СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Орыс мектебіндегі қазақ тілі пәнінен ҰБТ-ге дайындаудың тиімді жолдары

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

           Қазір  ғылым мен  техниканың  дамыған  кезінде, алдымызда  отырған  шәкірттер  білімді  терең  қажет  етеді. Олар  бізден  көп  нәрсені  талап  етеді.  Заман  талабынан  артта  қалмай  оқушы  алдында  барлық  жақтан  хабарың,  өз  біліміңді  олардың  бойына  бере  алатындай  болуымыз  керек.

Просмотр содержимого документа
«Орыс мектебіндегі қазақ тілі пәнінен ҰБТ-ге дайындаудың тиімді жолдары»

Орыс мектебіндегі қазақ тілі пәнінен ҰБТ-ге дайындаудың

тиімді жолдары


Капанова М.Е.

Астана қаласындағы №14МГ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


ҰБТ жаңа технологияларға негізделген мектеп бітірушілерді қорытынды мемлекеттік аттестациялау және жоғарғы оқу орнына түсу емтихандарын қоса атқаратын білім сапасын бағалаудың ерекше жүйесі екені белгілі.

«Елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры –

ұстаздың қолында» деп Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай, орыс мектебіндегі қазақ тілі пәнінің мұғаліміне көп жауапкершілік жүктеліп отыр. Себебі, қазақ тілі пән мұғалімі мектеп бітіруші өзге ұлт оқушыларына тек қазақ тілін сапалы оқытып қана қоймай, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, оның ҰБТ –ге енгізілген пәндермен дәрежесі тең екенін түсіндіруі қажет.

Қазір ғылым мен техниканың дамыған кезінде, алдымызда отырған шәкірттер білімді терең қажет етеді. Олар бізден көп нәрсені талап етеді. Заман талабынан артта қалмай оқушы алдында барлық жақтан хабарың, өз біліміңді олардың бойына бере алатындай болуымыз керек.

Сондықтан ҰБТ-ге дайындаудың тиімді жолдарын қарастыра отырып, алдымызға мынадай мақсат пен міндеттер қойдық:

  • Оқушылардың ҰБТ-ға сапалы дайындалуын қамтамасыз ету;

  • оқу процесінде оқушылардың дайындалуына қолайлы жағдай туғызу;

  • дайындалудың тиімді жолдарын табу.

Оқушылармен әрдайым бірлікте отырып, жаңа тақырыпты меңгеру, әрбір өтілген тақырыпты тест сұрақтарымен байланыстыру, негізгі қажетті деген сөздерді түрлендіре отырып, сұрақтар қойдырта білу, әрбір сұраққа дұрыс жауап бере білуге, дұрыс жауапты есте сақтап қалуға үйрету негізгі міндетіміз болды.

Болжам: егер де бұл мақсат пен міндеттер іске асырылса, онда Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына оқушылар жан-жақты, сапалы, шығармашыл түрде дайындалып; ой-өрістері дамыған, жоғары интеллекті, кәсіби сауатты тұлға ретінде жоғары нәтижеге жетер еді.

Тәжірибеге тоқталатын болсақ, оқушыларды ҰБТ-ге дайындауда төмендегідей жұмыстар атқарылуда:

  • ҰБТ-ге дайындыққа арналған жеке оқушыға жоспар құрастыру;

  • Өткен тақырыптардан теориялық білімдерін практикалық тапсырмалар арқылы қайталау;

  • Оқушының сабақ үрдесінде жаңа білімді меңгеруіне басты көңіл бөлу;

  • Тест жұмысын орындағаннан кейін әр оқушымен коррекциялық жұмыстар жүргізу;

  • Қазақ тілінен тақырыптық тест құрастыру;

  • Әр тараудан кейін сынақ қабылданады;

  • Оқушыларға өз бетімен білім алуға жағдай жасалынады.

ҰБТ нәтижесі жоғары болу үшін алдын ала өткізген дайындық жұмыстарының сапалы түрде өтуімен тікелей байланысты. Сондықтан қазақ тілінен оқушылардың ҰБТ-ге дайындығын мынадай даму кезеңдеріне бөлуге болады:

I. Даярлық кезеңi.

а) пәнге деген тiкелей қызығушылық;

ә) оқушының қазақ тілі пәнiнiң әлеуметтiк және практикалық мәнiн бағалауы;

б) оқушының оқу пәнiнiң өз жоспарындағы және болашақтағы рөлiн бағалауы.

II. Практикалық кезең.

а) жайлы көңiл-күй;

ә) танымдық қызметтегi өз тәжiрибесiн қолдану және жағымды өзгерту қажеттiлiгi.

III. Шығармашылық кезең.

Берiлген оқу пәні материалдары бойынша бiлiмiн топтау және бағалау қажеттiлiгi.

IV. Қорытынды - Нәтиже

V. Релаксация (босаңсу, еркiн сезiну).

Тест орындау кезінде кездесетін кедергілердің бірі – оқушы қойылған сұрақты толық түсінбейді, терминдердің аудармасын білмейді, сол себептен сұраққа дұрыс жауап бере алмайды. Сондықтан ең алдымен оқушыларға терминдерді меңгертуді тиімді деп ойлаймыз. Ол үшін «Қазақша-орысша грамматикалық терминдер сөздігі» құрастырдық. Жұрнақтар мен жалғаулар анықтамаларын және негізгі емле ережелер жиынтығын жасадық. Сонымен қатар тестте кездесетін лексикалық тақырыптарға да көп көңіл аударған дұрыс. Ол үшін 5-сыныптан бастап өткен барлық лексикалық тақырыптарды жинақтап бір жүйеге келтіру қажет. Мысалы, 5- сынып, Атамұра

1. Астана қай жылға дейін Ақмола деп аталған? / 1998 жыл

2. Астана қаласының бұрынғы аты / Ақмола

3. 1 қыркүйек қандай күн? / Білім күні

6- сынып, Атамұра

1. Күз айларын ата / қыркүйек, қазан, қараша

2. Жыл мезгілдері / қыс, көктем, жаз, күз

3. Күнпарақ түрлері/ қабырға күнпарағы, үстел, қалта

4. Бір жылда неше күн бар? /365

5. Бір айда неше апта бар/ 4

Әр оқушы өзіне анықтама дәптерін жасайды. Бұл дәптер фонетика саласынан басталады. Барлық тақырыптар тірек-сызба арқылы, кестелер арқылы берілген. Осы әдістер арқылы берілген ережелер оқушының есте сақтау қабілетін қалыптастырады. Әр сала бойынша тест жұмыстары жүргізіледі. Тест алынып болғаннан кейін қатемен жұмыс, ортақ талдаулар, түзету жұмыстары жүргізіледі.

Әр тақырыпқа арналған тесттер бойынша «Ең қиын сұрақ» деген сәт кезінде әрбір оқушы өзіне қиын сұрақты айтады. Мүмкін ол сұрақ бір оқушыға қиын болғанымен, екінші оқушыға оңай болуы мүмкін. «Мен» деп жауап берген оқушыға тақтаға сол сұрақты жазып, дәлелдеп түсіндіріп беруін айтамыз. Солай ол кемшілікті жоямыз. Оқушының әрбір жазған тест жұмыстарынан кейін талдау жасалып, білім сапасы, үлгерім сапасы, орта ұпайы есепке алынып, мониторингі және өзгеру динамикасы жасалады. Бұл оқушылардың алға қарай жылжуына негізгі жол болмақ.


Қазақ тілі пәнінен ҰБТ –да кездесетін қиын тақырыптарды меңгерту жолдары


р/с

Тақырыптар

Жою жолдары

1

Сөзжасам – қазақ тіліндегі туынды түбірдің жасалу жолдары

  • Есім сөздерін жасайтын жұрнақтарды жеке тапсырмалар орындатқызу арқылы ажырату;

  • Етістік жасайтын жұрнақтарды ажырату

  • Туынды сөздерге құрамына қарай кешенді талдау жүргізу

2

Үндестік заңы, кейінді ықпал, ілгерінді ықпал

  • Тақырыптық тестпен жұмыс жасау;

  • Сөздерге дыбыстық талдау жасау ;

Фонетикалық тапсырмалар орындату

3

Морфология

Зат есімнің жасалуы, түрлері(зат есім, сын есім, есімдік, етістік, шылау)


  • Зат есім бойынша тақырыптық тестер жинағы құрастыру;

  • Көптеу, септеу, тәуелдеу, жіктеу жалғаулары жеке карточкалар, кестелер бойынша тапсырмалар орындатқызу

4

Сын есімнің шырайлары

  • Сын есім бойынша тақырыптық тестер жинағы құрастыру;

  • Сын есімнің салыстырмалы шырайын меңгерту мақсатында жеке карточкалар, кестелер бойынша тапсырмалар орындатқызу

5

Есімдіктің мағыналық түрлері

  • Есімдік бойынша тақырыптық тестер жинағы құрастыру;

  • Белгісіздік, болымсыздық есімдіктерді мәтіннен тергізу, сөз тіркес, сөйлемдер құрастыру;

6

Етістіктің шақтары

  • шақ категориясы қимылдың орындалу кезеңін білдіретінін түсіндіру;

  • етістіктерді белгілі бір шаққа қойып, жіктеу;

7

Шылаудың мағыналық түрлері

  • Шылау бойынша тақырыптық тестер жинағы құрастыру;

  • Септеулік, жалғаулық, демеуліктер бойынша жеке карточкалар, кестелер бойынша тапсырмалар орындатқызу

8

Синтаксис.

Сөйлем. Сөйлем мүшелері. Жай сөйлем


  • Мәтіндегі сөздерді сөйлем мүшелеріне талдау,

  • жай сөйлемнің түрлерін (айтылу мақсатына қарай, сөйлем мүшелеріне қарай) ажырата отырып синтаксистік талдау жасау;

9

Құрмалас сөйлем


  • мәтіннен құрмалас сөйлемдерді теріп жазу;

  • салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын жаттау;

  • сабақтас құрмалас сөйлемде бағыныңқы, басыңқы сөйлемдерді ажырату;

  • сөйлемдерді толықтыру сияқты тапсырмалар орындату

10

Қаратпа сөз. Қыстырма сөз. Одағай


  • бұл тақырыптарды игерту мақсатымен әр стильдегі көркем мәтіндер беріліп, ондағы қаратпа, қыстырма, одағай сөздерді теріп жазу, олардың тыныс белгілеріне көңіл аудару, өз ойынан оқшау сөздердің әр түріне мысал келтіру сияқты жұмыстар жүргізу

11

Төл сөз. Автор сөзі


- тірек сызбаларды қолдану;

- тыныс белгілерін ескеріп ,өз ойларынан мысалдар келтіру;

- Мәтіннен төл сөздерді тауып, оны схемаға түсіру сияқты тапсырмалар беру.

12

Қазақстан Республикасының географиялық орны (табиғаты, ауа райы, өзен-көл, таулары, өсімдік, хайуанаттар әлемі, экологиясы)-. Сонымен қатар отырды.


  • бұл тақырыптарды меңгерту үшін сабақтарда сөздік жұмысы, мәтіндерді оқу, аудару, қосымша материалдармен жұмыс жасау, көрнекілік құралдарды қолдану;

  • қазақ тілі пәнінен қазіргі заманғы электронды оқулықтарды үнемі пайдалану ;

  • география, тарих пәндерімен байланыс жүргізіп отыру

13

Қазақстанның мәдениеті, өнері (театр, кино, саз, мүсін, көркем өнер).



  • бұл тақырыпты меңгерту үшін оқушылар қосымша материалдармен жұмыс істейді;

  • жеке дәптерлеріне бірінші кинорежиссер, алғашқы қазақ пьесасы, киносы, тұңғыш бейнелеу өнерінің негізін салушысы, қазақтың әнші-күйшілері, сазгерлері туралы мәліметтер жинап, олардың есімдерін, туған жылдарын, туындыларын жазып алып жаттайды;

  • қазақ тілі пәнінен қазіргі заманғы электронды оқулықтарды үнемі пайдалану;


Қорыта келгенде, ұстаздар қауымының алдында тұрған ең үлкен жауапкершілік - мемлекетті, ғылымды, өнеркәсіпті, өндірісті нағыз басқаратын жастар қазір біздің алдымызда екенін, соларға өз дәрежесінде білім беру, тәлім-тәрбие беру, біліктілігін арттыру, санасын тәрбиелеу, болашаққа жол салу біздің қолымызда тұрғанын сезіну үшін тек ерінбей еңбек ету, іздену, шығармашылықпен жұмыс жасау.

Білімділік мақсатқа қол жеткізудегі оқушы мен мұғалімнің жүйелі, тұжырымдамалы, нормативті, объективті, көпнұсқалы әрекет- оқушыны үлкен нәтижеге жеткізеді.




Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Сайрамбаев Т."Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері" 1991 ж. 92-150б.

  2. Мырзабеков С. "Қазақ тілінің дыбыс жүйесі" 1999ж.

  3. "Қазақ тілі мен әдебиеті" журналы , 2013 ж.

  4. Методикалық газет-журнал басылымдары.

  5. Мектептегі 5-11 сыныптарға арналған оқулықтар.

  6. " Мектеп " журналы 2010 № 2

  7. Қазақ тілі ҰБТ-ке дайындалу тесттері.Шыныбаева А.К. 2009ж

  8. Қазақ тілі. Дидактикалық материалдар.