СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ортаңғы топ балаларына арналған дене шынықтыру пәні бойынша технологиялық карта "Арынды арқан"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ортаңғы топ балаларына дене шынықтыру пәніне арналған "Арынды арқан" технологиялық картасы. Қимылдық ойын "Арынды арқан" ойналады. 

Просмотр содержимого документа
«Ортаңғы топ балаларына арналған дене шынықтыру пәні бойынша технологиялық карта "Арынды арқан"»


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Күні: 30.01.2017ж.

Ортаңғы топ «Бәйшешек»

Тәрбиеші: Дюсенова М.Қ Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлімі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Арынды арқан»

Мақсаты: Тапсырмаларды орындап шеңбер бойымен жүру және жүгіру. Доппен ЖДЖ. Кішкентай қапшықтарды алысқа лақтыру. Гимнастикалық орындық үстімен ішпен жатып еңбектеу.

Қ/о «Арынды арқан»

Жабдықтары: гимнастикалық орындықтар, доптар, кішкентай қапшықтар.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Бір қатарға тұрғызу. Амандасады.

Балалар бір қатар құрап, сапқа тұрады. Амандасады.

Ұйымдастырушылық ізденіс

Тапсырмаларды орындап шеңбер бойымен жүру және жүгіру.

Үш лекке тұрғызу.

Доппен ЖДЖ өткізеді.

Негізгі қимылдар жасатқызады.:

А) допты еденге соғу.

Б.Қ-қа тұруды ұсынады – аяқ алшақ доп төменде. Жаттығуды көрсетеді.

Б) гимнастикалық орындық үстімен ішпен жатып еңбектеу.

Екі гимнастикалық орындықты қояды. Үстінен еңбектейді.

В) Кішкентай қапшықтарды алысқа лақтыру. Тәрбиеші көрсетіп, түсіндіреді.

Қ/о ұсынады, «Арынды арқан»

«Арынды арқан» ойынына қатынасушыларға шек қойылмайды. Ойын кең жазық алаңда, көгалды жерде ойнала береді. Ойын жүргізу үшін 2—3 не 4 метрдей арқан керек. Ойнаушылар кең жазық алаңға келіп жиналған соң араларынан бір ойыншыны ойын жүргізуші етіп сайлап алады. Сонан соң ойын жүргізуші қолына арқанды алып, жиылған топтың ортасына келіп тұрады да, «Ойынды бастадым,» — деп дауыстайды. Содан соң ол арқанның түйілген басынан ұстап, шеңбер бойымен ортада тұрған ойыншыларды орай айналдырады, ал ойнаушылар болса, секіріп тұрып арқанды аяқтарының астынан жібере береді. Кімде-кім секіріп арқанды жібере алмай қалса, не басып кетсе, онда жаза тартады, көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып өнер көрсетеді және ойын жүргізушімен орын ауыстырады. Ойын жалғаса береді.

Шеңбер бойымен жүріп, жүгіреді.

Нұсқаушының команда беруімен жүргізуші бастап жаттығуларды орындайды.


Үш қатарға тұрады.

Доппен ЖДЖ орындайды.

Екі қатарға тұрады.


Гимн. орындықтың үстінен еңбектеп жүреді.


Қапшықтарды белгіленген жерге лақтырады.



Ойын ойнайды.

Рефлекстік түзетушілік

Іс-әрекетті қорытындылау. Балаларды мадақтайды. Балалармен қоштасады.

Қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Қабылдайды: қапшықтарды лақтыруды.

Түсінеді: нұсқаушының нұсқауын орындауды.

Қолданады: Гимнастикалық орындық үстімен ішпен жатып еңбектеу.