СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Оңтүстік Американың ішкі сулары

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға Оңтүстік Америка материгінің ішкі суларын таныстыра отырып, жан-жақты мәліметтер беру

Просмотр содержимого документа
«Оңтүстік Американың ішкі сулары»

Ашық сабақ есебі

Сабақтың тақырыбы: § 34. Оңтүстік Американың ішкі сулары

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға материк туралы мәліметтер бере отырып, материкті жан-жақты таныстыру

Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтық жұмыс, жеке жұмыс, «Сырлы конверттер» әдісі, «Алты қалпақ» әдісі, «Қара, Оқып шық, Талда, Жауабын тап!», «Көзбен кірпік қаққанша», «Математикалық есептер», «Сырға толы суреттер» әдістері

Мен Андикова Камшат Қуатқызы «Ұзын-Ата» жалпы орта мектебінде 7 сыныптарға сабақ беремін.

Менің 2018 жылдың 24 қаңтар күні 7в сыныбына өткізілген ашық сабағым VІІ бөлімнен құрылды

І бөлімде Ұйымдастыру кезеңі: Бұл кезеңде а) Сәлемдестім

ә) Кезекшіден жоқ оқушылардың себептерін сұрадым

б) Сыныпта жағымды атмосфера қалыптастырып алу үшін, оқушылар бүгін естіген жақсы сөздерін айтып тақтадағы балықтарға қол жеткізді

Оқушылар топқа бөлініп алтын ережеларді еске түсіріп алды.
Оқушыларға бағалау парақшаларын таратып бердім. Оқушылар өзін - өзі бағалауды және бір-бірін бағалауды үйренді.
Мен өзімнің ашық сабағымда 7-модулді әр түрлі стратегияларға ықпалдастыра қолдану арқылы оқушылардың жеке, жұппен, топпен жұмыс жасауға деген белсенділігін, сабаққа көңілді қатысуын,қызығушылықтарын ояттым. Өйткені бірін-бірі оқыту арқылы ойлау қабілеттері дамиды. Әр оқушының жауабы тындалуы қажет, әр топ мәселе бойынша өз ойларын ортаға салуы маңызды.

ІІ бөлімде үй тапсырмасын «Сырлы конверттер» әдісі арқылы пысықтап шықтым І-топ. “Көзбен кірпік қаққанша” әдісі арқылы картадан аталған объектілерді көрсетті және үлгерімі төмен оқушылар «Үлестірме қағаздарға» жауап беріп бағаланды

ІІ-топ. “Математикалық есептерді шығара отырып” сұрақтарға жауап берді

ІІІ-топ. “Сырға толы суреттер” әдісі арқылы Материктің ашылуымен зерттелу тарихын және өзендермен көлдерде тіршілік ететін жануарлармен өсімдіктерді айтып берді

Үй тапсырмасын жоғарыда аталған әдістердің негізінде пысықтап шықтым. Сынып үй тапсырамысын толық меңгергендігін көрсетті.

ІІІ бөлім Мағынаны тану білу кезеңінде слайдтан бүгінгі жаңа тақырыпты ашу үшін оқушыларға М.Мақатаевтың «Табиғат» атты өлеңі көрсетілді соған қарап оқушылар өздері тақырыпты тапты. Тақтағы сыныбымыздың үздік оқушысы Нахан Аружан шығып М.Мақатаевтың «Табиғат» атты өлеңін мәнерлеп оқып шығып тақырыпты ашты.



Жаңа тақырып ашылып, жаңа мәтінді слайдтан көрсетіп түсіндіріп шықтым.

ІV бөлімде Оқушылар оқулықтан «Қара, Оқып шық, Талда, Жауабын тап!» әдісі арқылы топқа оқулықтағы мәтіндер бөлініп берілді:

І-топ: «ӨЗЕНДЕР» тобына материктің өсімдіктер дүниесі берілді Тапсырма: Тірек-сызба әдісімен орындап шықты

ІІ-топ: «КӨЛДЕР» тобына Материктің жануарлар дүниесі берілді. Тапсырма: кесте толтыру әдісі арқылы орындап шықты

ІІІ-топ: «САРҚЫРАМАЛАР» тобына Антропогендік табиғат кешені бөліп берілді «Егерде мен экология министрі болсам» тақырыбында «Рөлдік ойын» құрастырып көрініс құрып жауап берді

Әр топқа постер жасап өз жұмыстарын жемісті қорғап шықты.
Сабақта берілген тақырыпты алдымен жеке, содан кейін жұпта, ұжымда талқылатып жұмыс жасады. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезініп, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әр топқа берілген тақырыпты жеке оқып, содан кейін өзге топқа реттік нөмірлер бойынша топталып, өз тақырыптарын түсіндіреді. Бұл есте сақтау, негізге алу, түсіндіруді арттырады, яғни жаңа ақпараттарымен бөліседі.Тақырыпты қаншалықты түсінгендерін флип чартқа түсіру арқылы жеткізеді.

V бөлімде Оқушыларға сергіту сәтін ұйымдастырып өттім. «Тапқыр болсаң тауып көр» әдісі арқылы слайдтан көрсетілген елдердің астаналарын айтып шықты. Бұл әдіс балаларды атласпен жұмыс істеуге және шапшаңдыққа үйретеді.

VІ бөлімде сабақты қорытындылау мақсатында тест тапсырмаларын бердім. Әр топ жауаптарын белгілеп бір-бірімен ауысып, слайдтан дұрыс жауаптарын көру арқылы бір-бірін бағалап өтті.




VІІ бөлімде Рефлексия кері байланыс кезеңінде оқушылар алған жаңа ақпараттарды, жаңа білімді реттейді өз пікірлерін дәлелдеп айтып өтті және сабақтың басында бөрілген балықтарды безендіру арқылы сабақтан алған көңіл күйлерін білдірді.

Үйге тапсырма беріп Материктің табиғат зоналарын жан-жақты ізденіп, оқып келуді тапсырдым.

Қорытындылай келе, 7 модулді қолдана отырып, өзімнің де көптеген қызықты идеяларымды жүзеге асыру жөнінде белсенділігім арта түсті. Қазақстанның білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам бастап келеді. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру біздердің міндетіміз. Қазіргі заман мұғалімі заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгергенде ғана білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға ретінде болатыны сөзсіз.

Әрбір сабақта осы жеті модульді сапалы қолдана алсақ, оқушыларымыз сыни ойлай алатын, білімге құштар, алған білімдерін талдап, жинақтап, практикада қолдана алатын нағыз көшбасшы тәрбиелейтіндігіміз сөзсіз.












Оқумен оқытудағы жеті модуль:


1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. 
7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық.