СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттыруда ойынның әдіс –тәсілдерін пайдалану

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

химия пәнінен сабақ беру тәсілі туралы айтылған

Просмотр содержимого документа
«Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттыруда ойынның әдіс –тәсілдерін пайдалану»

М.Дулатов орта мектебі















Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттыруда ойынның әдіс –тәсілдерін пайдалану.



Дайындаған: Фазылова Д.С.













Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттыруда ойынның әдіс –тәсілдерін пайдалану.

Мақсаты:

Ойын үстінде оқушылар белсенді түрде ойланып өзін еркін сезінеді, қиялы шарықтап, тың талпыныс жасай алатындай қабілеттін дамытуда,ойын оқушының оқуға,білім алуға деген оң көзқарасын қалыптастыру;


Міндеті:

  • Ойлана отырып,жұмыстарды өз бетімен орындау;

  • Пәнге деген қызығушылықтарын ояту;

  • Білімді де,білікті оқушыларды тәрбиелеу;


Ойын – бұл қоғамдық тәсілді меңгеру мақсатында, ситуациялық жағдайда, бағытты түрде іскерлігін көрсететін, өзін – өзі басқаруын жетілдіретін іс – әрекет.

Ойынның атқаратын функциясы:

1.Көңіл аулау(негізгі атқаратын міндеті – көңіл көтеру, көңіл аулау, жандандыру, қызығушылығын арттыру).

2.Коммуникативтік: сөйлеу тілін ұстарту.

3.Ойын терапиясы: өмірде кездесер түрлі қиындықты жеңу жолдарын көрсетеді.

4.Диагностикалық: Қалыпты тәртіптен ауытқуды табу,ойында өзін – өзі тануға көмектесу.

5.Әлеуметтік: адамдарды қарым – қатынас нормаларына бейімдеу. Ойындардың өзіне тән төрт басты ерекшілігі бар.Бұл іскерліктің шығармашылық жағы, көңіл – күйдің жоғарлауы.Ойын мазмұнындағы тікелей және жанама шарттар бойынша уақытша болса да оны логикалық бірізділікпен дамыту.Педагогиканың ұйымдастыру процесі кезінде әр түрлі ойындар өткізу арқылы «Педагогиканың ойын технолгиясы» туралы түсінік кіргізіліп, жеткілікті және кең түрде, түрлі топтың әдістері мен тәсілдері қалыптасқаны белгілі.Жалпы ойындарға қарағанда педагогикалық ойындарда өзіндік ерекшелік басым болғандықтан, оқу жүйесінде нақты мақсат қойылғандықтан, педагогикалық нәтижесінің негізі қаланып оқудың танымдық бағыты айқындалады.Оқыту барысында ойын түріндегі сабақты өткізу үшін түрлі тәсілдердің көмегімен ситуациялық жағдай туғызу қажет, бұл оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттырып, іскерлігін жандандырады.Сабақ үстінде ойын тәсілдерін пайдалануда мынадай негізгі бағыттар ұсынылады:

1.Дидактикалық мақсат – тапсырма оқушылар алдына ойын түрде беріледі;

2.Оқу барысы ойын шартына бағынады;

3.Оқу материалы оның негізгі қажеттілігіне: сабақтағы іскерлік, ойындағы жарыс элементіне кіріп, дидиктикалық жүктемені айналдырады.

Дидактикалық тапсырманың табысты орындалуы ойын нәтижесіне байланысты.Оқыту барысында бұл сабақтардағы ойын техникалық орны мен рөлі, ондағы ойын элементтерінің сәйкес, қабысып келуі көбінде мұғалімнің педагогикалық ойындарға деген өзіндік түсінігі мен біліктілігіне байланысты.

Ең бірінші ойын түрлерін атқаратын қызметіне байланысты физикалық (қозғаушы), интелектуалды (ойландыратын), еңбектендіруші, әлеуметтік және психологиялық деп бөлуіміз қажет.

Педагогикалық процесте өзіндік қасиетімен ойындар келесі топтарға бөлініп, ерекшеленеді:

1.үйретуші, жаттықтырушы, бақылаушы, тіл дамытушы;

2.Танымдық, тәрбиелік, дамытушылық;

3.Шығармашылық, нәтижелі;

4.Коммуникативтік, диагностикалық, психотехникалық анықтаушы.

Педагогикалық ойындардың өзіне тән әдістері өте көп.Сонымен бірге ойын технологиясы белгілі бір ортада өзіне тән ерекшелігімен көрінеді.Ойынды өткізуде оны жалпы, топтық, жекелей немесе жекеше деген түрлерге бөлінеді.Химия пәнінен оқушылардың қызығушылықтарын ойын арқылы дамыту мақсатында ойын түрлеріне тоқталып өтейік:

Оқушылардың тез ойлау қабілетін дамытып, жаттықтыру, пәнге қызығуын арттыру және білімін тексеру мақсатында төрт кезңнен тұратын «Миллион кімге бұйырады?» ойынының үлгісімен сабақ өткіздім.

1.Таңдау кезеңі

2.Бірінші күймейтін баға – « 3» (2 сұрақ)

3.Екінші күймейтін баға - « 4 » (3 сұрақ)

4.Үшінші күймейтін баға – « 5 » (3 сұрақ)

1.Төмендегі элементтерді салыстырмалық атомдық массаларының өсуіне қарай орналастырыңыздар:

1.Көміртек 3.Сутек

2.Алюминий 4.Оттек

2.а) Валенттілігіне қарай «артық» элементті табыңыз:

1.К 2.Na 3.Mg 4.H

Ә) Элементтің оттекпен қосылысындағы жоғары валенттілік көрсететін формуланы атаңыз:

1. Cl2 O7 2. Na2 O 3.Al2 O3 4.CaO

3. А) күкірт қышқылының 2 моль зат мөлшеріне қандай массасы сәйкес келеді?

1) 49г, 2) 198 г 3) 196 г 4) 294 г

Ә) Ауа бойынша тығыздығы 1,5 болатын газ затының массасы қанша:

1) 44 2) 43,4 3) 56 4) 48

Б) Бес молекула алюминий сульфаты диссоциацияланғанда барлық катион және

анион саны қаншаға тең: 1) 10; 2) 25; 3) 15; в) 20;

4. А) Төмендегі заттар арасында реакция жүрмейді?

1) CaO, MgO 2) Na2 O , CO2 3) KOH, HCl, 4) K2 SO4, BaCl

Ә) Төмендегі теңдеуде қандай элемент топтарының тотығу дәрежелері өзгереді:

КMnO4 + Na2 SO3 + KOH + K2 MnO4 + Na2 SO4 + H2O

1) Na S, 2) K Mn, 3) Mn S 4) Na K ,

Б) Қай жағдайда ион алмасу реакциясы аяғына дейін жүреді?

Теңдеуді толық және қысқартылған иондық түрде жазыңыздар.

1) СаСl + H3 PO4 → 2) KNO3 + NaCl →

3) Na2 SO4 + Al( NO3 )3 → 4) CaCl3 + Ba( NO3 )2

Осындай айналамызда болып жатқан жаңалықтарды енгізе отырып өткізілген сабақтар, оқушылардың ой – өрісін дамытып, оқуға деген талпынысын арттырады.

«Химбизнес» ойыны.Қазіргі уақыт талабы – оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына жол ашу.Осындай мүмкіндік жасау үшін мұғалім әр түрлі оқыту әдістерін қолдануы қажет.Сабақты күнделікті өмірмен байланыстырып бизнес сабағы түрінде өткізу көңіл – күйлерін көтеріп, пәнге деген қызығуын, сабаққа деген белсенділігін арттыра түседі. 8 сыныпта «Элементтердің қосылыстарының формулалары бойынша анықтау. Валенттілік бойынша химиялық формулалар құру» тақырыбы ойын түрінде өткізіледі. Төменде сол сабақтың жоспары ұсынылады.

І. Оқушылар білім деңгейіне қарай үш тоқа отырғызады. Оларға «Химбизнес» ойынның шарты түсіндіріледі.

1. Банкир (мұғалім) – білім қоры. «Банкир» «Клиенттерге» (оқушыларға) тапсырмалары бар үлестірмелер және жетондар таратылады.

2. Клиенттер сұрақтармен танысып, жауаптар қайтаруға дайындалады.

3. Осы арада сұрақтарға байланысты қиындық тауып қалса, клиенттер кеңешшіден көмек сұрайды.

4. Клиенттер сұраққа дұрыс жауап беруге көмектескені үшін кеңесшіге бір сұраққа жетон береді.

5. Егер кеңесші топтың сұрағына жауап бере алмаса, клиенттер басқа топтың кеңесшісінен көмек сұрайды. Берген кеңесі үшін осы топтың кенесшісінен бір жетон алады.

6. Еген клиенттер кеңесшіден көмек сұрамай өздерінің берген жауаптары дұрыс болмаса, банкирге бір жетонын береді.

7. Егер клиенттерге кеңесші жауап бермесе, кеңесші банкирге бір жетонын береді.

8. Банкир әр топтың жауабын мұқит тыңдайды. Ойын соңында «клиенттер» жетон санына байланысты бағаланады.

Жаңа сабақ бастамас бұрын сұрақ – жауап арқылы оқушылардан үй тапсырмасы сұралады. Екі деңгейде берілген сұрақтарға оқушылар жылдам жауап беруі тиіс.

1.Функциялық денелерді құрайтын нәрсе. (ЗАТ)

2. Құрамына кіретін заттардың бөлшектері микроскоп арқылыда көрінбейтін қоспалар. (БІРТЕКТІ)

3. Сүзу қандай қоспаларда бөлудің түріне жатады. (ӘРТЕКТІ)

4. Темір мен күкірттің қоспасын қалай бөледі? (МАГНИТКЕ ТАРТУ)

5. Заттың химиялық бөлінбейтін ең ұсақ бөлшектері. (АТОМ)

6. Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массасы қандай әріппен белгіленеді. (Аr)

7. Темір элементінің латынша атауы. (FERRUM)

8. Сутектің таңбасы қалай оқылады. (АШ)

9. Сутек неше валентті. (І)

10. Оттек неше валентті. (ІІ)

ІІ. Деңгей.

1.Заттар және олардың қасиеттері мен өзгерістері туралы ғылым. (Химия)

2. Құрамына кіретін заттардың бөлшектерін жай көзбен немесе микроскоппен көруге болатын қоспалар. (Әртекті)

3. Суды қалай тазартады? (Дистелдеу)

4. Химиялық реакциялардың сыртқы белгілері? (Жылу бөліну, түсі, өзгеру, тұнба түзуі, газ бөлінуі)

5. Шынының балқуы, судың булануы немесе қатуы қандай құбылыс? (Физикалық)

6. Атом – моликулалық ілімді ашқан кім? (М. В. Ломоносов)

7. Құрамы және химиялық қасиеттері заттың өзімен бірдей болып келетін көптеген заттардың ең ұсақ бөлшегі? (Молекула)

8. Атомдардың бір түрінен түзілген заттар? (Жай заттар)

9. Химиялық таңбаның алдына қойылған цифр қалай аталады? (Коэффициент)

10. Валенттілік туралы ұғымды ашқан кім? (Эдуард Фронкленд)

Жаңа сабақты оқушылар элементтердің валентілігін қосылыстардың формуласын анықтауды үйретеді. Формула бойынша валенттілікті анықтағанда, бір элементтің барлық атомдарының валенттілік бірлігінің саны екінші элемент атомдары валенттілік бірлігінің санына тең болатыны ескеріледі.

Сонымен, формула бойынша элементтердің валенттілігі былайша анықталады.

1.Заттың химиялық формуласын жазады және элементтің белгілі валенттілігін қояды:

CuO, H2 S , SO3, Fe2 O 3

2.Екінші элементтің валенттілігін табу үшін белгілі валенттілікті сол валенттіліктің индексіне көбейтіп, валенттілігі белгісіз элементтің индексіне бөледі.


CuO, H2 S , SO3, Fe2 O3

Валенттілігі бойынша химиялық формула құру.

1.Қосылыстардың құрамына кіретін элементтердің химиялық таңбаларын жазады:

KO, AlCl, AlO.

2.Химиялық элементтердің үстіне валенттіліктерін қояды:

KO, AlCl, AlO.

3. Екі элементтің валенттіліктерін көрсететін сандардың ең кіші ортақ еселігін анықтайды:

KO, AlCl, AlO.

4.Ең кіші ортақ еселікті тиісті элементтің валенттілігіне бөлу арқылы индексін табады (1 саны индексіне жазылмайды).

Сонда мынадай формула шығады: K2 O, AlCl3 , Al2 O3 .

Қорытындысында қосылыстардың формуласын жазу үшін элементтердің валенттіліктерін білу керектілігі айтылды,

Сабақты бекіту кезеңінде әр топтың оқушыларына әртүрлі тапсырмалар беріледі.

1 тапсырма кубиктерге жазылып беріледі.

1 топқа.Кубиктерде элементтердің аттары жазылған, элементтердің таңбаларын және валенттіліктерін жазыңдар.

Калий, Натрий, Азот, Көміртек, Сутек, Оттек, Алюминий, Темір, Кремний, Магний, Барий, Мырыш.

2 топқа Формула бойынша валенттіліктерді табу.

K2 S, Ni2 O3 , Cr2 O7 , Cu2 O

3 топқа. Валенттіліктері бойынша формула құру.


LiO, NO, CH, CO, BaO



2- тапсырма

1.топқа. Валенттілік дегеніміз не?

2.топқа. Валенттілік бойынша формуланы қалай құрамыз, мысал келтір.

3.топқа. Формула бойынша валенттілікті қалай анықтаймыз.

Ойын сабағында оқушылар белсенді түрде қатысады.Әр топтың мүшелері өздерінің қорына көп мөлшерде жетон динауға талпынып, берілген тапсырмаларды мұқият орындауға тырысқаны көрінеді.Оқушылардың білімі сабақ барысында жинаған жетон санына байланысты бағаланады.

Түрлі ойындарды өткізу сөзсіз сабақтарды жанжандырып, қызығушылығын арттырады.Ойын баланың басқа тілде сөйлеу кезінде пайда болатын қысылу, ұялу секілді сезімдерін жояды.Оқушылардың жеңуге деген құштарлығын арттырады.Осылайша ойын түрлері баланың дұрыс сөйлеуімен тілін дамытуда жетістікке жеткізер жолдың бірі болып табылады.