СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Өнер түрлері» - саяхат сабағы. 1 сынып

Категория: ИЗО

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Өнер түрлері» - саяхат сабағы.docx

Просмотр содержимого документа
««Өнер түрлері» - саяхат сабағы. 1 сынып»

Бейнелеу өнері

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: сабақ 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Бейнелеу өнері әлемі

Сабақтың тақырыбы:

«Өнер түрлері» - саяхат сабағы


Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

1.2.1.1 Өнер туындылары тақырыбымен және жұмыс жасайтын материалдармен танысу.

Сабақтың мақсаты:

  • «Өнер түрлері»ұғымымен танысу. Өнер түрлері туралы қарапайым деңгейде білім алу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы




Сұхбат жасау

-Өнер дегеніміз не?

(Өнер – адамның шығармашылық әрекетінің нәтижесі)

-Өнердің қандай түрлерін білесіңдер? (Музыка, би, сөз өнері, театр т.б.)

- Өнер біздің өмірімізді қалайша өзгертеді?

(Өнердің тілін түсінудің маңызы зор, оны түсінген жағдайда ғана көрермен мен тыңдарманның, оқырманның алдында туындының мән-мағынасы толық ашылады)

Қойылған сұрақтарға жауап беру. Оқушылар өнердің негізгі түрлерімен танысады, түсінігін кеңейтеді. Өнердің көпқырлы екенін, олар көрермендермен түрлі құралдар арқылы тілдесетінін түсінеді:

(бейнелеу өнері, театр, кинематограф, балет), тыңдарманмен (музыка, вокал өнері), оқырманмен (әдебиет).

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Суретті қағазды конфеттер.

Суреттер жиынтығы.



Ортасы


Сергіту сәті. Қуыр, қуыр, қуырмаш әнімен билеу.

Әрбір өнер түрінің басты әсерлегіш құралдары бар: музыкада – дыбыс, әдебиетте – сөз.

Оқушылардан мына өнер түрлерін де сұрау керек (кинематограф, театр, цирк). Одан әрі бейнелеу өнеріне ауысады. Мұнда (олар кескіндеменің, графиканың, сәндік-қолданбалы өнер мен мүсін өнерін атауы мүмкін). Ал оларды ажырату қиын емес: олар басты әсерлегіш құралдары арқылы ажыратылады: кескіндемеде – түс пен реңк; графикада – сызық, штрих; мүсін өнерінде – көлем. Ал сәндікқолданбалы өнері аталғандардың бәрін жинақтап, тұрмыс заттарын әшекейлеуге қолданылады.


«Қуыр, қуыр, қуырмаш» әнінің әуенімен билеу. Оқушылар өнердің не екенін, өнер түрлерін, бейнелеу өнері түрлерін білді. Әр алуан өнер түрлерінің басты әсерлегіш құралдарын анықтап, бейнелеу өнері түрлерін ажыратуды үйренді. Оқушыларға бейнелеу өнерінің әр түріне жататын жұмыстардың репродукциялары ұсынылады,

оларды бейнелеу өнерінің негізгі түрлеріне қарай бөлу керек. Бейнелеу өнері түрлері жазылған қағаз тақтаға ілініп, оқушыларға әрқайсысының астына сәйкес туындыларды қойып шығу тапсырылады.

Белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау

Дискриптор

Отбасы және достарын басты құндылық ретінде қалыптастырады.

Қағаз көлеміне сәйкес копозиция құруды біледі.

Үйренген білімдерін тәжірибеде қолданады.

Тапсырманы жақсы орындаған оқушылардың жауабына қошемет көрсету.

АКТ қолдану

«Қуыр,қуыр, қуырмаш» әні https://youtu.be/CQt 2QNrRSBk

Ұжымдық, ынтымақтастықта жұмыс жасауға үйренеді.


Аяқталуы



Өз сабағыңызды талдау үшін осы әдісті пайдаланыңыз.


«Ашық микрофон» әдісі

Сабақтан қандай әсер алғанын, не ұнағанын «Ашық микрофон» әдісі арқылы баяндайды.