5.Жаңа білімді меңгеру | Көлеміне Еуропаның Англия,Бенльгия,Голландия,Дания сияқты мемлекеттері қабат сыйып кететін бүтін бір облыста осыдан жарты ғасыр бұрын төрт мың адамы бар бір ғана қала-Қарқаралы болды. Қарағанды облысының алып жатқан орны Ұлытау қыраттарынан Қарқаралы, Қарағайлы, Қызыларай тауларына дейін 1000км-ге созылып,Қазақтың ұсақ шоқысы –Сарыарқаны түгелімен қамтиды. Орталық Қазақстан республикамыздың орталық бөлігінде орналасқан Жер бедері ұсақ шоқылы,қуаңшылық басым.Ауданның шығыс жағының жер бедері кейде көтеріңкі,аласа таулы,қыратты,адырлы болып келеді. Климаты тым континентті,жазы өте ыстық.Шаңды дауылдар жиі тұрады,суға тапшы. Табиғат ресурстарынан тас көмір,мыс,корунд,әктас,отқа төзімді саз,пирофилит және құрылыс материалдары кездеседі. Өлкенің негізгі байлығы жер қойнауындағы кен орындары-Қарағанды алабының кокстелетін тас көмірі мен Жезқазған, Қоңырат , Саяқ мыс кендері. Құрылыс материалы ауданның кез келген жерінде бар. Сонымен қатар темір, марганец кені, полиметалдар, сирек металдар бар. Экономикалық ауданда темір мен марганецтің 4-қа жуық орындары белгілі. Маңыздылары: Ақтау, Үшқатын, Қамыс, Қаражал, Қарсақпай, Балбырауын; Жезді; Найзатас. Полиметалдар құрамында қорғасын, мыс және түсті металдар болады. Ауданда маңызы бар полиметал кен орындары: Гұлшат, ҚызылАқшағыл, Алайғыр Қарағайлы, Жәйрем. Сирек металдардан аудан аумағынан вольфром, молибден, ванадий, висмут, сурьманың, т.б. мол қоры табылған. Вольфрам, молибден- Жоғарғы Қайрақты, Шығыс Қайрақты, Қоңырат, Қараоба кеніштерінде өңдіріледі. Табиғи сирек кездесетін күміс, рени, кадмий, висмут, кобальт, сынап, сурьма металдары Орталық Қазақстанның мыс кендерінде мол. Республикамыздағы ерекше кокстелетін көмірдің және шойын мен болаттың, марганец кенінің 100% Орталық Қазақстанда шығарылады. Еліміздегі вольфрам, молибден, мыс кендері түгел дерлік осы ауданда өндіріледі. Жезқазған, Балқаш зауыттарында дүниежүзінде теңдесі жоқ жоғары сапалы мыс кені өңделеді. Қарағанды облысы асбест қоры жөнінін республикада 2 орында. Халқы. Ауданның байырғы тұрғындары- қазақтар. Жалпы халқының саны- 1339,4 мың адам. Басқа ұлттардан орыс, украин ,неміс, татар, белорусь, корей, молдовандар тұрады. Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-қа 3.1 адамнан келеді. Орталық Қазақстанда қала халқы басым (86%). Орталық Қазақстан шаруашылығы Аумағы: 428,0 мың км2 Халқы: 1331,0 мың адам Халық тығыздығы: 1км2-3,6 адам Маманданған салалары: Көмір-металлургия, Химия-машина жасау. ![]() ![]() Көлік жүйесі Ауыл шаруашылығы Өнеркәсібі ![]() ![]() ![]() Энергетика: Көмірге негізделген. ЖЭС Абай, Қарағанды, Теміртау. Қара металлургия: Қарағандының кокс көмірі негізінде Теміртауда зауыт жұмыс істейді. Түсті металлургия: Кен өндіру, байыту, мыс та- залау, металл прокаттау, сирек және шашыранды ме- талл алу. Машина жасау кешені: Кеніш-шахта құралдары, бұрғылау, машиналары, өзі жүретін комбайндар, кран- дар, энергияға қажетті құ- ралдар. Химия өнеркәсібі: Синтетикалық каучук, кү- кірт қышқылы, резина тех- никалық бұиымдар, азот тыңайтқыштарын шығара- ды. Тамақ өнеркәсібі: Ет, ұн, кондитер комбинаттары, шарап, ликер-арақ, коньяк, сыра, балық зауыттары бар. Жеңіл өнеркәсіп: Аяқкиім, трикотаж, тігін, жиhаз, шұлық шығарылады. Автомобиль жолы: а) Қарағанды-Теміртау. ә) Қарағанды-Балқаш-Алматы Темір жол: а) Астана-Қарағанды- Теміртау-Шу. ә) Мойынты-Балқаш-Саяқ- Ақтоғай. б) Жарық-Жезқазған. в) Атасу-Қаражал. г) Қарағанды-Балқаш. Мал шаруашылығы: Еділбай қойы, солтүстігінде етті-сүтті ірі қара, жылқы өсіріледі. жетекші саласы қой шаруашылығы. Егіншілік: Жетекші саласы жаздық бидай өсіру. Жүгері, күнбағыс өсіріледі. |