оқушылардың әлеуметтік ,эмоционалдық және танымдық даму жолдарын анықтау | | ІІ,ІІІ деңгейдің сертификатталған мұғалімдері; Қызығушылық танытқан мұғалімдер | Оқушылармен жүргізілетін топтардағы бірлескен және ұжымдық жұмыстардың тиімді тәсілдерін үйренді | 70% |
Коучинг сабақтың тақырыбы | Топтардағы бірлескен және ұжымдық жұмыстың маңыздылығы |
Жалпы мақсаты | Мұғалімдерде топтардағы бірлескен және ұжымдық жұмыс туралы түснік қалыптастырып,іс-тәжірибеде тиімді қолдану жолдарын көрсету |
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері | Бірлескен оқудың тиімділігі мен ынтымақтастықтағы топтық және ұжымдық жұмыстың маңыздылығын түсінді . Оқушылармен жүргізілетін топтардағы бірлескен және ұжымдық жұмыстардың тиімді тәсілдерін үйренді |
Сабақта туындаған негізгі идеялар | Мұғалімдердің оқытудағы топтармен бірлескен және ұжымдық жұмыс туралы сыни көзқарастарын қалыптастыру. |
Тапсырмалар |  Миға шабуыл(Топтастыру әдісі) Бірлескен оқу дегеніміз ... Бірлескен оқу
     1.Таныстырылым. Топтардағы бірлескен және ұжымдық жұмыс.(3топ,2-3мұғалімнен) а)Нұсқаулық қағаз беріледі; ә)Топты ұйымдастыру (ұстанымдарына сәйкес) б)Топта жұмыс істеу ережесі( постерда жазу) Практикалық жұмыс. Постерда бейнелеу: а) Топтық және ұжымдық жұмыс жұмыс жүргізу мақсаттары (әлеуметтік,танымдық, эмоционалдық); ә ) Бірлескен жұмыс жүргізу себептері(команда құру, тапсырманы орындау, жеке қажеттіліктер); б)Топтық және ұжымдық жұмыс барысында дамитын дағдылар (қарым-қатынас, өзін-өзі тану, басқаларды қолдау және бақылау); в)Топ құру кезеңдері(топты құру,жоспарлау,жоспарды жүзеге асыру,қызметті жүзеге асыру,топ жұмысын бағалау); г)Дағдыларды дамыту үдерісі(әлеуметтік өзара әрекеттестік, қарым-қатынас,мәселелерді шешу). Әр топ өз ой-түйіндерін постерда бейнелейді. 3.Бағалау. «Екі жұлдыз бір ұсыныс» 4.Кері байланыс: Ашық сұрақтар беріледі. 1) Топтық және ұжымдық жұмыс оқушының тақырып мәнін өз бетінше меңгеруі(құзырлы оқытудың маңызды факторы) үшін тиімді ме? 2)Оқушының білімін нақты бағалау мақсаттары жүзеге асырылады деп ойлайсыз ба? 3)Сіздің жұмысыңызды жақсартуда топтық және ұжымдық жұмыстың қандай артықшылықтары бар деп санайсыз? 5. Қорытынды. |
Дереккөздер: | МАН-І,. 36 бет, МАН-ІІІ,. 78 бет, |
Сабақтың барысы: Мұғалімдерге активстудияда Бірлескен жұмыс дегеніміз ... сұрағы беріледі. Топтастыру әдісі арқылы негізгі сипаттамалары анықталады(3 минут) Топтардағы бірлескен және ұжымдық жұмыс туралы таныстырылым үлестіріледі.. (3мин) 3. Топтардағы бірлескен және ұжымдық жұмыс тәсілдері туралы ой-түйіндерін постерде бейнелейді және өз жұмыстарын қорғайды (20мин). 4.Жұмысты бағалау мақсатында «Екі жұлдыз бір ұсыныс» айтады . (5 минут) 5.Кері байланыс: Ашық сұрақтар арқылы қорытынды ой-түйіні айтылады(2 минут) 6.Ауызша қорытынды жасалады. (4минут) |
Коучинг сабақтың тақырыбы | Оқушыны ынталандыруда формативті бағалаудың маңызы |
Жалпы мақсаты | Мұғалімдерде формативті бағалау туралы түсінік қалыптастырып, іс-тәжірибеде қолдану жолдарын көрсету |
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері | 1.ФБ туралы түсінік қалыптасып, формативті бағалаудың маңыздылығын түсінді. 2. Формативті бағалауды іс-тәжірибелерінде қолданады. |
Сабақта туындаған негізгі идеялар | Сапалы білімге жету – ынталандыру негізі. |
Тапсырмалар | Тренинг өткізу: Шиыршықталған қағаздарға би аттарын жазып, қатысушыларға суырту (қамажай, твист, ламбада, лезгинка, цыган биі, орыс пляскасы) би әуенін қосқанда сол би қимылдарын орындап, топтасып билейді. Соңынан сол құрылған топпен бірлесіп отырады. Кіріспе әңгіме (теориялық білім беру). Таныстырылым. Интерактивті тақтада көрсетіледі. Дайын слайд көрсету. Практикалық жұмыс: (ақ қағаздар мен түрлі-түсті бояулар үлестіріледі) «Оқушылардың уәжін қалай оята аламыз» Бір-бірін формативті әдістердің бірі арқылы бағалайды (смайлик, бағдаршам, жетон, шапалақтау, бармақ әдісі, фигуралар арқылы) Критерий бойынша бағалау. Критерийлер 1 2 3 4 5 6 1 Топ мүшелерінің белсенділігі 2 Мазмұнының ашылуы 3 Эстет калық талғамға сай болуы 4 Уақытқа сыйуы 5 Түйінді ой айтуы Қайтадан өздерін-өзі бағалайды. Бағалаудың айырмашылығы талданады. Критерий арқылы бағалау тиімді екеніне мұғалімдердің көзін жеткіземіз. Кері байланыс: Бағалаудың қандай түрлерін үйрендіңіз? Өзіңіздің тәжірибеңізде қайсысын пайдаланғыңыз келеді? Қорытынды: Екі жұлдыз, бір ұсыныс. |
Дереккөздер: | МАН. ІІІ деңгейлік 56 бет. |