- Қазір жылдың қай мезгілі? - Күз айларын атаңдаршы? Күз мезгілінде қандай жеміс-жидектер піседі? Балалар алма қайда өседі. Алманың қандай түрлері болады, дәмі қандай алманың? Тақтада нені көріп тұрсындар? Қызықтыру сәті: Алыстан бір дыбыс шығады. Сиқыршы келіп сиқырлап кетеді. - Ой балалар себетте тұрған алмалардың түсі жоғалып кетті, сыйқыршы сыйқырлап кетіпті! Қане балалар енді осы алмалардың түсін қайтару үшін ғажайып бояулар әлеміне саяхатқа барайық. Енді алдарыңда тұрған мына қағазды мыжу арқылы үлгідегі алмалардың түсін қайтарамыз . Әңгімелесу: Ендеше балалар, бояулардың көмегімен әдемілеп бояуымыз керек. Сендер білесіндер ме, суретшілер бояған кезде қылқаламды қолданады. Біз бұл алмаларды басқа тәсілмен бояп көрейік. Ол үшін бізге қағаз қажет, бұл қағазды умаждап мыжып жұмсарту арқылы өзімізге ыңғайлығып аламыз. Келесі алдарыңда тұрған бояудың көмегімен алмаларды бойаңдар. Балалар біз жұмысымызды аяқтадық,енді осы алмаларымызды тез кептіру үшін мына түтікшелермен үрлейміз. Біріншіден үрлеу біздің денсаулығымызға пайдалы жаттығу. Екіншіден бояған алмаларымыз тез кебеді. Сергіту сәті: «Алма кетті домалып» теледидардан қимылдарды қайталап жасайды. Үш тілді компонент: күз – осень – autumn, алма – яблоко – apple, қызыл –красный – red сары – желтый - ely Дидактикалық ойын: «Түстерін ажырат» Ойынның шарты: алдарыңда тұрған ойын планшетіндегі алма түстерін ажыратып, қыстырғыштағы алма сүретін қыстырасындар. | Күз қыркүйек, қазан, қараша Алма, алмұрт. Алма ағашында. Қызыл,жасыл, сары. Дәмі тәтті болады. Себетке толы алмаларды. Аң таң болып жан жағына қарайды. Мұқият тындайды. - балалар қағазды мыжып жасайды. Бояу ережесін бұлжытпай орындайды Қимылдарын келтіріп сергиді. Үш тілде қайталайды Балалар ойын шартын мұқият тындайды. |