СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: Біздің әсем шыршамыз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: Біздің әсем шыршамыз

Просмотр содержимого документа
«Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: Біздің әсем шыршамыз»

Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 10.12.18

Тәрбиеші: Жәкіш Г.К

Білім беру саласы: Шығармашылық

Пән: Сурет салу

Өтпелі тақырып: Менің Қазақстаным

Тақырыбы: Біздің әсем шыршамыз

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Шыдамдылыққа тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Бейнені қабылдауын дамыту, түстермен ырғақты сезіне білу.

3.Оқыту: Жаңа жылдық шыршаның суретін салып, оны түрлі-түсті ойыншықтармен безендіруге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: қылқалам, жасыл түсті бояулар, парақ

Билингвалдық компонент: шырша- елка, жасыл- зеленый

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

Көкке қарап наздана,

Қолын созар күнімен.

Күз, қыс, көктем, жазда да

Өзгермес бір түрінен (шырша)

ІІ. Негізі бөлімі

1.Әңгімелесу

«Табиғи өскен шырша» тақырыбына әңгіме жүргізу, балалардың естеріне шырша туралы мәлеметтерді түсіріп, толық жауап алу, анық сөйлеуін қадағалау. Шыршаны ұстап көреді, сезінеді, ерекшеліктеріне көңіл аударады.

–Балалар, біз шыршаны жақсы білеміз, Жаңа жыл мерекесінде үйде, балабақшада шыршаны ойыншықтар іліп, әдемілеп безендіріп қоямыз.
2.Саусақ жаттығуы

Орнымыздан тұрайық,

Әдемі шырша болайық

Балдырғандар билесе

Шыр көбелек айналып

3.Үлгі көрсету

Алдымен діңін салуды, төменгі жағы жуандау, жоғары бөлігі жіңішке болып келетінін, бұтақтарын жоғарыдан төмен қарай сызықтармен сызу арқылы салуға болатынын түсіндіреді. Шырша бұтақтарына оның тікенектерін салғанда жоғарыдан төменге қарай сызықты үзбей салу керектігін айтады.

4.Жұмыс барысы.
Әр бүлдіршіндермен жеке жұмыс жүргізу. Жақсы нәтижеге жетуге бағыт береді. Тапсырманы орындау үшін алдымен тікенектердің орнын қылқаламмен жүргізеді, сосын салады.Бояуды дұрыс таңдауға бағыт береді. 

ІІІ. Қорытынды (2 мин)

Балалар, бәрін де жақсы сурет салдыңдар. Шыршаларыңды Аяз – ата көріп, қуанып қалатын болды. Балалардың жұмысына талдау жасайды, жақсы жұмыс істеген балаларды мақтап, мадақтайды. Шырша туралы әндерін қайталап айтады. Көрме ұйымдастыру.