СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«?сімдіктерді? г?лдеуі ж?не тоза?дануы»

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

К?ні: 19.11.2014 Сынып: 6 Саба?ты? та?ырыбы: «?сімдіктерді? г?лдеуі ж?не тоза?дануы» Ма?саты: Білімділігі: Тоза?дану мен ?ры?тануды? ?сімдік тіршілігіндегі ма?ызын ??ыну.Г?л – т??ыммен к?бею м?шесі екендігі туралы ?орытынды пікірге негіз ?алау. Дамытушылы?ы: Г?л, г?лді? ??рылысы, к?бею ж?ніндегі білімдерін дамыту, д?ниетанымдарын ке?ейту. Т?рбиелілігі: ?семдікті сезіне білуге, таби?атты с?юге т?рбиелеу. П?наралы? байланысы: экологиямен, ?дебиетпен, тілмен, халы? педагогикасымен. Саба?ты? к?рнекілігі: «Г?лді? ??рылысы», «Тоза?дану», «?ры?тану», Г?лшо?ырлар сызбалары. С?зж?мба?тар, Венн диаграммасы, вагон суреттері, т. б. Саба?ты? ?дісі: Аралас, ойын саба?. Саба?ты? барысы: І. ?йымдастыру. О?ушыларды т?гендеп, ?й тапсырмасын аны?тап бол?ан со? саба? мынадай ?ле? жолдарымен басталады. ІІ. ?й тапсырмасын тексеру. Кел, балалар, ойлайы?, Ойнайы? та ойлайы?. ?андай ж?мба? болса да, Шешпей оны ?оймайы?. О?ушылар ойын саба? екенін бірден сезеді. О?ушылар?а ойын шарты т?сіндіріліп, тапсырманы? ?раны мен ма?саты хормен плакаттан о?ылады. Саба?ты? ?раны: Тіршілікті? тірегі ?сімдікті ?ор?айы?. Т??ымдарын молайтып ?сіруді ойлайы?! Саба?ты? ма?саты: Білген сайын келеді біле бергім Біле беру емес пе тілегі елді??! Ойын шарты: Пойызда 4 вагон бар, ?р вагон тапсырмамен келген, сол тапсырманы орындап бол?ан со? «белгісіз ?лемге» саяхат?а аттану. (вагон суреттері жапсырыл?ан) №1 вагон тапсырмасы – с?ра?тар. 1. М?ше деген не? ?сімдік м?шелері нешеге б?лінеді? 2. К?бею м?шелеріне нелер жатады? 3. Г?л деген не? Г?лді? б?лімдері ?андай? Аталы?ты?, аналы?ты? б?лімдері ?андай? №2 вагон тапсырмасы тест. 1. Г?л шы?аратын ?ркенде белгілі бір ретпен орналас?ан ?са? г?лдер тобы. А) г?лшо?ыр ?) г?лса?а? Б) г?лтабан 2. Бидай мен ?арабидайда?ы г?лшо?ыр т?рі. А) собы? ?) шаша? Б) к?рделі маса? 3. Аналы?ы да, аталы?ы да бар г?л А. Дара жынысты ?) ?ос жынысты Б) екеуі де 4. Аталы? г?лі бір ?сімдікте, аналы? г?лі бір ?сімдікте болса А) бір ?йлі ?) дара жынысты Б) ?ос ?йлі. №3 вагон тапсырмасы г?лге ?атысты с?з. 1. Жайг?л са?а? есуге келгенде бір тоста?ан шай мен май ала келген, майын аузыма, мойныма жа?тым. (г?лса?а?, тоста?анша, аузы, мойны) 2. Майг?л Серікке: «Тоза? толып т?р?ан ?апты? аузында?ы жіп шешіліп кетпесін»- деді. (г?лсерік, тоза??ап, аузы, жіпше) №4 вагон тапсырмасы – формула, ж?мба?. 1. Картоп г?лі.? ? Т (5) К(5) А 5 Ж(2) 2. ?ыз?алда?.? ? К 3+3 А 3+3 Ж(3) 3. Асб?рша? ? ? Т (5) К1+2+(2) А(9)+1 Ж1 4. Іші ж?мса?, сырты ?атты. Еті ?ызыл, с?ті т?тті. Со?ым сайлап ?ойдым Кіндігінен байлап ?ойдым. (?арбыз) 5. Аласа ?ана бойы бар, ?абат - ?абат тоны бар. (орамжапыра?) 6. Бір анадан ж?з бала Ж?зі де боз бала. (ж?зім) ІІІ. Жа?а саба? – белгісіз ?лемге саяхат. ?раны: Білгені? то?ыз, білмегені? то?сан то?ыз. Ма?саты: Г?лді? т??ыммен к?бею м?шесі екендігін ?ры?тану мен тоза?дануды? к?беюдегі ма?ызын ??ыну. Саба? жоспарлы тірек - сызбалары ар?ылы т?сіндіріледі. 1 . Жынысты к?бею дегеніміз - аталы? ж?не аналы? жыныс жасушаларыны? ?осылуы. Тоза?дану – аталы? тоза?ны? аналы? аузына т?суі. Тоза?дану Буна?дене ?здігінен (шие, шай) Ай?ас Жел (бетеге, тары) (ж?гері, емен) ?здігінен тоза?дану дегеніміз бір г?лді? ?з аталы? тоза?ыны? сол г?лді? ?з аналы?ыны? аузына т?суі.?здігінен тоза?данатын ?сімдіктер г?л жармай т?рып ж?не г?л жар?ан кезде тоза?данады.Мыс; жер жа??а?ы, шегірг?л, саумалды?,бетеге, тары Ай?ас тоза?дану – бір г?лді? аталы? тоза?ыны? екінші г?лді? аналы?ыны? аузына т?суі.Буна?денелер ар?ылы ай?ас тоза?данатын ?сімдіктерді? г?лдері ашы? ре?ді,хош иісті, тоза?дары ?те ірі ж?не т?тті шірне б?леді. Жел ар?ылы ай?ас тоза?данатын ?сімдіктерді? тоза?дары ?те майда, же?іл к?п болады. Жел ар?ылы ай?ас тоза?данатын ?сімдіктерге ?ант ?ызылшасы,??лма?, ?арасора, ж?гері,?арабидай,?айы?,емен. ?ры?тану – аталы? ж?не аналы? жыныс жасушаларыны? ?осылуы. Жатында ж?мырт?а жасушасы ж?не т??ымб?ршігіні? е? ірі жасушасы болады.Тоза? т?тікшесіні? ?шында 2 жасуша болады.Оны? біреуі ж?мырт?а жасушамен екіншісі е? ірі жасушамен ?осылады.М?ны ?осарлы ?ры?тану дейді.Б?л ??былысты аш?ан ?алым С.Г. Навашин.?ры?тан?аннан кейін т??ымб?ршігінен т??ым, жатыннан жеміс дамиды. 2. Д?птермен ж?мыс Орнитофилия - ?сімдіктерді? ??стармен (колибримен, шірнеші ??спен ж?не т.б.) тоза?дануы. Орнитофилия негізінен тропиктік аудандарды? ?сімдіктеріне т?н. Б?л жерде 50 т??ымдас?а жататын 2 мы?нан астам ??с т?рлері 100-ден астам т??ымдас?а жататын 1 мы?нан астам ?сімдік т?рлерін тозандандырады Гамета (грек, gametos — жыныс клеткалары, грек, gamete — ?йел, gametes — еркек) — аталы? (сперматозоид) ж?не аналы? (овоцит) жыныс жасушалары. Зигота - (грекше "zygotos" – бірге ?осыл?ан) – ?ры?тан?ан ж?мырт?а жасуша Спермий (грек. spеrma – т??ым) – аналы? т??ым жасушасымен ?осылып, жануарлар мен ?сімдіктерді? жынысты? к?беюіне ?атысатын ?ры? жасушасы. Ж?мырт?а жасуша аналы? жыныс жасушасы. І?. ?орытынды. «О?ы?аны?ды айтпа – то?ы?аны?ды айт» Тоза?дану – ?ры?тану – жеміс – т??ым. ?. Бекіту. Жеміс пен т??ым ?німні? алтын ?оры. (С?зж?мба?тар шешу ар?ылы) «Зигота», «Т??ымбастама» с?зж?мба?ы 1. Тоза?дану?а ?ажетті тоза??апта жиналатын т?йіршік. (тоза?). 2. Аталы? гамета. (спермия). 3. Жыныс клеткасы. (гамета). 4. Т??ымбастама ?шында?ы жі?ішке ?зек. (тоза?т?тік). 5. Екі жыныс клеткасыны? ?осылуы. (?ры?тану). 6. Аналы? гамета. (ж?мырт?ажасуша). 1. Г?лді? жыныс м?шесіні? бірі. (Аталы?). 2. Т??ымбастамадан дамитын, жеміс ішінде болатын ?сімдік негізі. (Т??ым) 3. Г?лді? жыныс м?шесі. (Аналы?) 4. Аталы?ы да, аналы?ы да бар г?л. (?осжынысты). 5. Аналы?ты? екінші б?лімі. (Мойны). 6. Аталы? ж?не аналы? г?лдері бар ?сімдік. (Бір?йлі). 7. Г?лді? м?шелері орналасатын б?лімі. (Г?лтабан). 8. Жі?ішке г?л дамып жетілетін г?л б?лігі. (Г?лса?а?). 9. Аналы?ты? жеміс дамитын б?лігі. (Т?йін). 10. Тоза? жиналатын орын. (Тоза??ап). 11. Т?йіннен пайда болатын ?сімдік негізі. (Жеміс). 12. Аналы?ты? бірінші б?лімі. (Аузы). ?І. Ба?алау Еліміз д?улетті, еліміз с?улетті болсын! 4-5 жетон ал?андар?а «5» 2-3 жетон ал?андар?а «4» 1 жетон ал?андар?а «3» ?ІІ ?йге тапсырма. «?сімдіктерді? г?лдеуі ж?не тоза?дануы» та?ырыбын о?ып, біліп келу. С?зж?мба?тар дайындау.

Просмотр содержимого документа
««?сімдіктерді? г?лдеуі ж?не тоза?дануы»»

Күні: 19,11,2014
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы:
«Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы»
Мақсаты:

Білімділігі: Тозаңдану мен ұрықтанудың өсімдік тіршілігіндегі маңызын ұғыну.Гүл – тұқыммен көбею мүшесі екендігі туралы қорытынды пікірге негіз қалау.
Дамытушылығы: Гүл, гүлдің құрылысы, көбею жөніндегі білімдерін дамыту, дүниетанымдарын кеңейту.
Тәрбиелілігі: Әсемдікті сезіне білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланысы: экологиямен, әдебиетпен, тілмен, халық педагогикасымен.
Сабақтың көрнекілігі: «Гүлдің құрылысы», «Тозаңдану», «Ұрықтану», Гүлшоғырлар сызбалары. Сөзжұмбақтар, Венн диаграммасы, вагон суреттері, т. б.
Сабақтың әдісі: Аралас, ойын сабақ.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгендеп, үй тапсырмасын анықтап болған соң сабақ мынадай өлең жолдарымен басталады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Кел, балалар, ойлайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.

Оқушылар ойын сабақ екенін бірден сезеді. Оқушыларға ойын шарты түсіндіріліп, тапсырманың ұраны мен мақсаты хормен плакаттан оқылады.

Сабақтың ұраны:
Тіршіліктің тірегі өсімдікті қорғайық.
Тұқымдарын молайтып өсіруді ойлайық!

Сабақтың мақсаты:
Білген сайын келеді біле бергім
Біле беру емес пе тілегі елдің?!

Ойын шарты:

Пойызда 4 вагон бар, әр вагон тапсырмамен келген, сол тапсырманы орындап болған соң «белгісіз әлемге» саяхатқа аттану.
(вагон суреттері жапсырылған)


№1 вагон тапсырмасы – сұрақтар.
1. Мүше деген не? Өсімдік мүшелері нешеге бөлінеді?
2. Көбею мүшелеріне нелер жатады?
3. Гүл деген не? Гүлдің бөлімдері қандай? Аталықтың, аналықтың бөлімдері қандай?
№2 вагон тапсырмасы тест.
1. Гүл шығаратын өркенде белгілі бір ретпен орналасқан ұсақ гүлдер тобы.
А) гүлшоғыр
Ә) гүлсағақ
Б) гүлтабан
2. Бидай мен қарабидайдағы гүлшоғыр түрі.
А) собық
Ә) шашақ
Б) күрделі масақ
3. Аналығы да, аталығы да бар гүл
А. Дара жынысты
Ә) қос жынысты
Б) екеуі де
4. Аталық гүлі бір өсімдікте, аналық гүлі бір өсімдікте болса
А) бір үйлі
Ә) дара жынысты
Б) қос үйлі.
№3 вагон тапсырмасы гүлге қатысты сөз.
1. Жайгүл сағақ есуге келгенде бір тостаған шай мен май ала келген, майын аузыма, мойныма жақтым. (гүлсағақ, тостағанша, аузы, мойны)
2. Майгүл Серікке: «Тозаң толып тұрған қаптың аузындағы жіп шешіліп кетпесін»- деді. (гүлсерік, тозаңқап, аузы, жіпше)
№4 вагон тапсырмасы – формула, жұмбақ.
1. Картоп гүлі. ♂ Т (5) К(5) А 5 Ж(2)
2. Қызғалдақ. ♂ К 3+3 А 3+3 Ж(3)
3. Асбұршақ  ♂ Т (5) К1+2+(2) А(9)+1 Ж1
4. Іші жұмсақ, сырты қатты.
Еті қызыл, сүті тәтті.
Соғым сайлап қойдым
Кіндігінен байлап қойдым. (қарбыз)
5. Аласа ғана бойы бар, қабат - қабат тоны бар. (орамжапырақ)
6. Бір анадан жүз бала
Жүзі де боз бала. (жүзім)
ІІІ. Жаңа сабақ – белгісіз әлемге саяхат.
Ұраны:
Білгенің тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.
Мақсаты: Гүлдің тұқыммен көбею мүшесі екендігін ұрықтану мен тозаңданудың көбеюдегі маңызын ұғыну.

Сабақ жоспарлы тірек - сызбалары арқылы түсіндіріледі.
1 . Жынысты көбею дегеніміз - аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Тозаңдану – аталық тозаңның аналық аузына түсуі.

Тозаңдану



Бунақдене Өздігінен

(шие, шай) Айқас Жел
(бетеге, тары) (жүгері, емен)

Өздігінен тозаңдану дегеніміз бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің өз аналығының аузына түсуі.Өздігінен тозаңданатын өсімдіктер гүл жармай тұрып және гүл жарған кезде тозаңданады.Мыс; жер жаңғағы, шегіргүл, саумалдық,бетеге, тары

Айқас тозаңдану – бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі.Бунақденелер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің гүлдері ашық реңді,хош иісті, тозаңдары өте ірі және тәтті шірне бөледі. Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің тозаңдары өте майда, жеңіл көп болады. Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктерге қант қызылшасы,құлмақ, қарасора, жүгері,қарабидай,қайың,емен.

Ұрықтану – аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Жатында жұмыртқа жасушасы және тұқымбүршігінің ең ірі жасушасы болады.Тозаң түтікшесінің ұшында 2 жасуша болады.Оның біреуі жұмыртқа жасушамен екіншісі ең ірі жасушамен қосылады.Мұны қосарлы ұрыұтану дейді.Бұл құбылысты ашқан ғалым С.Г. Навашин.Ұрықтанғаннан кейін тұқымбүршігінен тұқым, жатыннан жеміс дамиды.
2. Дәптермен жұмыс
Орнитофилия - өсімдіктердің құстармен (колибримен, шірнеші құспен және т.б.) тозаңдануы. Орнитофилия негізінен тропиктік аудандардың өсімдіктеріне тән. Бұл жерде 50 тұқымдасқа жататын 2 мыңнан астам құс түрлері 100-ден астам тұқымдасқа жататын 1 мыңнан астам өсімдік түрлерін тозандандырады
Гамета (грек, gametos — жыныс клеткалары, грек, gamete — әйел, gametes — еркек) — аталық (сперматозоид) және аналық (овоцит) жыныс жасушалары.
Зигота - (грекше "zygotos" – бірге қосылған) – ұрықтанған жұмыртқа жасуша
Спермий (грек. spеrma – тұқым) – аналық тұқым жасушасымен қосылып, жануарлар мен өсімдіктердің жыныстық көбеюіне қатысатын ұрық жасушасы.
Жұмыртқа жасуша аналық жыныс жасушасы.
ІҮ. Қорытынды.
«Оқығаныңды айтпа – тоқығаныңды айт»
Тозаңдану – ұрықтану – жеміс – тұқым.

Ү. Бекіту. Жеміс пен тұқым өнімнің алтын қоры.

(Сөзжұмбақтар шешу арқылы) «Зигота», «Тұқымбастама» сөзжұмбағы

1. Тозаңдануға қажетті тозаңқапта жиналатын түйіршік. (тозаң).
2. Аталық гамета. (спермия).
3. Жыныс клеткасы. (гамета).
4. Тұқымбастама ұшындағы жіңішке өзек. (тозаңтүтік).
5. Екі жыныс клеткасының қосылуы. (ұрықтану).
6. Аналық гамета. (жұмыртқажасуша).

1. Гүлдің жыныс мүшесінің бірі. (Аталық).
2. Тұқымбастамадан дамитын, жеміс ішінде болатын өсімдік негізі. (Тұқым)
3. Гүлдің жыныс мүшесі. (Аналық)
4. Аталығы да, аналығы да бар гүл. (Қосжынысты).
5. Аналықтың екінші бөлімі. (Мойны).
6. Аталық және аналық гүлдері бар өсімдік. (Бірүйлі).
7. Гүлдің мүшелері орналасатын бөлімі. (Гүлтабан).
8. Жіңішке гүл дамып жетілетін гүл бөлігі. (Гүлсағақ).
9. Аналықтың жеміс дамитын бөлігі. (Түйін).
10. Тозаң жиналатын орын. (Тозаңқап).
11. Түйіннен пайда болатын өсімдік негізі. (Жеміс).
12. Аналықтың бірінші бөлімі. (Аузы).


ҮІ. Бағалау Еліміз дәулетті, еліміз сәулетті болсын!
4-5 жетон алғандарға «5»
2-3 жетон алғандарға «4»
1 жетон алғандарға «3»

ҮІІ Үйге тапсырма.

«Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы» тақырыбын оқып, біліп келу. Сөзжұмбақтар дайындау.





















«Зигота» сөзжұмбағы

  1. Тозаңдануға қажетті тозаңқапта жиналатын түйіршік.
    2. Аталық гамета.
    3. Жыныс клеткасы.
    4. Тұқымбастама ұшындағы жіңішке өзек.
    5. Екі жыныс клеткасының қосылуы.
    6. Аналық гамета.


«Тұқымбастама» сөзжұмбағы
1. Гүлдің жыныс мүшесінің бірі.
2. Тұқымбастамадан дамитын, жеміс ішінде болатын өсімдік негізі.
3. Гүлдің жыныс мүшесі.
4. Аталығы да, аналығы да бар гүл.
5. Аналықтың екінші бөлімі.
6. Аталық және аналық гүлдері бар өсімдік.
7. Гүлдің мүшелері орналасатын бөлімі.
8. Жіңішке гүл дамып жетілетін гүл бөлігі.
9. Аналықтың жеміс дамитын бөлігі.
10. Тозаң жиналатын орын.
11. Түйіннен пайда болатын өсімдік негізі.
12. Аналықтың бірінші бөлімі.