СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: Үй (құрылысшы мамандығы)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: Үй (құрылысшы мамандығы)

Просмотр содержимого документа
«Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: Үй (құрылысшы мамандығы)»

Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 12.02.19

Тәрбиеші: Тортаева Г.К

Білім беру саласы: Таным

Пән: Құрастыру

Өтпелі тақырып: Мамандықтардың бәрі керек

Тақырыбы: Үй (құрылысшы мамандығы)

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Өзара қатынасы мен ерекшеліктеріне сәйкес құрастыру дағдыларын қалыптастыру, өзара қарым-қатынас жасай білу мәдениетіне тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Үй және құрылысшы, сәулетші мамандары туралы білімдерін дамыту.

3.Оқыту: Құрылыс материалдарын пайдаланып бір немесе көп қабатты үйлерді және мұнараларды құрастыра білуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: текшелер,үшбұрыштар

Билингвалдық компонент: көп қабатт үй- много этажный дом

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

Үйдің үлгі суреттерін көрсетіп талдау жасайды. Үйдің бір және көп қабатты болатынын түсіндіру. Үйді жасау үшін қандай құрылыс материалдары керек және балаларға ойлануға және таңдауға уақыт беру.

ІІ. Негізі бөлімі

1.Әңгімелесу

Құрылысшы- әсем үйлер мен балабақша т.б. ғимараттарды салатын маман иесі.Үй- адам тұратын баспана. Белгілі бір қоғамдық қажеттілік үшін пайланылатын орын, мекеме. Дәстүрлі қазақ қоғамында үйге тән мүлік, тұрмысқа қажетті шаруашылық «үй- жай» деп те атала береді. Әрбір тарихи- мәдени өңірлердегі халықтар жергілікті материалдар негізінде күнделікті тұрмыс- тіршілікке лайықтап үй тұрғызған.

2.Заттық дидактикалық ойын: «Құрылысшының құралын тап?»

Мақсаты: Құрылысшының құралын ажырата білуін дамыту.

Ойынның шарты: Барлық құралдар арасынан құрылысшыға қажет құралды тауып айту.

3.Үлгі көрсету

Алдымен, үйді құрастыру жолдарын көрсету. Бір қабатты үйге төрт текше, екі үшбұрыш керек екенін және оны қалай қою керек екендігін түсіндіру. Ал көп қабатты үй жасау үшін бірнеше текшелер, бірнеше кірпіштер керек екендігін айту. Ол үшін текшелерді түстеріне сәйкес құналастыруды ұсыну. Екі қызыл текше, оның үстіне ұзын сары түсті кірпішті қояды.

4.Саусақ жаттығуы

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Екеуін қосып санаса,

Болады екен он саусақ.

5.Құрастыру

Бір қабатты үйді құрастыру үшін айтылып өткен текше, үшбұрыштарды алып жұмысқа кірісу. Түсінбеген, балаларға көмек көрсетіп жұмысты қадағалау. Жұмыс арасында балаларға сұрақтар қою. Үйді кімдер қалайды. Оларды салмас бұрын біз кімді көмекке шақырамыз. Ия дұрыс айтасындар- сәулетшіні. Ол бізге үйдің құрылыс жобасын сызып береді.

ІІІ. Қорытынды (2 мин)

Балалар біз бүгін не құрастырдық?

Енді осы үйлерден көрнекілік ұйымдастырайық.