Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 15.01.19
Тәрбиеші: Жәкіш Г.А
Білім беру саласы: Қатынас
Пән: Драмма
Өтпелі тақырып: Қыстайтың құстар
Тақырыбы: Қарлығаш пен дәуіт
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Балаларды бір-біріне көмектесуге, қиналған кезде жәрдем беруге тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Балалардың достық сезімдерін дамыту.
3.Оқыту: Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетіне назар аудара отырып, ертегіні түсінуге, қабылдауға, сезінуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар: ойын техногиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер
Билингвалдық компонент: қарлығаш- ласточка
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
Балалар ертегі тыңдауға қалай қарайсыңдар?
ІІ. Негізі бөлімі
1.Әңгімелесу
Бір қалығаш жардың қуысана ұя салып, өмір сүріпті. Қанаты қатпаған балапандары анасы азық әкелуге кеткенде, шыдамсыздана күтумен болады екен. Бір күні балапандары жемекке қарлығаштың ұясына жауыз жылан өрмелеп шығып бара жатады. Мұны көрген қарлығаш аспан мен жерді шарлап, шыр- шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді. Көкектен көмек сұрай барса:
-Бүркіт қонаққа шақырып еді, соған барғалы жатырмын, уақытым жоқ,- дейді көкек.
Одан шығып, қарғаға барса:
-Үйленгелі жатқанымда, мазамды алма,- дейді. Қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап ұшып келе жатады. Бір кезде дәуітті көреді. Дәуіт қарлығаштың шыр- шыр еткен дауысын естіп:
-Достым, неге зарлайсың?- деп сұрайды.
Қарлығаш сонда:
-Жауыз жылан балапандарымды жұтпақшы болып, ұяма өрмелеп жетіп қалды. Соған не істерімді білмеймін, - деп, қарлығаш көзінің жасын төгіп- төгіп жібереді.
-Олай болса, мені жеткіз тезірек,- дейді дәуіт. Қарлығаш қанатын тосады. Дәуіт жотасына шығып алады.
Көзді ашып- жұмғанша ұясына жетеді. Жылан ұяға тақап қалған екен. Дәуіт пен қарлығаш енді бір сәт кешіксе, балапандарды қылғып сап, жұмсақ ұяда майсайрап ұйықтамақшы екен.
Дәуіт аяғымен шаба тырнап, жыланның екі көзін ағызып жібереді. Жауыз жылан сылқ етіп жерге құлап түседі де мерт болады.
Дәуіттің ерлігіне сүйсінген қарлығаш онымен айнымас дос болыпты. Содан бері талай заман өтсе де екеуі бір ұяда тұрып, бірге өмір сүреді екен.
2.Сергіту сәті
Қолымызды жазайық,
Қарлығаш болып ұшайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Орнымызды табайық.
3.Сұрақ жауап
Қандай құстар қарлығашқа көмектесуден бас тартты?
Қарлығаштың балапандарына кім тиіспекші болды?
Кім қарлығашқа көмектесті?
Қалай ойлайсыңдар бұл жерде жауыз жыланның жасағаны дұрыспа?
4.Сөздік жұмысы
Қарлығаш- өте жақсы ұшады, тіршілігнің көп уақытын ауада ұшып жүріп өткізеді. Су үстінен ұшып бара жатып- ақ су іше береді. Ұшып жүріп қорегін ұстап жейді. Дауысы онша қатты емес. Қарлығаш ұясын сазбалшықтан сілекеймен араластырып бекем етіп жартас қуыстарына, жағалаудағы жарға, үй іішіне, кейде ағаш басына да салады. Ұясының түбіне қауырсыннан, т.б. заттардан жұмсақ төсеніш жасайды.
5. «Ұшты- ұшты» ойыны
Барлық балалар ойынға қатысады. Құстардың атын атаған кезде балалар қолдарын көтеріп ұшады, ал ұшпайтын зат болса қолдарын көтермейді. Шатасқан бала ойыннан шығады.
ІІІ. Қорытынды (2 мин)
Қандай ертегімен таныстық?
Қандай құстарды кездестірдіңдер?