«Бекітемін»
Аға шебер
__________Мусалимова А.С.
28 топ | |
Мамандық | ЭЕМ баптаушысы |
Күні | 6.02.2019 жыл. |
ОӨ шебері | Әділбеков М. |
Сабақтың тақырыбы: Жұмыс үстелі және WINDOWS операциялық жүйесінің басты мәзірі.
Сабақтың мақсаты: Windows операциялық жүйесінің жүктеліп қосылуын түсіндіру.
а) Білімділік: Білім алушыларға операциялық жүйелері жұмысының маңыздылығын түсіндіру.
ә) Дамытушылық: Windows оерациялық жүйелері туралы түсінік бере отырып, білім алушылардың оқу-өңдірістік сабағынан алған білімдерін толықтыру.
б) Тәрбиелік: Техника қауіпсіздік ережесін сақтауға, компьютермен ұқыпты жұмыс жасауға, жылдамдыққа, сауаттылыққа, тәрбиелеу.
Сабақтың материалдық – техникалық құралдармен және көрнекіліктермен қамтамасыз етілуі: ДК, интерактивті тақта, зертханалық жұмыс.
Сабақ өткізілетін орын: Информатика кабинеті.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік , практикалық.
Берілген уақыт: 270 минут.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)
а ) сәлемдесу
ә) білім алушыларды түгендеу
б) зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Кіріспе нұсқау (45 минут)
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Жұмыс үстелі және Windows операциялық жүйесінің басты мәзірі.
Өткен тақырып бойынша білімдерін пысықтау (призентация арқылы)
Модем деген не?
Модемнің түрлері?
Ішкі модем қалай жүйелік блокқа орнатылады?
Wi-Fi жүйесін қалай орнатамыз?
Студенттерге жаңа тақырып бойынша нұсқау беру. (призентация арқылы)
Операциялық жүйе дегеніміз – компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама. Операциялық жүйе компьютердің аппараттық және бағдарламалық ресурстары мен пайдаланушы адам арасында автоматтандырылған қатынасты келістіретін бағдарлама болып табылады.
Операциялық жүйе жүйелік бағдарламалық жасақтаманың базалық тобына жатады. Операциялық жүйенің қызметін барлық қолданбалы және жүйелік бағдарламалардың жұмысын, оларды бір-бірімен және аппараттық жабдықтармен байланыстыра отырып, жасақтау әрбір пайдаланушы адамға компьютерді жалпы басқару мүмкіндігін беру деп түсінген жөн.
Операциялық жүйесіз қазіргі заманғы компьютерді елестету мүмкін емес. Ол әдетте дискіде сақталады да, компьютерді іске қосқан кезде дискілік жадыдан оқылады және жедел жадыға орналасады. Бұл үрдіс операциялық жүйенің жүктелуі деп аталады.
Операциялық жүйенің негізгі қызметтері:
Пайдаланушы мен операциялық жүйе арасындағы сұхбатты жүзеге асыру;
Өзара әрекеттерін ұйымдастыру, бағдарламаларды жедел жадқа жүктеу және олардың орындалуын басқару;
Орындаушы бағдарлама мен сыртқы құрылғылар арасында мәліметтер алмасу бойынша операцияларды жасақтау;
Бағдарламаларды орындау барысындағы стандарттық емес жағдайларды тексеру;
Орындалған бағдарламаны жедел жадтан жою және жаңа бағдарламаны жүктеу үшін орын босату;
Сыртқы құрылғылардан бағдарламалар мен мәліметтерді іздестіру, сақтауды ұйымдастыру;
Ақпаратты бір дискілік құрылғыдан екіншісіне көшіру және тағы басқадай әртүрлі қосалқы қызметтерді орындау.
Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер бір мезгілде атқарылатын міндеттер мен айдаланушылар санына байланысты
Бір есепті және көп есепті;
Бір пайдаланушыға арналған және бірнеше пайдаланушыға арналған;
Желілік және желілік емес болып бөлінеді.
Операциялық жүйелердің MS DOS, OS/2, UNIX, LINEX, WINDOWS, MAC OS. түрлері бар.
Операциялық жүйенің жұмысын жеңілдету үшін операциялық қабықшалар пайдаланылады. Операциялық қабықша қарапайым бағдарламаларға қарағанда пайдаланушыға жиі пайдаланатын әрекеттерді көрнекі орындауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда,
Экранға бейнелерді шығаруға арналған жабдықтар жинағы,
Графикалық интерфейс,
Бірнеше бағдарламаларды бір мезгілде орындау командалары,
Бағдарламалар арасындағы ақпарат алмасуға арналған кеңейтілген жабдықтар.
Мысал ретінде NORTON Commander, FAR Manager бағдарламаларын қарастыруға болады.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
Қандай операциялық жүйелер туралы ақпарат білеміз?
Операциялық қабықша не үшін керек?
Операциялық жүйелердің бір пайдаланушылық бір есепті, бір пайдаланушылық көп есепті, көп пайдаланушылық көп есепті түрлерін сипаттаңыз.
Үлгі: Бір пайдаланушылық бір есепті операциялық жүйе қандай да бір уақыт аралығында пайдаланушыға бір ғана мәселемен жұмыстануға мүмкіндік береді.
Төмендегі сызбаны өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.
ПАЙДАЛАНУШЫ
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ
Комьютердің апараттық және бағдарламалық жасақтамасы
Операциялық жүйе-
А) Компьютер жұмысын басқаратын бағдарлама.
В) ЭЕМ- нің орындаушы командалары.
С) Қолданбалы бағдарламалар жиынтығы.
Д) Математикалық операция.
Е) Электрондық кесте.
Операциялық жүйенің негізгі функциясына жатады.
А) Пайдаланушымен сұхбат, компьютер ресурстарын басқару, бағдарламаны орындауға жіберу.
В) Пайдаланушымен сұхбат, ЭЕМ-ға арналған бағдарламаны құрастыру.
С) Компьютер ресурстарын басқару, ЭЕМ –ға арналған бағдарламаны орындау.
Д) Сканерден ақпаратты компьютерге көшіру, бағдарламаны орындауға жіберу.
Е) Бағдарламаны құрып сақтау.
7. Операциялық жүйенің мүмкіндіктерін кеңейтетін қосалқы мәні бар бағдарламалар.
А) Утилит.
В) Қолданбалы бағдарлама.
С) Жүйелік бағдарлама.
Д) Пакеттік бағдарлама.
Е) Желілік бағдарлама
8. Операциялық жүйеге жатады
А) MS-DOS, Windows 95, Unix.
B) Windows 2000, MS Office.
C) MS-DOS, Norton Commander.
D) Windows – тың стандартты бағдарламалары.
Е) Unix, Word Pad.
9. Операциялық жүйе сақталады
А) қатты магниттік дискіде.
В) Иілгіш жүйелік дискіде.
С) Арнайы DOS каталогта.
Д) Пайдаланушы каталогында.
Е) Иілгіш дискіде.
10. Файлды іздеу жүргізіледі
А) Бас мәзірдің іздеу пункті арқылы.
В) Түзету мәзірінің табу командасы арқылы.
С) Сілтеуіш бағдарламасының мәзірі арқылы.
Д) Дұрыс жауабы көрсетілмеген.
Тақырыпты бекіту
Орталық процессор дегеніміз не?
Операциялық жүйе дегеніміз не?
Қандай оерациялық жүйелерді білесіз?
Студенттерге жұмыс істеу және аяқтау барысында сақталатын техника қауіпсіздік ережесіне нұсқау беру.
Техника қауісіздік журналына қол қою.
Жұмыс орындарын белгілеу
1 компьютерге 2 студенттен отырғызу
ІІІ. Ағымды ңұсқау (200 минут)
Сабақты қорытындылау (сұрақ-жауап)
Студенттердің өздік жұмысы
Шебердің жұмыс орнын аралау мақсаты:
Жұмыс орындарының дұрыс ұйымдастырылуын қадағалау
Техника қауіпсіздік ережесінің сақталуын қадағалау
Тапсырманың дұрыс орындалуын бақылап, көмек беру
Жасалған жұмыстарға сараптама жасау
Жеткен жетістіктерді көрсету
Жіберген кемшіліктерді көрсету
ІV. Қорытынды нұсқау (20 минут)
Сабақты қорытындылау (сұрақ – жауап)
Қателіктерді талқылау
Теориялық білімдерін тексеру
Жұмыс орнын жинау
Компьютерді өшіру
V. Бағалау (1 минут)
VI. Үйге тапсырма (1 минут)
Жұмыс үстелі және Windows операциялық жүйесінің басты мәзірі.