СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Оқытуды ұйымдастыруда әдіс тәсілдерді оңтайлы таңдау, оқушылардың функционалдық сауаттылығын жүзеге асыру жолдары»

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Тіпті олар әр түрлі жағдайда кездескен бланкіні толтыра алмай, ондағы ақ-параттың мәнісін түсіне алмапты. Бір қызығы, олар теледидарда не айтылып жатқанын, жалпы айтқанда, күнделікті өмірдің есебін білмейтін болып шық-қан. Соның салдарынан жұмыссыздық, өндірістегі апат, жазатайым оқиғалар, жарақат алулар көбейіп кеткен. Жалпы, барлық зерттеушілердің болжамы бойынша адамдардың сауатсыздық деңгейінің төмендеуі, оларға дұрыс білім беріп, тиянақты оқытпаудан, оқырман болуға үйретпеуден болған көрінеді. Сақтанбау, ұқыпсыздық, байқаусыздық, апаттар: мұның бәрі ережені дұрыс оқымағандықтан, түсінбегендіктен, санаға сіңірмегендіктен орын алып отыр. 

Просмотр содержимого документа
««Оқытуды ұйымдастыруда әдіс тәсілдерді оңтайлы таңдау, оқушылардың функционалдық сауаттылығын жүзеге асыру жолдары»»

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №17 орта мектебі» ММ













Тақырыбы:

«Оқытуды ұйымдастыруда әдіс тәсілдерді оңтайлы таңдау, оқушылардың функционалдық сауаттылығын жүзеге асыру жолдары»











Дайындаған: Купеев Е.С.

география пәні мұғалімі.





2014 ж.

«Оқытуды ұйымдастыруда әдіс тәсілдерді оңтайлы таңдау, оқушылардың функционалдық сауаттылығын жүзеге асыру жолдары»

Функционалдық сауаттылық дегеніміз не?

Бұл сұраққа мынандай деректер келтіруге болады.

Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Тіпті олар әр түрлі жағдайда кездескен бланкіні толтыра алмай, ондағы ақ-параттың мәнісін түсіне алмапты. Бір қызығы, олар теледидарда не айтылып жатқанын, жалпы айтқанда, күнделікті өмірдің есебін білмейтін болып шық-қан. Соның салдарынан жұмыссыздық, өндірістегі апат, жазатайым оқиғалар, жарақат алулар көбейіп кеткен. Жалпы, барлық зерттеушілердің болжамы бойынша адамдардың сауатсыздық деңгейінің төмендеуі, оларға дұрыс білім беріп, тиянақты оқытпаудан, оқырман болуға үйретпеуден болған көрінеді. Сақтанбау, ұқыпсыздық, байқаусыздық, апаттар: мұның бәрі ережені дұрыс оқымағандықтан, түсінбегендіктен, санаға сіңірмегендіктен орын алып отыр.

Қазақ маманы С.Раевтың ойынша, сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап жұғады екен. Әсіресе бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1-ден 3-сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады. Яғни, үшінші сынып оқушысы ешқашан кітапханаға бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымаса тағы бір ертеңгі сауатсыздың дүниеге келгені. Ғалымдардың айтуынша, 8-сыныптан бастап оқушылардың 60 пайызының өз бетімен жазып-оқуға деген ынтасы жоғалады екен. Тіпті түлектердің үштен бірінің оқуға мүлдем құлқы болмайтын көрінеді. Елбасы дұрыс айтады, «білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей, оны керiсiнше, әлеуметтiк адаптация процесіне бейiмдеу қажет».

Сонымен, функционалдық сауаттылық дегеніміз не?

Функционалдық сауаттылығы дегеніміз - адамдардың әлеуметтік , мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның маман-дығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.

Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:

-белсенділік

-шығармашылық тұрғыда ойлау

-шешім қабылдай алу

-өз кәсібін дұрыс таңдай алу

-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.

Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.

Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары 2011-2020 жылының мемлекеттік бағдарламасында айқын көрсетілген.

Және де Елбасы 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдау -ында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақса-тында бес жылдық ұлттық жоспар қабылданғаны баршамызға белгілі. Ұлт-тық жоспардың мақсаты - Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушы-лардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамассыз ету болып табылады.

Олар:

-басқарушылық /проблеманы шешу қабілеті/;

-ақпараттық /өз бетінше ақпараттар көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау/;

-коммуникативтік /қазақ ,орыс ,ағылшын тілінде ауызша ,жазбаша қарым-қатынас жасау;

-әлеуметтік /қоғамда, өз өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті/;

-тұлғалық / өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, , қажетті білім, білік, дағдыларды игеру, болашақта өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиын-шылығы мен күрделілігіне төзімді болу/;

-азаматтық /қазақ халқының салт-дәстүрі,тарихы, мәдениеті, діні мен тілін терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі/

-технологиялық / ақпараттық технологияларды, білім беру технологияларды сауатты пайдалану/;

Оқушы осы аталған негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік құзырет-тіліктерді /әр пәннің мазмұны арқылы/ меңгеруі тиіс.

Елбасы Н. Назарбаев оқулық мәселесіне де ерекше тоқталған болатын. Оқулықтың мақсаты, міндеті, мазмұны ,құрылымы функционалдық сауатты-лықтың құзыреттілігіне сай жазылуы тиіс.

Ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету.Ата-ананың борышы бала бойына жас кезінен адами құндылықтарын дарытып, саналы өмір сүруге баулу. Ата-ана баласының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мұғалімдерімен тығыз байланыс жасау керек. Ата-ана баласының ерекше қасиетін тану, түсініп қол үшін беру, олардың қабілетін дамыту, бойына рухани құндылықтарды қалыптастыру, жағымсыз мінез-құлық, әдеттрден арылтуға көмек беруі керек. Ата-ананың бойында да фукционалдық сауаттылық болуы тиіс.

География пәнінен оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесіне мынандай тұжырымдарманы ұсынуға болады:

1.Оқушыларды бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу

2. Оқушылардың алған білімдерін өмірде, кез-келген жағдайда, әлеуметтік ортада қолдана алуға үйрету;

3.Мемлекеттік тілде ауызша,жазбаша қарым-қатынас жасау;

4.Әлеуметтік талаптарына сай келу үшін оқушының ақпараттық технологияларды қолдану және проблемалардың шешімін таба алуға үйрету;

5. Оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуіне үйрету ;

6. Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытуы;

7.Оқушылардың әлеуметтік-мәдени дағдыларын дамытуы ;

8. Қазақ халқының салт –дәстүрі, мәдениеті, тарихын түсіну және құрметтеге баулу;

Функциональдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада анық көрсетілген. Функциональдық дағдылар мектепте қалыптасады.



  • Дене және денсаулығы дамыған;

  • Рухани дамыған;

  • Белсенділігі, шығармашылдығы, шешім қабылдауы қалыптасқан оқушыларды дайындау.

Осы мектеп оқушыларының функциональдық сауаттылығын дамыту жөнінде 2012 – 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары мектеп оқушыларының сауаттылығын дамыту процесін мазмұндық, оқу – әдістемелік, материалдық – техникалық қамтамасыз ету жөнінде іс шаралар кешенін қамтиды. Бұл тұрғыда күнделікті география сабағында жаңа материалды меңгертуге қолданатын әдіс – тәсілдер.(ауызша түсіндіру).

Деңгейлік тапсырмалар орындау, бейне сюжет қолдану, топтық талдау жасау және т.б.

Ал шығармашылыққа келсек оқушылардың белсенділігін дамыту барысында қолданылатын тәсілдер:

  • Семантикалық карта толтыру;

  • Венн диаграммасын толтыру;

  • Географиялық ойындар жүргізу; (Ең, ең, ең., географиялық лото, адасқан обьектілер, карта құрау т.б.)

Ал, оқушылардың білімдерін бағалауда :

  • Толық мазмұнын айту;

  • Сұрақ-жауап;

  • Өздік жұмыс;

  • Тесттік тапсырмалар;

Материалдық – техникалық жағынан қолданатын әдіс-тәсілдер:

  • Оқулық;

  • Атлас және кескін карталар;

  • Үлестірмелі кеспелер;

  • Интерактивті тақта;

  • Компьютерлік тесттер;

  • Слайдтар.





Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана , 2010 жыл

2. Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары. Астана , 2012 жыл 3. Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы. №9, 2012 ж

4. Интернет ресурстар: Wikipedia