Басталуы 0-5 мин | Оқушылармен сәлемдесу. Құндылықтарды еске түсіру. Оқушыларды жаңа тақырып пен оқу мақсаттарымен таныстыру. Бүгінгі сабақтағы іс-әрекеттерін атап шығу. Назарын аудару үшін оқушыларға түрлі техникада орындалған суреттер тарату. Осы арқылы оқушыларды топтарға бөлінеді. Топқа бөлінген оқушылар түрлі техникада өрілген суреттерді байқайды. Осы арқылы сабақтың тақырыбын ашады. | Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді. | Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау. | Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер |
11-20 мин Ортасы 21-35 мин 36-85 мин | (МК) өру түрлерімен таныстыру: макраме, ағаш шыбықтарынан, газет түтікшелерінен, шілтер, бисер тоқу және т.б. Сонымен қатар, өруге арналған материалдар түрлерімен, олардың табиғи және жасанды болып бөлінуін: әр түрлі фактуралы және жуандықтағы жіптер, жүгері собықтарының қабығы, былғары баулар, дәстүрлі емес материалдар (пластик ыдыстардан, полиэтиленді пакеттерден жасалған жіптер, газеттен жасалған түтікшелер) жайлы мәлімет беру. (Ұ) Өру схемаларындағы шартты белгілер мен оларды оқу негіздерімен таныстыру. (Қ,Ө)Практикалық тапсырма № 1. Қарапайым өру үлгілерін жасау. Өру және сұлбаны оқу бойынша бірнеше жаттығулар орындау. Өрілген бұйым жасауға қажетті негізгі материалдар мен құрал-жабдықтарды дайындау. Оқушылар өру түріне байланысты материал таңдайды, мысалы макраме, шілтер өруге арналған жіптер т.б. Дәстүрлі емес материалдарды да қолдануға болатынын түсіндіру. Оқушылар әсерлерімен, сезімдерімен бөлісіп,өруге арналған әртүрлі материалдар түрімен жұмыс жасау бойынша өз ойларын айтады. Бұйымды өруге арналған сұлба мен нобай жасайды. Оқушы жұмыс барысында материалын, түсін, өру техникасын өздігімен таңдайды. Өру техникасында орындалатын бұйымның нобайы мен сұлбасына байланысты материалды, құрал-жабдықтарын дайындайды. Оқушы материалды және өру сұлбасын орындағаннан кейін, бұйымды орындау кезеңдерін жоспарлайды. Сұлбалармен жұмыс жасау барысында оқушылар түрлі түстермен өру түйіндер мен кейбір орындарын белгілей отырып, қажетті өрілім түрлеріне назарын аударып отырады. (Қ)Жұмыс соңында өз туындыларын сыныпқа ұсынып, бірге талқылайды, өзінің және сыныптастарының жұмыстарына бағалау жүргізеді және мүғалім дұрыс орындалғанын тексереді. Дифференциация: бұйымдағы қарапайым, орташа және күрделі өрнекті өру орындау ұсынылады. | Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі. Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді. Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды. | Дискриптор өру өнері туралы білімін көрсетеді; өрудің бірнеше тәсілдерін меңгерген; түрлі өру өнеріне байланысты материалдар мен құрал-жабдықтарды біледі және ажырата алады; шығармашылық жұмыстыұқыпты орындайды; өз идеяларын бірнеше ізденіс нобай ретінде келтіре алады; өз іс-әрекетін жоспарлай алады. | Қосымша 1. Топтарға бөлу Иллюстрациялық материалдары: бисерден, макраме және т.б. орындалған бұйымдар, СҚӨ заттары. http://shedevrs.ru/materiali/257-dpi.html - сәндік-қолданбалы өнер. http://www.trozo.ru/cat/video-uroki/vyshivanie-lentami – баумен кестелеу және т.б. қолөнер шеберлік сағаттары бойынша видео сабақтары. Қосымша 2 – түйін түрлері |