Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік әзірлеме
Темиралиева Нурлы Амановна-Батыс Қазақстан
Жоғары медициналық колледжінің
Медициналық биология пәнінің оқытушысы
Онтогенез. Дамудың генетикалық негіздері. Гаметогенез.
Сабақтың мақсаты: Онтогенездің нақты механизмдері мен тұқым қуалау ақпаратының әртүрлі жағдайға байланысты жүзеге асырылу ерекшеліктерін біле отырып, ағзаның жеке даму заңдылықтарын зерттеу.
Сабақтың типі: тәжірибелік сабақ.
Оқыту әдістері: жұптасып жұмыс жасау, оқулықпен жұмыстану, ситуациялық есептер шығару, өзіндік жұмыс тақырыбын талқылау, тесттік тапсырманы орындау.
Тақырыптың оқу-әдістемелік құралдармен қамтылуы:
1.Интерактивті тақта
2. Тақырып бойынша кестелер мен сызбалар,плакаттар
3. Ситуациялық есептер
4. Тесттер
5.Оқу- әдістемелік құрал
6. Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер;
Е.Ө. Қуандықов«Медициналық биология және генетика» Алматы, 2009 ж
Е.Ө. Қуандықов, С.А. Әбілаев«Медициналық биология және генетика»
Қосымша әдебиет;
1) Б.Бегімқұл,С. Төлегенов «Медициналық генетика негіздері» Астана
2) А.А.Төребеков «Медициналық биология» Ақтөбе, 2003
Өзіндік жұмыстың мақсаты: құзыреттілік аймағы: Жеке және тарихи даму
Өзіндік жұмыстан кейін студент
білуі керек:
- онтогенез кезеңдері;
-эмбриональдық кезең сатылары;
-жыныс жасушаларының морфофизиологиялық ерекшеліктері;
-эмбрионның дамуына сыртқы факторлардың әсері.
істей білу керек:
- эмбриональдық кезеңді анықтау;
-әртүрлі биологиялық объектілерді микроскоптау дағдысын игеру.
Тақырыптың өзектілігі: Онтогенез ағзалардың, соның ішінде адамдардың да тіршілік әрекетінің құрылымдық және функционалдық негізі болып табылады. Адамның онтогенетикалық қалыпты дамуын қамтамасыз ететін механизмдерді білу, болашақ дәрігерлерге туа біткенақаулықтар түрінде көрініс беретін оның ауытқуларын түсінуге мүмкіндік береді.
Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар
Бастапқы білімдері бойынша:
1. Мейоз. Жыныс жасушаларының құрылысы және түзілуі
Сабақтың тақырыбы бойынша:
Онтогенез, анықтамасы, типтері, кезеңдері.
Преэмбриональдық кезең (прогенез) –жұмыртқа жасушасының полярлығы.
Эмбриональдық кезең этаптары: бөлшектену, гаструляция, морфогенез.
Гендердің дифференциальды белсенділігі-гендерді активтеуші факторлар.
Онтогенездің жасушалық механизмдері: пролиферация, миграция, сұрыптау.
Онтогенездің қатерлі кезеңдері: тератогенез, тератогендік факторлар.
Туа біткен даму ақаулары, жіктелуі, пайда болу себептері, анықтау әдістері.
Студенттің өз бетімен жұмысы
Тапсырма №1
Мылқау диктантты толтырыңыз
Онтогенез терминін алғаш рет 18 жылы енгізген болатын.
Әр түрлі ағзалардың түрліше жолдармен жүреді.
Эпигенез идеяларының өріс алып дамуы орыс ғалымы еңбегімен тығыз байланысты.
Онтогенезді 2 кезеңге бөледі және кезең.
Бірақ, жоғары сатылы (ағзалардың) жануарлардың және адамның онтогенезін 3 кезеңге бөледі : 1) ___________ 2)_____________ 3)___________________ .
Тапсырма №2
Мылқау кестелерді толтырыңыз.
Адам онтогенезінің кезеңдері






Тапсырма №3
Терминдерге анықтама бер.
Термин | Анықтама |
Онтогенез | |
Филогенез | |
Андрогенез | |
Метаморфоз | |
Гаструляция | |
Эпиболия | |
Иммиграция | |
Деляминация | |
Гистогенез | |
Позициялық ақпарат | |
Зигота | |
Аллан тоис | |
Тапсырма №4
| Маңызы | Типтері |
Бөлшектену | | |
| Бөліну жолы | Әдістері |
Гаструляция | | |
Тапсырма №5
Сөйлемдерді толықтырыңыз
Эмбриондық индукцияны алғаш рет ашқан _____________
«Молшылық» гендері деп қандай гендер тобын атайды?___________
«Тұрмыстық» гендер_________
Ұрық дамуында гаструляция сатысының болатындығы және ұрық жапырақшалары туралы теорияны қалыптастырған ғалымдар? _______
Морула дегеніміз _________
Гендердің амплификациясы дегеніміз ______________ .
Тапсырма №6
Мылқау кестелерді толтырыңыз.


Адамда эибриогенездің 3 қауіпті кезеңдерін ажыратады



Тапсырма №7
Сөйлемдерді толықтыр
Тератогенді факторлар дегеніміз_________________________________
Гаметопатиялар дегеніміз______________________________________
Бластопатия дегеніміз__________________________________________
Фетопатиялар дегеніміз_________________________________________
Эмбриопатия дегеніміз__________________________________________
Прогенез _____________________________________________________
Гаметогенез____________________________________________________
Тапсырма №8
Сөйлемді сәйкестендір
1 | Жаңа туылған нәресте | 11 күн - 1 жас |
2 | Емізулі бала | 1-10 күндер |
3 | Ерте балалық шақ | 17-21 жас |
4 | Балалық шақтың бірінші кезеңі | 13-16 жас |
5 | Балалық шақтың екінші кезеңі | 22-35 жас |
6 | Жасөспірімдік | 4-6 жас |
7 | Бойжеткен | 76-90 жас |
8 | Орта жас (1 кезең) | 7-12 жас |
9 | Орта жас (2 кезең) | 90 жастан жоғары |
10 | Егде шақ | 56-75 жас |
11 | Кәрілік шақ | 2-3 жас |
12 | Көпжасаушылар | 36-55 жас |
Тапсырма №9
Ситуациялық есептерді шешіңіз
ЕСЕП 1
Эритроциттердің негізгі белогы-гемоглобиннің аминқышқылдық құрамы эмбриогенез кезінде туылғаннан кейін өзгереді. Осы процесті түсіндіріңіз.
ЕСЕП 2
Нәресте туылған кезде жұлынның ортаңғы бөлігі бітіспеген. Онтогенездегі қай жасушалық механизмдер бұзылды.
ЕСЕП 3
«Жырық таңдай» ақаулығында қандай жасушалық механизмдер бұзылады?
ЕСЕП 4
Науқастағы алынып тасталған залалсыз эмбриональды ісіктің (тератома) құрамында шаш, тері, тістің элементтері табылған. Ол қай ұрық жапырақшасынан түзілген?
ЕСЕП 5
Гаструляция кезінде бір жасушада 21 жұп хромосомалардың ажырамауы болды. Ересек адамның қай жасушасында қалыпсыз кариотипті байқауға болады?