Ұйымдастыру кезеңі Тақырыпқа байланысты қала аттары бойынша 3 топқа бөлінеді: 1 Тараз 2 Құлан 3 Меркі Ойсергек «Есім-акроним» Өзіндік жеке ерекшеліктерімен таныстыру, қарым-қатынастарын нығайту, топта жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. Әр оқушы өзіне тән жақсы қасиеттерін есімдерінің бас әрпіне байланысты айтып шығады. Өткен материалдарға шолу. «Сұрақты ұстап ал» ойыны 1 751 жылы қандай шайқас болды? 2 Шайқаста кімдер жеңіске жетті? 3 Ақыртас кешені қай ғасырға жатады? 4 Айша бибі кесенесі қай ғасырда салынған? 5 Атлах шай қасы нәтижесінде қандай дін тарады? 6 Атлах шайқасы кезінде Қытайдың қанша адамы тұтқындалды? Бұл сұрау үдерісі кинестикалық сипат береді және оқушыларды өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді. Бұл ойын арқылы өткен материалды қалай меңгергендері тексеріледі. Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін «Ынталандыру» әдісі арқылы мұғалім қалыптастырушы бағалау жүргізеді. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі. Ұлы Жібек жолының суреті көрсетіледі, оқушылар тақырыпты анықтайды. Жаңа сабақ. ЭО. Визуалды айғақтар. Көзбен көретін айғақтар негізінде танымдық ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында тақырыпқа байланысты ЭО ұсынылады. Қосымша мәліметтер ұсынылады: Халықаралық сауда жолы арқылы Орта Азияның атақты асыл тұқымды жылқылары, шығыс елдерінен пілдер мен мүйізтұмсық, барыс пен арыстандар, аң аулауға және саятшылық құруға қажетті құстар (қаршыға, бүркіт) сияқты сирек кездесетін жан–жануарлар сатыла бастаған. Бұл жолдың бойымен қолда өсірілетін мәдени өсімдіктердің ішінде жүзім түрлері, шабдалы, қауын, шығыстың, Орта Азияның жемістері сатылған. Келесі тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қою. Соғдыда жібек өндірудің дамығаны сонша, жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен. Мәселен, Қытайдың кейбір қалаларында олардың отарлары болған. Ал Жібек жолының Жапонияның сілемі – ертедегі астанасы Нара қаласында жібек сататын орындар болған. Оның басты бір дәлелі, ондағы ғибадатханада осы уақытқа дейін соғды тілінде жазылған қолжазбаның сақталуы. ЭО тан көрген айғақтары арқылы баланың iшкi түйсiгiне сүйене отырып, жұптық, ұжымдық талқылау арқылы көркем - бейнелі ақпарат мазмұнымен өз бетiнше жұмыс жасауына бағыттап, мағынаны тануға жетелеу үшін «Жұппен талқылау» әдiсi арқылы проблемалық сұрақты орындайды. Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін «Ынталандыру» әдісі арқылы мұғалім қалыптастырушы бағалау жүргізеді. | Қима-қағаздар, слайд,интербелсенді тақта Сұрақтар жазылған таратпа қағаздар, фасоль Оқулық Интербелсенді тақта http://bilimland.kz/kk/content/lesson/16338-aqparatty_qorhauhttp://bilimland.kz/kk/content/lesson/16338-aqparatty_qorhau кGoogle диск/Wiki жүйесі ортақ деректер сақтайтын бума |