БҚОӘББ Жоғары аграрлық техникалық колледжі МКҚК
Тақырыбы: Өндірістік гимнастиканың элементтері
Жұмыс күні басында қызметкерлердің еңбекке қабілеттілігі біршама төмен болатындықтан жəне организм толық дəрежеде жұмысқа қосылуы үшін, əдеттегідей оңтайлы екпінге түсуіне бірталай уақыт қажет болады. Бастапқы гимнастиканың дене жаттығулары еңбек іс-қимылдарына кірісуді жедел қамтамасыз етеді, шаршаудың ерте туындауының алдын алып, еңбек қабілетінің жоғарылап, тұрақтауына ықпал етеді. Бастапқы гимнастика, əдетте, жұмыс басталардан 10 минут бұрын жасалады. Оның ұзақтығы 5-7 минут құрайды. Бастапқы гимнастика үшін өндірістік қозғалыстың өзіне тəн сипаты, ырғағы жəне жұмыстың басқа да ерекшеліктеріне сəйкес арнаулы дене жаттығулар кешені таңдалып алынады. Дене шынықтыруға арналған «үзік сəттер» мен «минуттар» Жұмыс күні үрдісінде белсенді демалудың үлгілері - шаршаудың алдын алатын жəне жоғары еңбек қабілеттілігін қолдайтын дене шынықтыруға арналған «үзік сəттер» мен «минуттар». Бұл - ұзақтығы 5-7 минутқа дейін созылатын бірнеше жаттығыулар кешені. Жұмыс күні барысында дене шынықтыруға арналған «үзік сəттерді» енгізу мерзімі еңбек үрдісінің ерекшеліктеріне, денеге түсетін жүктеме дəрежесіне, жүйкелікпсихикалық ширығуға, шаршай бастау уақытына жəне т.б. жағдайларға сəйкес анықталады.
Жедел жəне дəл əрекет ету талап етілетін мамандықтар үшін дене шынықтыруға арналған «үзік сəттерді» күніне 1-3 рет, əдеттегі топтық əдіспен жүргізуге болады. Ұзақ отырудан, тұрудан, амалсыз орын алатын ыңғайсыз жұмыс салдарынан, көз бен назарға күш түсуінен болатын шаршауды төмендету мақсатында, сондай-ақ, ақыл-ой еңбегімен шұғылданатын, жеңіл жəне орташа ауырлықты дене еңбегімен айналысатын адамдар мен жұмысы күн барысында тік тұрып жұмыс істейтін адамдарға жұмыс кезіндегі қысқа үзілістерде дене шынықтыруға арналған «үзік сəттер» мен «минуттардың» жеке түрлерін 2-3 минуттан өткізу ұсынылады. Дене шынықтыру жаттығулары кешенін кезеңге сай əр түрлі еткен жөн, мысалы, организмге əсері үйлесімді жаңаларын 10-14 күнде, 1 рет алмастырады. Дене шынықтыруға арналған «үзік сəттер» мен «минуттарды» 9 Жұмыс берушілерге арналған ұсыныстар өткізу жұмыс күні тəртібіне байланысты жүргізіледі. Жұмыс күнінің бірінші бөлімінде дене шынықтыруға арналған «үзік сəттер» мен «минуттарды» шамамен жұмыстың үшінші сағатынан кейін, жұмыс күнінің екінші жартысында да өткізуге болады. Жұмыс орнындағы жағдай мен ахуал мүмкіндік беретін болса, гимнастиканы əсем музыка əуенімен өткізген дұрыс. Гимнастиканы жасар алдында өткізілетін орын желдетілуі тиіс. Гимнастиканы ұдайы таза ауада жасау организмнің суыққа төзімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Телеарналардан берілетін жаттығулар кешені жеңіл еңбекпен жəне аз қозғалатын ақылой еңбегімен айналысатын адамдарға арналған. Жұмыс күнінің басталуы əртүрлі болатындықтан көрсетімдер барлық адамдарға бірдей ыңғайлы емес, сондықтан, жаттығулар кешенін дискіге жазып алып, қолайлы уақытта өткізу қажет. Жаттығуларды ауа температурасы 25°С-тан асатын жəне ылғалдылығы 70% асатын ғимарат ішінде өткізуге тиым салынады.
Өндірістік гимнастиканың жаттығулар кешенін құру барысында ескеру қажет жағдайлар:
1) жұмыста орналасу (тұру немесе отыру), дененің (иілген немесе тік, еркін немесе ширығулы болуы);
2) жұмыс қозғалысы (жылдам немесе баяу, қозғалу шегі, олардың симметриялы немесе асимметриялы болуы, бір түрлі немесе алуан түрлі болуы, қозғалыстық ширығу дəрежесі);
3) еңбек қызметінің сипаты (сезу органдарына жүктемесі, психикалық жəне жүйкелік-бұлшық ет жүктемесі, ойлау үрдістерінің қарқыны мен белсенділігі, көңіл-күй əсерлері, қозғалыстың қайталануы жəне қажетті нақтылық, еңбектің бірсарындылығы);
4) шаршаудың субъективтік көрсеткіштері бойынша сипаты мен дəрежесі (зейін болмауы, бас ауруы, бұлшық еттердің ауырсынуы, ашушаңдық);
5) өндірістік гимнастика кешенін құрастыру барысында жеке амалдарды талап ететін денсаулық ауытқулары;
6) жаттығулар өткізілетін орындардың санитарлық-гигиеналық жағдайы (əдетте, жаттығулар кешені жұмыс орындарында өткізіледі).
1-2 дегенде – орындықта отырып жəне оған қолымен сүйеніп, аяғы ұшына тұрады, бойын созып, қолдарын жан-жағына жəне жоғары көтеріп, терең тыныс алып, алғашқы жайына қайта оралып, демін шығарады. 3-4 рет қайталанады. 3-5 дегенде – орындықтың жанында тұрып, қолдарын орындықтың арқалығына қойып, бір аяғын кері қойып, қолдарын жан-жағына созып, терең тыныс алып, алғашқы жайына қайта оралып, демін шығарады. Əр аяқпен 3-4 рет қайталанады. 6 дегенде – столың қасында тұрып қолдарын орындықтың арқалығына қояды, оң аяғын əрі жылжытып, сол қолын басынан жоғары көтеріп, терең тыныс алып, алғашқы жайына қайта қайта оралып, демін шығарады. Əр аяқпен 5-6 рет қайталанады. 7-9 дегенде орындыққа арқасымен тұрып, қолдарын дене бойымен ұстай отырып, аяқтарды қосып, қолдарын жоғары көтеріп, терең тыныс алады. Еңкейіп, қолдарды төмен түсіріп, кері қарай ұстап, орындыққа дейін жеткізіп, 3-4 рет қайталанады. 10-11 дегенде – орындық алдында тұрады, қолын дене бойына түсіреді, орындықтың арқасынан қолдарын соза ұстап, отырады, терең тыныс алады, тұрып, демін шығарады, осы қимыл 4-5 рет қайталанады. 12-14 – қолын дене бойына түсірген күйде орындық алдына тұрады, созылған қолдарын көтеріп, денесін кезекпен солға жəне оңға бұра отырып, орындықтың арқалығына қолын тигізеді, бұрылу кезінде тыныс алып, алғашқы жайына қайта оралған кезде демін шығарады.
5-6 рет қайталанады. 15-16 – орындықта отырып жəне оған қолдарын тірейді, алға созған аяқтарын кезегімен көтеріп, түсіреді, 6-8 рет қайталанады, еркін тыныс алады. 17 – орындықта отырып жəне оған қолдарымен сүйеніп, аяқтарын созады, қолдарын жан-жаққа жəне жоғары көтеріп тұрып, терең тыныс алып, бастапқы жағдайға оралып, демін шығарады. 3-4 рет қайталанады. 18-19 – столға қырынан тұрып, сол қолын орындықтың арқалығына қояды, оң аяғын жылжытып, оң қолын алға көтеріп, терең тыныс алып, бастапқы қалыпқа қайта келіп, демін шығарады. Сол аяқ пен сол қолға да осылай жасап, əр жақ үшін 5-6 рет қайталанады. 20 –столға қырынан тұрады, сол қолын столдың арқалығына қояды, оң қолын жоғары көтеріп, желкеге қояды, терең тыныс алып, бастапқы қалыпқа қайта келіп, демін шығарады. Сол қолға да осылай жасалынады. Əр жақ үшін 3-4 рет қайталанады.