Әр топқа үш түрлі түсті конверт беріледі, конверт ішіде суреттер болады. Сол берілген суреттерді А3 плакатка жабыстырып, инфография әдісі арқылы ереже шығарады. топ: гүлдің сабағы, математика сабағы (омоним)  2-топ: шипалы-улы (антоним)  3-топ: пайдалы, шипалы, емдік қасиеті бар (синоним)  «Бас бармақ» әдісі бойынша бағалау 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз. Қарамен жазылған сөздердің синонимін табыңыз. Алтай ботаника бағы 1935 жылы Шығыс Қазақстан облысы Лениногор қаласында құрылған. Ауданы 176 гектар, теңіз дең гейінен 760–860 метр биіктікте тау етегінде орналасқан. Оның 50 га-дан астам жері табиғи қорық ретінде сақталған. Алтай ботаника бағының негізгі жұмыстары: Алтайдағы өсімдіктер дүниесін қорғау; пайдалы өсімдіктер түрлерін өсіріп, халық шаруашылығына пайдалану; басқа жерлерден әкеліп отырғызылған өсімдіктерді жерсіндіру; өлкедегі өндіріс орталықтарын көгалдандыру. Ондағы өсімдіктердің 4000-ға жуық түрінің 2000-ы жергілікті флораға жатады. Соның ішін де ағаш және бұталардың 570-тен астам түрі, қылқанжапырақтылардың 47, раушангүлділердің 90, зеректің 17, ал жеміс-жидек өсімдіктерінің 10-ға жуық, гүлді және дәрі-дәрмек өсімдіктерінің 1000-нан астам түрлері өседі. Алтай ботаника бағы өндірістік орталықтарды көгалдандыру үшін ағаш-бұталардың 100-ден артық түрін, жеміс-жидек өсімдіктерінің ондаған сорттарын, малға жемшөптік өсімдіктің 25 түрін, бал-шырынды өсімдіктің 34 түрін халық шаруашылығына пайдалануға енгізді. Сондай-ақ, Алтай ботаника бағы табиғатты қорғау бағытында Шығыс Қазақстанда сирек кездесетін өсімдік түрлерін зерттеу жұмысын жүргізеді. Қазақстанның «Қызыл кітабын» құрастыруда да үлкен үлес қосып келеді. Бағалау критерийі | Дескриптор | Сөздердің синонимін табады | Мәтінді түсініп оқыды | Сөздердің синонимін тапты | «ПОПС» формуласын қолданып, қорықтың ел үшін маңызы мен болашағы туралы өз пікірлеріңді дәлелдеңдер. Бірінші сөйлем. «Менің ойымша....». Екінші сөйлем. «Себебі, мен оны .... деп түсіндіремін». Үшінші сөйлем. «Оны мен .... деген фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын». Соңғы сөйлем. «Осыған байланысты мен ... деген шешімге келдім» Бағалау критерийі | Дескриптор | Қорықтың маңызы туралы өз пікірін білдіреді | Қорықтың маңызы мен болашағын анықтады | | Берілген сөз тіркестеріне сүйенді | | Өз пікірін еркін білдірді | | Сөздердің жазылу емлесіне назар аударды | «Сергіту сәті» Жұмбақтардың шешуін табыңдар. Мәңгі жасыл, жер бауырлап өседі, «Серігі» оның саңырауқұлақ деседі. Ылғалды алқап оның-дағы мекені, Көпке аян, оның мүк емес екені. Өсімдіктің қабығынан ағады, Оның өзі қымбат әрі бағалы. Кейде арулар моншақ жасап сол заттан, Сәндік үшін мойынына тағады. Сүйеді ол ылғал менен жарықты, Көлеңкесін кең жайып, саялатты халықты. Жер мен судың атауына тіркесіп, Өзін-өзі бар қазаққа танытты. Бейбітшілік, сәттіліктің ағашы, Сондықтан да қымбат оның бағасы. Аты шыққан бар әлемге майы бар, Мәңгі жасыл өсіп тұрған жайы бар. Шешулері: шайыр, зәйтүн, ағаш, қына |